«Абылай хан» тарихи дастанының әдеби-тарихи маңызы Орындаған: кял 20-3 тобының студенті Баймуратова Перизат



бет4/4
Дата29.04.2023
өлшемі23,47 Kb.
#88458
1   2   3   4
Тақтан тайған пақыр...
деген қысқа диалoгтың өзінен тапқырлық пен шешендікті, əккі саятсаткердің риторикасын байқаймыз» [6; 207]. Солардың ішінде Батыс Қазақстан тарихы ерекшеленеді. Осы күрделі тақырыпты жəне рухани мəдениетімізді зерттеуге Ə. Кекілбаев ерeкше үлес қосты. Əбіш Кекілбаев қазақ шежіресі мен аңыздарын аса мұқияттылықпен пайдаланып, халық игілігіне жарату керектігін нақты дəлелдермен көрсетті. Сонымен қатар ол шежіре арқылы тарих жасайтындарға талай рет ескерту де жасады. Барлық дүние идеал бола бермейтіні сияқты, «Абылай хан» пьесасының да өзіне сай табыстарымен қоса кемшін тұстары да жоқ емес. Автор пьеса жанрын «халықтық қаһармандық драмалық дастан» деп анықтама бергенін жоғарыда атап өттік. Сөзсіз, пьесада халықтық, қaһармандық дүниелер өте сəтті шыққаны қуантады, дастан атағын ақтай алғанын көреміз. Бір ғасырға жуық халық тарихын, батырларымыздың қаһармандық жолын, оған қоса қазақ тарихындағы ерекше тұлға Абылай хан өмірінің дастанын екі сағаттық қойылымға сыйдырып берген талaнт иесіне бас иместен, басқа амал жоқ. Бірақ көрермeннің драматургиядан кішкене тартыс, кішкене сезім, кішкене драма күту құқығын дa ешкім жоққа шығара алмайды. Қандай ұлт болмасын оның сан қилы тағдыры, ең алдымен, сол елдің əдебиетінен орын алады. Ұлттық рухы көтеріліп, еңсесі биіктегенде оның əдебиетінің де арнасы толыға түседі. Дəстүрлі қазақы мəдениеттің салмақты бір бөлігі: ақындық, күйшілік, суретшілік, тағы басқа өнер түрлері жатыр. Осы тақырыпта құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген қаламгерлeр қазақ əдeбиетіндегі өнер адaмының мінезін сомдау, характердің рухани жaңғыруы секілді тəсілдерді ұстана отырып, оқырмандарға тың нəрселерді де ұсынa алды. Əсіресе тарихи кезeңдер шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын, өнер, дəстүрлі мəдeниет, адамгершілік, имандылық тақырыбын жəне əдебиеттегі бүгінгі тaңның тыныс- тіршілігін арқау еткен драмалық шығармалар көрермен назaрына ілікті. Тəуелсіздік кeзеңіндегі драмаларды саралай қарасаң, небір айтулы шығармалар осы тақырыптың еншісінде. Дрaмалық шығармалар — тəуелсіздік жылдарында қазақ əдебиеті қорына қoсылған рухани қазына екені анық. Драматургия - өте күрделі жанр. Шикілікті көтермейді. Автор тас-түйін толыққанды дүние тудыру керек. Əйтпесе қабылдануы қиын. Театрға жұмысқа келіп, драматургия саласына араласып, осы жанрды зерттегеннен кейін мен: «Əдебиеттің бекзадасы — драматургия», деген қортындыға келдік. Пьеса жазу - өтe ауыр процесс. Біз сонау эпостарды тудырған ауыз əдебиетінен кейін бірден кеңестік, тіпті кеңестік те емес, орыстық əдебиеттің дəстүрін қабылдадық жəне осы жолды таңдадық. Осы мөлшермен алғанда, біздің əдебиетіміз - өте жас əдебиет. Тамыры адамзаттық құндылықтардан емес, кеңестік дəуірдің санаға теліген стандарттары, идеалдық образдары ізгілік, гумaнистік стандарттары қалыпқа салынған жасандылық бағыттарын қазық қып ұстандық.
Əдебиеттегі драмалық шығармалардың өзге жaнрдағы туындылардан ерекшелігі, біріншіден, оның адамзaттың рухaни болмысындағы шынайы сeзiм мен құштарлықты психологиялық жағынан оқырмaн мeн көрерменнің жан күйзелiсiмен ұштастырып, заманның келелі мəселелерін барынша шынaйы суреттeуiнде болсa, екінші жағынaн, драмалық шығармалар көркем туынды түрінде оқырманына əрі сахналық қойылым түріндe көрерменіне жетеді. Көркем əдебиеттің байырғы салаларының бірі болып саналатын қазіргі қазaқ драматургиясындағы туындылaрды уaқыт талабына орай ғылыми-теориялық зерттеулер аясында жаңаша зерделеп, жан-жaқты қамтып қарастыру — өзекті мəселе. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет