Абай атындағы Қазақ



Pdf көрінісі
бет374/464
Дата31.12.2021
өлшемі5,18 Mb.
#21079
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   464
Вестник КазНПУ имени Абая, Серия «Педагогические науки», №4 (52), 2016 г. 
250
 
Шығыс  Германияның  жалпы  білім  беру  жүйесі  батыс  германиялық  жүйеге  бейімделді.  Жалпы 
мектептік  білім  беру  жүйесі  дəстүрлі  батыс  германиялық  үш  звенолық  жүйе  қауіпті  болуы  мүмкін 
деп  саналған  оның  кейбір  элементтері  жойылды.  Парламент,  өкімет  кəсіби  білім  беру  Федеральды 
институты  кəсіпорындарға  кəсіптік  оқытуды  енгізу,  яғни  шəкірттікті  енгізуді  қолдап  дауыс  берді. 
ГДР-ғы онжылдық мектеп дəстүрлі батыс германдыққа ауыстырылды. Бұрын ГДР-да болған кəсіптік 
оқытудың толық орта білім алумен ұштасқан формасы (Abitur/ аттестат) енді мүмкін болмады. Бұрын 
Шығыс  Германияда  6%  жуық  жастар  қос  квалификацияны  алды,  ал  олардың  көбі  оқуды  ЖОО 
жалғастырды.  Жастардың  қос  квалификацияны  алуын  экономикалық  тұрғыдан  объективті  бағалау 
келе ресми ведомостволар кəсіби білім алуды рационалды емес деп тапты. 
Дегенмен,  ГДР  кəсіптік білім  жүйесі  батыс германдық жүйеден  мектептік білім  беру  жүйесіндей 
қатты  ерекшеленбегенін  айтқан  жөн.  Кəсіптік  білім  жүйесі  кəсіпорындар  мен  кəсіптік  мектептерде 
ұйымдастырылды. Германия біріккеннен кейін фирмалар жеке меншікке айналды, ал кəсіптік мектептер 
мемлекеттік  болды.  Дуалды  оқыту  қайта  енгізілді,  бірақ  бұл  жолы  «ескі  облыстардың»  стандартталған 
схемасы бойынша. Көптеген мамандықтар бойынша дайындық ұзақтығы батыс германдық стандарт-
тарға сəйкестендірілді жəне екі жылдың орнына 3 немесе 3,5 жыл болды. Маман дайындау ұзақтығы 
негізінен  практикалық  іскерліктерді  қалыптастыру  үшін  қажет  деп  саналды.  Көптеген  шығыс 
еуропалық  фирмалардың  құлдырауына  байланысты  шəкірттердің  саны  135  мыңнан  (1989  ж.)  90 
мыңға дейін (1991 ж.) азайды. 
"Konkurslehrling" – шəкірт-банкрот деген жаңа термин, жəне мамандық алу мүмкіндігінің болмауы 
экономикалық кризис тұсында шəкірттік жүйенің осалдығын көрсетеді. Шығыс Германиядан 20 мыңнан 
астам немістің шəкірттіктен өту үшін шығыс еуропалық фирмаларға орналасты. Ал Шығыс Германияның 
метал өңдеу жəне құрылыс өндірісі шəкірттік жүйесінде жұмыс орындарын компенсациялауда үлкен 
қиындықтарға  кездесті.  Батыс  Германиядағы  сияқты  мамандықтың  жасырын  иерархиясы  белгілі 
болды. Жастар шəкірттікке негізінен беделді мамандықтар: коммерсант, сақтандыру агенті, банк қызметкері 
бойынша өтуге талпынды [6]. 
Біздің жүргізген зерттеуімізде қолөнер мамандығы негізінде кəсіби білім беруде дуалды оқытудың 
қалыптасуын  жəне  оның  өндірістік  кəсіпорындық  амалы  жағдайында  дамуын  зерделеуге,  педагоги-
калық үрдісте оқытушы персоналдың (шəкірттікте қолөнер шебері, ал  кəсіпорында өндіріс шебері) рөлін 
бағалауға  талпыныс  жасалды.  Жоғарыда  айтылғанды  сараптай  келе  келесідей  қорытынды  жасауға 
болады: 
-
 
қосарланған оқу-өндірістік орта ретінде кəсіби білім беруде дуалды оқытудың пайда болуы мен 
дамуы əлеуметтік экономикалық жəне педагогикалық алғы шарттар кешеніне байланысты болды; 
-
 
мамандыққа  дайындаудың  қолөнерлік  түрі  дуалды  оқытудың  өндірістік  дамуының  бастамасы 
болды. Оның еңбекті ұйымдастырудың қолөнерлік формасының пайда болуы неміс халқының тарихи 
рухани дəстүрлерімен тығыз байланысты болды. Оқытудың қолөнерлік формасына тəн нəрсе –шəкірт 
мамандығының  құндылықтары  мен  дəстүрлі  құрылымын  иерархиясын  сақтай  отырып,  өндірістік 
жүйеге тез əрі үйлесімді интеграциялануға ұмтылуы, осы жүйенің бір бөлігіне айналу, өзара қарым-
қатынастар орнату; 
-
 
дуалды  оқытудың  пайда болуы  қолөнер  цехтарында  шебердің  бақылауымен  оқуға  ықпал етті. 
ХІІ  жəне  ХІІІ  ғасырдың  өзінде-ақ  мұндай  оқыту  сол  кезеңнің  əлеуметтік  серіктестерінің  -  кəсіптік-
сословиелік  ұйымдардың  -  бақылауында  болды  жəне  олар  «сайлау  органдары»  немесе  «ақсақалдар 
кеңесі»  құрастырған  ережелер  мен  қаулыларға  сүйеніп  реттеп  отырды.  Соларға  сəйкес  қоғамдық 
өмірде қолөнер мен сауда айрықша құқыққа ие болды. Алайда индустриализацияның өсуі жастарды 
еңбекке  баулумен  өндіріс  те,  ал  кейінірек  халық  шаруашылығының  барлық  салаларымен  айналыса 
бастады. Дей тұрғанмен, дуалды оқыту шын мəнінде ХІХ ғасырдың басы кəсіби білім беруде кəсіптік 
мектептер қосылған сəттен басталды. 
Кəсіптік білім берудің талдау көрсеткеніндей, шəкірттік – тек немістерге ғана тəн құбылыс емес. 
Ол  индустриаландыруға дейінгі кезеңде көптеген Еуропа,  Араб,  Азия жəне  Батыс  Еуропа елдерінде 
кеңінен таралды. Германияға тəн нəрсе – шəкірттіктің қолөнер секторынан заманауи өнеркəсіп, сауда 
жəне  экономиканың  басқа  салаларына  ауысуы.  Жəне  мұнда  шəкірттікті  ортағасырдан  келе  жатқан 
шəкірттік  үлгісінің  жай  ғана  жалғасы  деп  емес,  қайта,  кəсіптік  білім  беру  саласындағы  мақсатты 
саясат деп қарастырған. Германияда оны жұмыс берушілер мен олардың мекемелері қызыға бақылап, 
едəуір дəрежеде ықпал етіп отырады. 
Германияда  кəсіби  білім  беруде  дуалды  оқытудың  пайда  болуының  екінші  көзі  –  саяси.  ХІХ 
ғасырдың соңында Герман үкіметі жұмысшы жастардың саяси тəрбиесінің күйіне мазасыздық танытып, 


Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №4(52), 2016 ж. 
251
 
социализм идеясынан сақтауға тырысты. Осы мəселеге байланысты Германияда үкіметтің инициати-
васымен басталған ауқымды талқылауда Бавариялық кəсіптік мектеп шебері Георг Кершенштайнерге 
сыйлық  берілді.  Ол  бұл  проблеманың  өзіндік  шешу  амалын:  кəсіптік  оқыту  жұмысшы  жастарды  саяси 
тəрбиелеу амалы ретінде қолдануды ұсынды. 
Осы  зерттеу  барысында  кəсіби  білім  беруде  дуалды  оқытудың  қалыптасуы  Еуропаның  əсіресе 
Германияның саяси, экономикалық, діни жəне технологиялық тарихына терең орын алғандығы анық 
көрсетеді.  
 
1
 
Федотова Г.А. Развитие дуальной формы профессионального обарзование (опыт ФРГ и России): дисс. 
... д-ра пед. наук. – М: 2002. - 46 с. 
2
 
ШелтенА.Введение  в  профессиональную  педагогику.  Учебное  пособие.  Под  ред.Г.М.  Романцева.  - 
Екатеринбург: УГППУ. – С. 1996 - 223. 
3
 
Bundesministerium für Bildung und Wissenschaft (Hrsg.): Grund- und Strukturdaten 1993/94. Bonn 1993, S. 111. 
4
 
Корнеева  Л.И.  Педагогические  особенности  деятельности  и  подготовки  обучающего  персонала  в 
дуальной системе профессионального образования ФРГ: Автореф. дисс. ...канд. педнаук. - Екатеринбург: 1994. - 19 с. 
5
 
Александрова Т.Л., Зборовская Г.В. Лемперт В. Профессиональное образование и социальная ответст-
венность на рабочих местах в России и в Германии. - Екатеринбург, 1996. – 248 с. 
6
 
Приступа О.В. Педагогические основы подготовки к трудовой занятости выпускников школ Германии: 
дисс. ... канд. пед. наук. - Томск, 2002. – 88 c. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   464




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет