18-сурет .
М и м ен ж ұл ы н н ы ң ү л г іс і (А ) ж э н е
м и ш ы ғы алы ны п т а стш н а н ж а н у а р д ы ң қим ы лы (Б ).
1 - м и қы рты сы ; 2 - м иш ы қ; 3 - ж ұл ы н ;
4 - м иш ы қты м и д а н б ө л е т ін к ө л д е н е ң тіл ік .
Мишықтың бір жақ жартысын алып тасталса, сол жактың гана қимылы
өзгереді. Өйтксні жұлынга барар жолда мишықтың жүйке талшықтары екі
жерде, яғни қызыл ядродан жогары және одан төмен жерде (Форель
түйіспесінде) қиылысып мишыктьщ бір жағынан екінші жағына өтеді.
Денесінің бір жаты ғана гипотонияға ұшырауына байланысты жануар
зақымданған жағына қарай айнала береді. Өйткені сау жагында адымы
эдеттегіден әлдеқайда ұзарыңқы болады. Жоғарыда келтірілген мысалдар
мишық өте нэзік шебер қимылдар жасап, олардың дэл орындалуын
қамтамасыз ететінін көрсетеді. Мишық кыртысында дененің эрбір етімен
байланысқан аймақтар бар. Бұлар қызметі жағынан ми қыртысының дэл
осындай кимыл (моторлық) аймағымен тығыз байланысқан. Мишық
жұлынмен торлы құрылым, қызыл ядро, Дейтерс ядролары аркылы
байланыскан. Мишықтың көзбен, құлақпен байланысқан ядролары да бар.
Академик Орбели мишықтың вегетативтік қызметтерді реттеуге де
қатысатынын корсетті. Оның кейбір бөліктерін электр тогымен тітіркендірсе,
ішек жиырылуы, сөл шығару, қоректік заттардың ішек тен қанға сіңуі,
қандағы қант деңгейі, тер шығуы өзгереді. Мишық сондай-ак сопақша мидағы
вестибулярлық ядролармен де тығыз байланысты. Маймылға тәжірибе жасап,
оның
мишығын
алып
тастаса,
дене
тепе-теңдігі
бұзылады
(дисэквилибирация).
|