Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Дәріс. Өмір және өлім. Өмірдің мәні



бет44/89
Дата22.05.2023
өлшемі0,73 Mb.
#96192
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89

8 Дәріс. Өмір және өлім. Өмірдің мәні

Жоспар бойынша қарастырылатын сұрақтар:

  • 1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
  • 2. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымдағы мәңгілік өмір мәселесі. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы.
  • 3. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм.
  • Қолданылатын әдебиеттер:
  • 1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
  • 2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.
  • 3. Ғарифолла Есім «Фәлсафа тарихы» – Алматы, 2000.
  • 4. Ғарифолла Есім «Қазақ философиясының тарихы» – Алматы, 2006.
  • 5. Ғарифолла Есім «Адам-зат» – Астана, 2008.

1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы

  • Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма !”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылықты өмірде байқалмайтын кіші-гірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.

1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы

  • Кезінде Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын “гүлге қонған көбелек” сияқты өткізіп, қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда “Ұлы мәртебелі Табиғат” оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, бүкіл ағайын-туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады. Ондай адамға өлер алдында “Әттең-ай!”,- деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді.Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүнием мәңгі өмір сүреді,- деген үмітпен өмірмен қоштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет