Термохимиялық реакция энергия өзгеру (бөлу немесе сіңіру) арқылы жүретін реакциялар.
Тотығу атомның немесе атомдар тобының өз электрондарын беруі нәтижесінде өз валенттілігін өсіруі арқылы сипатталатын химиялық үдеріс.
Тотықсыздандырғыш тотықтырғышқа электрон(дар) беретін элемент немесе қосылыс.
Тотықтырғыш тотықсыздандырғыштан электрон қабылдайтын элемент немесе қосылыс.
Тура реакция өнім түзілу бағытында жүретін реакция.
Тұз қышқыл молекуласында сутек атомдарының металл атомымен орын ауыстыру реакциясының нәтижесінде түзілген металл катионы мен қышқыл қалдығының қосылысы.
Тұтқырлық молекуланың сыртқы күшінің әсерінен сұйықтықтың өзгерген формасының қолданылатын күш бағыты бойынша бос орынға ауысуы.
Фотосинтез жарық энергиясының жарық әсерінен органикалық заттардың химиялық байланыс энергиясына айналу үдерісі.
Химиялық теңдеу химиялық реакцияның химиялық формулалар, сандық коэффициенттер және математикалық таңбалар арқылы шартты жазбасы.
Химиялық тепе-теңдік тура және кері реакцияның жылдамдықтары бірдей болған жағдайдағы жүйенің күйі. Химиялық тепе-теңдік кезінде бастапқы және соңғы өнімнің мөлшері уақыт өте өзгермейді.
Химиялық элемент бірдей зарядталған және электрондық қабығы бірдей орналасқан атомдардың жиынтығы.
Экзотермиялық реакция энергия бөліну арқылы жүретін реакциялар.
Электрон ядроны айналып жүретін, теріс зарядталған атом бөлшектері.
Электрондық конфигурация электрондардың әртүрлі деңгей және деңгейшелерде орналасуының электрондық формуласы.
Эндотермиялық реакция энергия сіңіру арқылы жүретін реакциялар.