Абай атындағы ҚазҰпу-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж


Keywords: History of origin of the program for printing of notes, technology of this program, features and changes on  modern technologies



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата03.03.2017
өлшемі4,9 Mb.
#7058
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27

Keywords: History of origin of the program for printing of notes, technology of this program, features and changes on 
modern technologies 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
УДК 339.5:069 
 
ЭКСПО-2017 КӨРМЕСІНЕ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ САРАПТАМА 
 
А.С. Мырзабек – Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚҰӨА 
6М041400-Графикалық дизайн мамандығының 2 курс магистранты, 
Ғылыми жетекші: Н.Е. Исабек – Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚҰӨА-ның профессоры, п.ғ.д. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
120 
Мақалада көрменің қазіргі заман адамының эстетикалық және танымдық тәжірибесінің қайнар көзі, көркем және 
мәдени  қабылдаудың  құралы,  қоғамды  бірдейлестіруге  септігін  тигізетін  әлеуметтік  қатынастың  ажырамас  бөлігі 
болып  табылатыны,  көрме  кеңістігін  көркем-эстетикалық  ұйымдастырудың  ерекше  аспектілері  көрме  қызметінің 
өзіне шығармашылық шабыт беруге деген талпыныспен тығыз байланысты екені көрсетіледі. «Жасыл» экономика-
ны  дамытудың  жеті  негізгі  бағыттары  айқындалған.  Жеті  тұжырымдаманы  тұтасымен  қарастырып,  ЭКСПО-ның 
Қазақстан үшін қаншалықты маңызды екенін көруге болатыны, әрбір азамат ел абыройы сынға түсер шақта үлкен 
жауапкершілікпен  азаматтық  борышын  сезінуі  тиіс  екендігі  айтылады.  Осы  тұжырымдарды  сараптай  отырып, 
жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін көрме дайындығын жүргізуде, барлық жұмыстары үйлесімді тиімді қамтамасыз 
етіліп, жоспар пысықталу керектігі, жетістікке қол жеткізу үшін ЭКСПО көрмесін өткізіп табысқа кенелген елдердің 
озық тәжірибелерін енгізу керектігі баяндалған. 
Түйін  сөздер:  ЭКСПО-2017,  «Болашақтың  энергиясы»,  «Жасыл  экономика»,  энергия  көздері,  су,  жел,  ауа, 
ЭКСПО көрмесі тарихы, концепция 
 
Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Бүкіләлемдік мамандандырылған көрме қалашығы әлем ғажайыптары-
ның санатына қосылатын ЭКСПО мұрасы – көрме символы нысаны бүкіл әлем үшін қайталанбас сәулет 
өнерінің бірі болып қалмақ. 
Қазақстан  жалпыға  танымал  ірі  аймақтық  форумдардың  орталығына  айналып  келеді.  Осы  арқылы 
өзінің  халықаралық  беделін  нығайтуда.  Бүгінгі  таңда  қазақ  елінің  алдында  үлкен  тарихи  маңызы  бар 
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұр. Көрменің қазақ даласында өткізу арқылы әлем жұртшылығының 
назары қазақ даласына ауады. Сондықтан да қазақ елі үшін өзін әлемге паш етіп, абыройын асқақтатын 
сын сағаты туып тұр. 
«Енді біздің алдымызда ЭКСПО-2017 көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті негізделді. Бұл еліміз 
үшін сынақ қана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді. Астанада ЭКСПО-2017 
көрмесін  өткізу  республикамыздың  инновациялық  дамуына  серпін  береді»,  -  деп  Елбасы  айтқанындай, 
көрменің қазақ еліне келтірер пайдасы мол болмақ. 
ЭКСПО-2017 көрмесінің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» бүгінде бұл бүкіл адамзатты толған-
дырып отырған көкейкесті мәселе екендігі даусыз. Көрмені өткізу аясында адамзат болашағының негізін 
айқындайтын энергетикалық қуат көздерінің мәселесі шешілмек. Және де еліміздің экономикалық және 
инфрақұрылымдық дамуына жаңа серпін береді.  
Халықаралық көрмелер адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселелерді шешуді басты ұран 
етіп  алды.  1851-1900  жылдар  аралығындағы  көрмелер  ХІХ  ғасырда  экономика  мен  сауданың  бұрын-
соңды болмаған өсу толқынында туындаған өндірістік жаңалықтарды жария етті. Ал 1900-1939 жылдары 
«Дағдарыстан – болашақты көруге дейін», 1958-1970 жылдары «Бейбіт уақыт және жаңғыру», 1974-1998 
жылдары «Жаңа технологиялар дәуірі», 2000-2010 жылдар «Ертеңгі күн бүгіннен де жақсы болуы керек» 
деген ұранымен өткен.  
ЭКСПО бүкіләлемдік бірегей көрмесі – маңызы жағынан дүниежүзілік экономикалық форумдармен, 
ал туристік тартымдылығы бойынша ең танымал әлемдік деңгейдегі спорттық жарыстармен салыстыруға 
тұрарлық жаhандық ауқымды оқиға. 1851 жылы Лондонда өткен бірінші Бүкіләлемдік өнеркәсіп көрмесі-
нен бастау алған EXPO халықаралық көрмесі әр жыл сайын зор танымалдыққа ие болып, барлық қатысу-
шыларға әлемнің экономикалық, технологиялық және мәдени жетістіктерімен танысуға тамаша мүмкін-
діктер беріп келеді. Көрме сондай-ақ инновациялық идеялар алмасу және болашаққа қатысты ұжымдық 
көзқарас мүмкіндіктерін сенімді көрсету үшін ерекше алаң болып табылады. ЕХРО көрмесін миллионда-
ған туристер тамашалайды, сондықтан әрбір ел өз мәдениетіндегі ұлттық өзіндік ерекшеліктерін таныта-
тын  және  өздерінің  экономикалық  және  технологиялық  дамуының  деңгейін  бүкіл  әлемге  көрсететін 
бірегей павильон құруға ұмтылады. 
Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ 
оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік 
қоғамдастықтың  және  оны  тамашалаушы  миллиондаған  адамның  назарын  өзіне  аударатын  ірі  оқиға 
болып  саналады.  Сонымен  қатар,  «ЭКСПО»  көрмесі  экономикалық,  әлеуметтік,  мәдени  дамудың  жаңа 
үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.  
Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы 
еліне айналу жолында  талай белестерді бағындырды, тамыры  тереңде жатқан төл  тарихымыздың жаңа 
беттері  ашылды.  Осы  қысқа  ғана  уақыт  ішінде  экономикалық  және  әлеуметтік  маңызы  зор  жобаларды 
қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға 
түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік 
ислам  экономикалық  форумы  жас  мемлекетіміздің  мерейін  үстем  етіп,  абыройын  асқақтатты.  Ең 
бастысы,  даму  бағытын  айқындап  берді.  Осындай  көшелі  істердің  жалғасы  ретінде  Қазақстан  166 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
121 
жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді. 
EXPO-2017  халықаралық  көрмесін  өткізуге  ниетті  Қазақстан  әлемдік  қауымдастыққа  «Болашақ 
энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қа-
тысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның 
үстіне,  әлем  алдында  өзіңнің  даму  деңгейіңді  іс  жүзінде  дәлелдей  отырып,  шараны  жоғары  жауапкер-
шілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдар-
ды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл 
оңай шаруа емес. Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде 
табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әри-
не. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсіне-ді. Сон-
дықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау бар-
лық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – 
жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету 
мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы 
өзінің  соңғы  жаңалықтарын  ұсынатын  бұл  халықаралық  көрмені  өткізу  идеясы  неден  туындап  отыр? 
Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал 
әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан 
«Жасыл  экономикаға»  бет  бұрды.  Егер  EXPO-ны  өткізудің  сәті  түссе,  осы  бір  қордаланған  мәселелер 
шешімін  табады  деп  сенеміз.  Миллиондарды  толғандыратын  болашақ  энергиясы  тақырыбын  талқылау 
адамзат  тарихындағы  кең  ауқымды  пікірталастардың  бірі  болып  қалмақ.  Оны  әлемдік  қауымдастық  та 
жете  түсініп  отыр.  Астананың  игі  бастамасына  көрші,  бауырлас  елдерді  айтпағанда,  дамыған  еуропа 
мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде.  
2011 жылдың жазында Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлерінің 38-ші сессиясын-
да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттер EXPO-2017 дүниежүзілік көрмесін өткізуде 
Қазақстанның  кандидатурасын  қолдайтынына  сенім  білдірді.  Президент  бүгінде  энергетикаға  ауқымды 
инвестиция салу бүкіл әлем үшін өте маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті. Тарихқа көз жүгірт-
сек, EXPO дәстүрлі көрмесі бұған дейін Азияның солтүстік шығысында, Еуропа мен Солтүстік Америка-
да өткізіліп келген екен. Ал енді Шығыс пен Батыстың арасындағы алтын көпір болып табылатын жаңа 
өңірде,  Еуропа,  Таяу  Шығыс  елдерімен,  бұрынғы  Кеңес  республикаларымен,  сондай-ақ  Орталық  Азия 
елдерімен өте жақсы қарым-қатынас орнатқан жас мемлекетте өткізу Астанаға тағы бір ұпай алып келеті-
ні белгілі.  
Қазақстан  елордасы  осы  саладағы  үздік  әлемдік  үрдістер  мен  әзірлемелерді  көрсетіп,  оны  талқылау 
үшін тиімді алаңға айналары сөзсіз. Қазірдің өзінде «Болашақ энергиясы» тақырыбында жұмыстар баста-
лып кетті. Қазақстан жаңа энергия көздерін енгізу бойынша халықаралық пікірталастарға белсенді түрде 
қатысып келеді. Айталық, 2012 жылдың маусымында Астанада өткен «Болашақ энергиясы» халықаралық 
симпозиумы ғаламшардың назарын қайта жаңартылатын энергия көздерін күшейту мәселелеріне аудар-
ды. Мұның өзі Қазақстан үшін EXPO-2017 көрмесін өткізуде маңызды шаралардың бірі болғаны анық.  
2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мүше 161 елдің өкілдерінің жасырын дауыс беру барысында Астана 
жеңіске  жетіп,  EXPO-2017  халықаралық  мамандандырылған  көрмесі  өтетін  орын  ретінде  таңдалды. 
Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өтетін алғашқы көрме болмақ. Астанада-
ғы бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасатын болады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықара-
лық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр. 
ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау техноло-
гиясын,  бүгінде  бар  баламалы  энергия  көздерін  пайдалануда  жаңа  әзірлемелер  мен  технологияны 
пайдалануға мүмкіндік береді. 
Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономи-
каны жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның 
ішінде  көрмелер  объектілері  құрылысы  мен  инфрақұрылымына  шағын  және  орта  бизнес  атсалысатын 
болады.  ЕХРО  көрмесін  өткізу  кезінде  Қазақстанның  астанасы  әлемнің  түкпір-түкпірінен  келген  түрлі 
мәдениеттердің  үндесетін  орнына  айналмақ.  Көрменің  аумағында  күн  сайын  концерттер,  шоу,  ұлттық 
күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады. 
ЭКСПО-ның  тарихына  сараптама  жасайтын  болсақ,  дүниежүзілік  көрмелер  адамзат  өміріне  елеулі 
өзгерістер мен жаңалықтар енгізді. Көрме басталған 1851 жылдан бастап эстафетаны Париж бен Лондон 
шаһарлары  алғашында  кезектесе  ұстады.  1855  жылғы  ЭКСПО-ны  өткізуге  Англия,  Франция,  Түркия 
және  Сардин  корольдігі  үміткер  болады.  Осылардың  ішінде  Францияның  бағы  жанып,  көрме  өткізу 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
122 
мүмкіндігін иеленеді. Париждегі бұл шарада француздар 1851 жылғы Лондондағы көрмеден қайткенде де 
басым түсуді  мақсат тұтты. Елисей алаңында үлкен павильондар салынып,  оны Индустрия сарайы деп 
атайды.  Бұл  жоғарыда  аталған  Лондон  көрмесіндегі  бой  көтерген  Хрусталь  сарайына  жауап  ретінде 
салынған  деседі.  ЭКСПО  тарихында  Францияның  алатын  орны  ерекше.  Өйткені,  Париж  қаласында 
бірнеше рет дүниежүзілік көрмелер өз шымылдығын түрді. 
1855  жылғы  көрме  тарихта  несімен  ерекшеленеді?  Адамзат  өміріне  өзгеріс  енгізетіндей  қандай 
жаңалық  болды?  Бұл  көрмеге  жаңа  техникалар  қойылып,  өз  бағасын  алды.  Мәселен,  Зингердің  тігін 
машинасы  үздік  деп  танылып,  алтын  медаль  еншіледі.  Сондай-ақ,  француз  химигі  Анри  Сент-Клер 
Девиль  жұртшылықтың  қызығушылығын  тудырған  экспонаттарын  ұсынды.  Оны  ол  «күмістелген 
балшық»  деп  атады.  Математик  Чарлз  Бэббидж  идеясына  негізделген  швед  өнертапқышы  Шойцтың 
есептегіш мәшинесі алтын медаль иегері болды. 
1855 жылғы Париж көрмесінің тағы бір жаңалығы халықаралық заманауи өнердің көрмесін өткізуі дер 
едік.  А.Монтенье  қайта  өрлеу  дәуіріндегі  стильмен  Көркемөнер  сарайын  құрды.  Бұл  1870  жылға  дейін 
тұрды.  Көрменің  осы  бөлімінің  дайындығында  Проспьер  Мериме,  Эжен  Делакруа  және  Жан  Огюст 
Доминик Энгр жұмыстары қатысты. Көркемөнер сарайында барлығы 2176 суретшінің жалпы саны 4979 
шығармасы таныстырылды. Шараның көркемдік бөлігі осылайша сурет пен мүсін өнерінің таңғажайып 
топтамасы жиылған жұртқа ерекше әсер қалдырды. 
Халықаралық көрме өз жерлерінде өтіп жатқанда француздар оның маңыздылығын арттыра түсу үшін 
қолдарынан  келген  бар  мүмкіндіктерін  жасады.  Осы  көрме  арқылы  француз  шарабының  даңқы  артып, 
ұлттық бренді қалыптасты. Сонымен қатар, бұл көрмені еңбек өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы, әсем 
өнердің жаһандық көрсетілімі деп айтуға да болады
6
.  
ЭКСПО-ның тарихында адамзат үшін жаңалықтарға толы болды. 1876 жылы АҚШ-тың Филадельфия 
қаласында өткен көрмеде Александр Белл ең алғашқы телефонды, 1893 жылы Чикагода көрмеге келуші-
лер алғашқы газдалған сусынның дәмін татса, 1900 жылы Париж көрмесінде халық тұңғыш рет дыбысты 
киноны  тамашаласа,  1936  жылы  Нью-Йорктегі  ЭКСПО  кезінде  халық  түрлі-түсті  фото  мен  нейлонды 
алғаш  рет  жұртшылық  назарына  ұсынылды.  Сондай-ақ,  Париждегі  әйгілі  Эйфель  мұнарасы,  Венадағы 
(Австрия) әлемдегі ең үлкен мұнара Ротонда павильоны, Ёсудегі (Оңтүстік Корея) «Аспан мұнарасы» мен 
«Ёсу EXPO» теміржол вокзалы – ғаламдық көрмеден қалған мұралар
7

Ал, бұл көрме Қазақстанға не береді? Бұл көрменің Қазақстанға әкелетін пайдасы, беретін мүмкіндік-
тері көп. Яғни, Елбасының 2050 стратегиясын жүзеге асырудың оңтайлы жолы. ЭКСПО-2017 көрмесін 
өткізу қазақ еліне төменде тұжырымдағанымыздай оң әсерін тигізеді.  
Біріншіден, Қазақстан әлемге тағы да жаңа қырынан танылады. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға 
дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі, 10 халықаралық ұйым және 5 миллион адам қатысады 
деп  күтіліп  отыр.  Астана  қонақтарына  қазақ  елі  өзінің  мәдениетін,  ұлттық  құндылықтарын,  ұлттық 
болмысын,  жасампаз  халық  екенін  әлем  жұртшылығының  алдында  паш  етуге  үлкен  мүмкіндіктің  бірі. 
Елорданың мәдени дамуына да маңызы зор. ЭКСПО-2017 өткізу кезінде Астанада әлемнің түпкір-түпкірі-
нен әртүрлі мәдениеттер үні шырқалады. Көрме аумағында күн сайын концерттер және басқа да ойын-
сауық  шаралары  өткізіледі
8
.  Көрме  әлемге  қазақстандықтарды  мәдениетімен,  ежелгі  тарихымен,  өнері-
мен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның 
туристік тартымдылығын және танымалдығын арттырады. 
Екіншіден,  ЭКСПО-2017  көрмесі  Қазақстанның  қысқа  мерзім  ішінде  қандай  үлкен  жетістіктерге 
жеткенін күллі әлем көріп тамсанатын болады.  
Үшіншіден, әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуға  итермелеуші күш,  нақты 
механизм.  
Төртіншіден, кең байтақ даламызға инвесторлар тартылып «Жасыл экономикаға» көшу бағытындағы 
қарышты  қадамдарының  бірі  және  дәстүрлі  емес  энергия  көздерін  алуға  мүмкіндік  туады.  «Жасыл» 
экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары айқындалды:  
Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу. Мұнда пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау 
туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. 
Мұнай, газ - бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ, тіпті, 
олардың  өзі  уақыты  келгенде  сарқылады,  демек  өмір  үшін  жаңа  ресурстар  табу  қажет.  Бұл  ретте 
                                                           
6
 Egemen.kz 
7
 
zhasorken.kz
 
8
 
Ақжол №11 (17699) 2013 ж 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
123 
Қазақстанның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы 
өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.  
Екінші бағыт - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі. Бұл қалалық тұрғын 
үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің 
көпшілігі  тиімсіз  жылу  изоляциялық  құрылымдармен  және  жылумен  қамтамасыз  ету  жүйелерімен 
жабдықталған,  ол  маңызды  жылу  шығындарына  алып  келеді.  Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  жылумен 
қамтамасыз  ету  аспаптарының  жұмысының  істен  шығуы  саласындағы  іс-шараларды  жүзеге  асыратын 
энергия сервистік компаниялары әрекет етеді. 
Үшінші бағыт - ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығы. Бірінші кезекте бағыттың 
аталмыш  түрі  әр  түрлі  азық  қоспаларынан,  синтетикалық  тыңайту  өнімдерінен  (пестицидтерден)  бас 
тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық 
тыңайтқыштарды  пайдалану  туралы  сөз  болып  отыр.  Ауыл  шаруашылығын  «көгалдандыру»  табиғи 
қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай 
бағыттар  бойынша  әрекет  етуді  жоспарлайды:  жердің  құнарлылығын  басқару,  суды  тиімді  пайдалану, 
өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару, фермаларды механикаландыру.  
Төртінші  бағыт  -  қалдықтарды  басқару  жүйесін  жетілдіру.  Қалдықтарды  басқару  мәселесі  ерекше 
танымалдылыққа  ие  болды.  Лас  көшелер,  үйінділер  және  қандай  да  бір  болып  жатқанға  бақылаудың 
жоқтығын  жиі  кездестіресіз.  Қалыптасқан  жағдайларға  байланысты  қалдықтарды  өндірістік  өнімнің 
қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған.  
Бесінші бағыт - су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру. Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйе-
лердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты 
су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді. 
Алтыншы  бағыт  -  «таза»  көлікті  дамыту.  Қазақстандағы  тасымалдардың  көпшілігі  дизелде  немесе 
бензинде  жүргізіледі.  Қазіргі  уақытта  тасымалдардың  басым  бөлігі  бензин  (дизель)  негізінде  жүзеге 
асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.  
Жетінші бағыт - экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің 
елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған. Жалпы алғанда, «Жасыл» экономика - Қазақстан 
қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес және болашақ ұрпақтың мүддесі үшін табиғи шикізат 
қорларын  тиімді  және  рационалды  қолдану  арқылы  тұрғындардың  әл-ауқатының  артуына  жеткізетін 
табысты экономика. Электр және жылу энергиясының генерациясы, газ өндіру, су ресурстарын пайдала-
ну, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өнеркәсіп қалдықтарын басқару мен тұтыну, көлік және жол 
инфрақұрылымы  «жасыл»  экономиканың  негізгі  секторлары  болып  саналады.  Қазақстан  күн  және  жел 
энергетикасын дамытуға қолайлы елдердің бірі болып табылады. Жел энергетикасының тиімді еуропалық 
одақ елдерімен салыстырғанда екі есе тиімді. Күн энергетикасы жөнінен әлемнің ең үздік аймақтарымен 
теңдесе алады. «Жасыл» экономикаға көшу тиімділігінің бірнеше факторы бар. Халықаралық сараптама 
бойынша,  жасыл  жобаларға  салынған  инвестицияның  үштен  екісі  өзін-өзі,  ақтаса,  үштен  бірі  бес  жыл 
көлемінде шығынсыз деңгейге қол жеткізеді. Энергия тиімділігінің артуына қарай инвестицияның тиімді-
лігі 50 пайызды құрайды, оның өзін-өзі ақтау мерзімі екі жылға созылады. «Жасыл» экономикаға салын-
ған  инвестиция  активтердің  жылдам  өсіп  келе  жатқан  санатына  кіреді.  Мысалы,  жаңғыртпалы  энергия 
көздеріне салынған халықаралық инвестициялар көлемі жағынан қазба байлықтары инвестицияларының 
көлеміне жақындайды
9

Бесіншіден, елдің экономикалық әл-қуатының, даму деңгейінің үлкен жарнамасы. 
Алтыншыдан,  болашақта  энергия  тапшылығы  жойылады.  Сонымен  қатар,  Елорданың  және  оның 
маңындағы аймақтардың шағын және орта бизнесінің дамуы ерекше серпін алады. Ең алдымен, халыққа 
қызмет көрсету, қонақ үй бизнесі және ішкі туризм салаларының ұтары мол. Бұл шара елорданың көрме 
нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет 
көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер 
ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкін-
дік береді [3]. Шағын және орта бизнеске бұл жоба үлкен экономикалық пайда әкеледi. Жетіншіден, өзге 
елдермен достық қатынастарымыз нығайып, әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне және бұрынғыдан 
да өршіл мақсаттарын жүзеге асыруға жаңа серпін алады.«ЕХРО-2017 көрмелерінде барлық мемлекеттер 
өздерінің таңдаулы технологиялық, ғылыми және мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық даму-
дың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай шараларға барлық құрлықтардан ондаған елдерден бес 
                                                           
9
 e-history.kz 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Көркемөнерден білім беру» сериясы, №1(46) 2016 ж. 
124 
миллиондай адам келеді деп күтілуде. Астананың бәсекелестік күресте жеңіске жетуі кездейсоқ емес
10

Біріншіден,  бұл  біздің  Астанамызды  әлемдік  деңгейдегі  оқиғаны  қабылдауға  лайықты  орталық  деп 
танығандық.  
Екіншіден,  Астананы  таңдау  біздің  мемлекетімізге  берілген  жоғары  баға  және  оның  дамуы  -  бүкіл 
еуразиялық аймақтың дамуы перпсективаларын атап көрсетеді.  
Үшіншіден,  жеңіске  біз  ұсынған  -  «Болашақтың  энергиясы»  тақырыбының  өзектілігі  көмектесті. 
Ақырында, бастысы - Астананы таңдау бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды», - 
деді Елбасы
11
.  
Жеті  тұжырымдаманы  тұтасымен  алып  қарайтын  болсақ,  ЭКСПО-ның  Қазақстан  үшін  қаншалықты 
маңызды  екенін  көруге  болады
12
.  Сондықтан  да,  әрбір  азамат  ел  абыройы  сынға  түсер  шақта  үлкен 
жауапкершілікпен азаматтық борышын сезінуі тиіс. 
Жоғарыда жасаған тұжырымдарды сараптай отырып, мынадай қорытындыға келдік. Жоғары нәтижеге 
қол жеткізу үшін көрме дайындығын жүргізуде, барлық жұмыстары үйлесімді тиімді қамтамасыз етіліп, 
жоспар  пысықталу  керек.  Жетістікке  қол  жеткізу  үшін  ЭКСПО  көрмесін  өткізіп  табысқа  кенелген 
елдердің озық тәжірибелерін енгізу керек. Шанхайда ұйымдастырылған ЭКСПО көрмесі. Онда көрменің 
есігі әрқашан келушілерге айқара ашық және елге миллиондаған туристерді тартып, қаланың халықара-
лық  дәрежесін  көтерді.  Қазақстандық  астана  қабылдаған  формат  уақытша,  сондықтан  қысқа  жаздық 
маусымда келетін 5 миллион адамды жоғары жауапкершілікпен қарсы алуға күш салыну қажет
13

Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, дүние жүзінде өткен кейбір «ЭКСПО» көрмесі сәтті аяқталмаған. 
Мәселен, Ганноверде 2000 жылы өткізілген көрме туристердің көңілін қанағаттандырмаған және олар ай-
тарлықтай  шығынға  ұшыраған.  Ұйымдастырушылар  мұнда  билет  құнын  түсіруге  мәжбүр  болған  және 
көптеген салынған павильондар ақырында қиратылған.  
Ал, Лиссабонда 1998 жылы өткізілген көрме зор табыс алып келді, оны 11 миллион көрермен тамаша-
лады, барлық инфрақұрылым - павильондар, көрмелік алаңдар әлі күнге пайда әкелуде. Келушісі көп тағы 
бір  кәрістің  Ёсу  қаласындағы  2012  жылғы  көрме  арқылы  үмітті  ақтап,  жаңартылған  инфрақұрылым 
алынды  және  бұл  елдің  басқа  аймақтарына  көлік  жолдары  ашылды,  қысқасы,  оларды  бүкіләлемдік  іс-
шара зор олжаға кенелтті [8]. 
Астананың көлік орналасу мүмкіндіктерін ескере отырып, келуші туристерге жоғары деңгейде қызмет 
көрсетіледі.  Сонымен  қатар,  көлік,  әуе,  темір  жолдары  5  миллион  адамды  еркін  қабылдайтын  болады. 
Теміржол  арқылы  саяхаттаушы  қонақтарды  мол  қабылдау  үшін  астананың  сол  жағалауынан  теміржол 
терминалы құрылысы басталып кетті. 
Аталмыш  іс-шараның  глобалды  ақпараттық  саясатын  жүргізу  жоспары  хақында  да  тиянақты, 
ыждағатты сараптаған жөн, себебі, қателік келушілердің санын азайту қаупін туғызады. Бұл үшін Астана-
ның  ребрендингі  талап  етілуі  ықтимал.  Сондай-ақ  әлемдік  дәрежеде  «ЭКСПО-2017»-нің  маркетингтік 
қозғалысына бар күшті салған дұрыс. Көрменің концепциясы - қоршаған ортаны қорғау, «жасыл көпір» 
идеясын  қолдану.  Әзірге  маркетинг  жұмыстарының  көп  бөлігі  көрменің  ролигіне  және  веб-сайтына 
бекітілген. Бірақ, толық мақсатқа жету үшін, «ЭКСПО-2017» маңызды болатынын түсінікті ету үшін әлем 
бойынша және өз елімізде адамдармен салиқалы сөйлесудің, тұщымды насихат жүргізудің пайдасы зор.  
Өркениет  өріне  ұмтылған  адамзаттың  ақыл-ойы  әлемге  барлық  ұлттар  жетістігін  паш  ететін  ұлы 
көрмені берді. Бүкіләлемдік жетістіктер көрмесі өзінің 160 жылдан астам тарихында өркениет шежіресіне 
алтын  әріптермен  жазылған  сәулет  өнерінің  жауһарларын  қалдырды.  Астанада  өтетін  ЭКСПО-2017 
Бүкіләлемдік мамандандырылған көрме қалашығы әлем ғажайыптарының санатына қосылатын ЭКСПО 
мұрасы – көрме символы нысаны бүкіл әлем үшін қайталанбас сәулет өнерінің бірі болып қалмақ. 
 
1 egemen.kz 
2 zhasorken.kz 
3 Ақжол №11 (17699) 2013 ж. 
4 e-history.kz 
5 economics.kazgazeta.kz. 
6 Егемен Қазақстан №73 (28012)2013 ж. 
7 www.qazaquni.kz  
                                                           
10
 economics.kazgazeta.kz. 
11
 Егемен Қазақстан №73 (28012)2013ж 
12
 www.qazaquni.kz 
13
 www.kn.kz 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия «Художественное образование», №1(46), 2016 г. 
125 
8 www.kn.kz 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет