Адам физиологиясы



Pdf көрінісі
бет221/472
Дата04.04.2022
өлшемі28,52 Mb.
#29809
түріОқулық
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   472
өтііі

,  соны 

жайлап алады;

3)  Вена капиллярлары аркылы сүзінді  кайтадан  канга сіңеді (резорбция);

4)  Жасушааралық  сұйықтык  пен  онда  еріген  заттар,  айталық,  белок 

лимфа капиллярларына қайта сіңеді.

Лимфа  капиллярлары  басқаша  резорбциялық  (сіңіру)  шөлмектср  деп 

аталады  (латынша  resorbtio  -  сорылу,  сіңу).  Лимфа  капиллярларының 

кабыргасы  диаметрі  әртүрлі  саңылаулар  (шлюздср),  бір  қабат  эндотелий 

жасушаларынан тұрады.

Лимфа капиллярларыныц негізгі  резорбциялық қызметі  физикахимиялық 

заңдылықтарға бағіінады,  яғни  конвекция,  диффузия,  заттардың  всзикулаДық 

жолмен тасылуы сиякты тэсілдермен іске асырылады.

Бүгінгі таңдагы  мағлүматтарға Караганда, лимфа түзілуі  үш  себепке,  атап 

айгканда:

1) 

қан 


мен 

лимфа 


капиллярларындағы, 

тінаралық 

кецістіктсгі 

гидростатикалык кысым айырмашылығына;

2) жалпы осмостық жэне онкостык (ісінді) кысым айырмашылыгына;

3)  қан  жэне  лимфа  капиллярлары  эндотелиінің  өткізгіштік  қасиетіне 

байланысты.

Өткен  тасырда  К.  Людвиг  ашқан  гидростатикалык  қысымның  қандай 

моні  бар  екенін,  қысымы  азайса  лимфа  түзілуі  баяулайтыны,  ал  ол  күшейсе, 

лимфа  түзілуі  де  күшейетіні  сияқты  маглүматтардан  байкауға  болады. 

Мэселен,  ірі  венаны  бір  жерінен  байлап  тастаса  лимфа түзілуі  күшейіп,  оның 

жалпы  көлемі  арта түседі.  Людвигтің  бұл  ілімін  кейін  Старлинг толықтырды. 

Лимфа  мөлшері  қанның,  тінаралық  сұиықтыктың  жэне  лимфаның  осмостық 

кысымындагы  айырмашылыктарына  байланысты.  Қаңга  осмостық  қысымы 

күшті  ерітінді  жіберсе,  оның кысымы  артады  да лимфа  көлемі  азая  бастайды, 

кейін  тұз  жасушааралык  сұиықтыкқа  өткен  соң  лимфа  тузілуі  қайтадан 

күшейеді.

Өздеріңізге  белгілі  осмостық  кысым  минерал  тұздарга  (аниондар  мен 

катондарга)  гана  байланысты  емес.  Бүл  кысымга  плазма  белоктарының  да 

қатысы  бар.  Олар  қан  капиллярлары  арқылы  үлкен  молекулалы  қосынды

262



ретінде  өздеріне  суды  тартып  алады.  Сондықтан  қанның  онкостык  кысымы 

күшйсе,  лимфа  түзілуі  баяулайды,  ал  азайса,  керісінше  лимфа  түзілуі 

күшейеді.  Айта  кету  керек,  таза  қан  капиллярларында  гидростатикалык 

онкостық  қысымнан  жоғары,  бұл  лимфа  түзілуіне  өте  қолайлы.  Вена 

капиллярларында,  керісінше  сұйыктык  тінаралык  кеңістіктен  қайтадан  канға 

сіңеді де лимфа түзілуі баяулайды.

Сонымсн 

лимфаныц 

мөлшері 

артериялық 

жэне 

всналык 


кан 

капиллярларындаты үрдістердің арақатынасына  байланысты.  Белок  жетіспесе 

де  (мэселен,  белоктық ашығу  кезінде)  дене  ісіне  бастайды.  Қаннын  онкостык 

қысымы төмсндссе сұйықтык тінаралыгына жиналады да денені су кернейді.

Лимфа  түзілуі  қан  мен  лимфа  капиллярлары  эндотслиінің  өткізгіштік 

қасиетіне де байланысты.

Бүгінгі  ұгым  бойынша  қан  мен  лимфа  капиллярларының  қабыргасы 

жартылай  өткізгіиі  мембрана  болып  есегітеледі:  оның  құрылысы  өте  күрделі. 

Сұйыктық 

пен 


онда 

ерігсн 


заттар 

капилляр 

қабыргасындагы

ультрамикроскопиялық тесіктср арқылы өтеді.

Капилляр  қабырғаларындағы  тесіктсрдіц  саны  мен  көлемі  эр  ағзада 

эртүрлі,  осыған 

орай  олардың 

өткізу  қабілеті  де 

түрліше. 

Бауыр


капяллярларының  өткізгіштік  кабілеті  өте  жогары,  сондыктан  да  өзегіне 

құйылатын лимфаның көбі бауырда түзіледі.

Лимфа  түзілуін  дснеге  химиялық  не  биологиялық  эссрі  күшті  заттар 

енгізу  арқылы  өзгертуге  болады.  Ондай  заттар  тшфагога  (лимфа  айдаушы) 

деп  аталады.  Олар  осмостық  қысым  меН  қан  қысымы  өзгермесе  де  лимфа 

түзілуін  күшейтсді.  Олардың  лимфа  шыгару  қабілеті  капиллярлардың 

таңдамалы  өткізгіштігінің  күшеюіне  байланысты.  Мүндай  кабілет  пептин, 

гистамин, кейбір гормондар, сүлік экстракты сияқты заттарға байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   217   218   219   220   221   222   223   224   ...   472




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет