Мақсаты:диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.
Қолдану көрсетілімдері:жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі т.б
Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.
Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.
1. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз,
2. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.
3. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші
4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
5. Алдын ала тесетін жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.
6. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.
7. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.
8. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.
9. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.
10. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.
11. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.
12. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.
13. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.
14. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.
15. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.
16. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
17. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.
18. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.
19. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.
20. Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.
Қол жуу- 10
Таңу-6
Текущий уборка-13
23.05
Бүгін өндірістік тәжірибенің 9 күні сағ 8.00 аға мейірбикеге белгіленіп Ем шара бөлмесіне ауысып бардым медбикемен танысып жұмыс барысын үйретті. Қолымды гигиеналық деңгейде өңдеп қолғап кидім. Ем шара бөлмесіне ылғалды тазартып сүрттік ДИХЛОРИН 0,0075% 60 мин 0.5т 10л суға ерітіндімен жүргіздік. Медициналық класстар қалдығымен таныстырды. Және қан алдық..
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»
бұйрық ҚР № ДСМ 96/2020 11.08.2020
А тобына- қауіпсіз қалдықтар ( қабықтар, қағаздар,дәрінің қаптары)қара түсті пакетте салынады.
Б тобына- қауіпті кесетін, үшкір заттар ( шприц, инелер, система т.б ) сары түсті пакетке салынады.
В тобына- аса қауіпті қызыл түсті пакетте
Биологиялық материалдар- науқастан шыққан түрлі бөлінділер (қан, зәр, дәрет,қақырық т.б)
Г тобына-адам өміріне аса қауіп төндіретін химиялық заттар, жарамдылық мерзімі өтіп бара жатқан дәрілер,наркотикалық психотропты дәрі қалдықтары.
Науқас- Байгереев А.Ж дан қан тобын анықтады. В(3) Rh(+) болып шықты.
Қан тобын цоликлондар Анти А және Анти В көмегімен анықтау
Құрғақ пробиркаға венадан қан алып, тыныштыққа қояды сарысу бөліну үшін 20-30 минутқа.
Ақ пластинкаға (планшетке) солдан оңға қарай : анти - А, анти - В, және анти - Д цоликлондарын тамызамыз. Жоғарғы жағына қан тобын анықтайтын адамның фамилиясы мен инициалдарын жазады.
> Анти - А, Анти - В, Анти- Д цоликлондарын үлкен
тамшымен (0,01 мл) тамызады. > Антитела тамшылары жанына зерттейтін қаннан кіші
тамшыдан (0,01- 0,03) құямыз да араластырамыз.
Пластинканы 3 минут шайқап тұрып бақылаймыз, цоликлондар мен эритроциттер агглютинациясы бастапқы 3 - 5 секундта байқалады.
> Анти - А цоликлоны және анти - В цоликлондарымен агглютинация жоқ болса, онда қан 0 (I) топқа жатады.
Егер тек анти - А цоликлонымен агглютинация (+)
байқалса, онда қан А (2) топқа жатады
Егер тек анти - В цоликлонымен агглютинация (+)
байқалса, онда қан В (3) топқа жатады
> Егер анти - А цоликлоны және анти - В цоликлондарымен агглютинация бар болса (+), онда қан АВ (4) топқа жатады.
Қол жуу- 8
Иньекция бұлшық етке-2
Қан алу-1
Текущий уборка-14
24.05
Бүгін тәжірибеміздің 10 күні 8.00 бөлімшеге келіп белгілендік әдеттегідей ем шара бөлмесіне колпак маска киіп бардым қолымды гигиеналық деңгейде өңдедім ылғалды сүрту жүргіздік. Системаларды дайындап палаталарға апардық. Бүгін бұлшық етке иньекция жүргіздім. Ферсинол ды(анемияға қарсы) бұлшық етке салдық, көбіне витаминдер В12 В6 салдық.Мен салған науқастар Толеубекова Г.М, Омарбеков А,Камытбаев К.Г.