Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет73/173
Дата02.04.2023
өлшемі0,66 Mb.
#78541
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   173
-шаң, -шең.

Кнім-кешек атауларына бүл жүрнақ талғаусыз жал- ғана бергенімен, өзге зат есімдерге талғап жалғанады. Бүл жүрнақ арқылы жасалатын туынды сын есімдер мазмүн жағынан біркелкі емес. Бүған карағанда, осы Жүрнақтың қазіргі формасы тек бірыңғай -шаң (-шең)

175



болғанымен, тарихи шығу төркіні жағынан басқа-басқа (екі я үш түрлі) формалар болған сияқты. Ал -шаң (-шең) жұрнағының сөз тудыру қабілеті мынадаи:

  1. Киім-кешек атауларына жалғанып, адамның бо- йындағы киімімен байланысты сыртқы бейне-көрінісін білдіретін сын есімдер жасайды. Мысалы: көйлекшең, етікшең, пальтошаң т. б.

  2. Қейбір зат есімдерге жалғанып, адамға я затка тән белгілі бір ерекше қасиетті білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Бүл сын есімдер мағына жағынан -шыл (-шіл) жүрнағы арқылы туатын сын есімдермен синонимдес болып келеді. Мысалы: ашушаң, сөзшең, бойшаң, тершең, кіршең т. б.

§ 56. ЕСІМДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ӨНІМСІЗ ЖҮРНАҚТАР

  1. -ыл, -іл, -л, -ал, -ел косымшалары тек бірен-саран- даған ғана түбірлерге қосылып, сол форма.лармен тұта- сып, сындық ұғымды білдіретін негіздер ретінде көнеле- ніп қалған. Мысалы: батыл, жеңіл, қызыл, жасыл, қа- тал т. б.

  2. -дар, -дер, -тар, -тер зат есімдерден, нақтылы лек- сикалык мағынасына сәйкес, белгілі бір іс-әрекетіне ду- шар болғандықты білдіретін сындык ұғымның атаула- рын жасайды. Мысалы: қарыздар, хабардар, борыш- тар т. б.

  3. -и жұрнағы — төмендегі -паз, -қой, -қор жұрнак- тары сияқты, иран тілдерінен (парсы, тәжік, ауған) ауыскан кірме қосымша. Мынадай бірлі-жарым сөздер- де ғана кездеседі. Мысалы: эскери, мәдени, тарихи, сая- си, әдеби т. б.

  4. -паз өзі жалғанған сөзден оның нақтылы лексика- лық мағынасына тікелей қатысты белгілі бір іс-әрекетті істеуге мамандығы я қабілеті барлықты білдіретін жаңа сөз тудырады, ондай сөздер зат есімнен гөрі сын есімге бейім болады. Мысалы: өнерпаз, аспаз, ойынпаз, әсем- паз, білімпаз, келісімпаз, сезімпаз т. б.

  5. -мпаз, -ымпаз, -імпаз жұрнағы -ым, және -паз (-м + паз) компоненттерінен кұралған. Бұл форма сезім- паз, алымпаз, білімпаз, жағымпаз сияқтанған сөздерде бөлшектеуге көнгенімен, жасампаз, кеңесімпаз, сұрам- паз тәрізді сөздерде жеке-жеке бөлшектерге ажыратуғә келмейді.

176

Бүл жұрнак та өзі жалғанатын етістіктерден сол аталған іс-әрекетке икемі барлықты, бейім екендікті, оң- тайлылықты білдіретін туынды сын есімдер жасайды. Мысалы: жағымпаз, жасампаз, жанасымпаз, кеңесімпаз, жүзімпаз, малтымпаз
т. б.

  1. -қой, (-ғой) жұрнағы кейбір зат есімдерге жалға- нады да, олардьщ нактылы лексикалық ұғымдарына ті- келей қатысы бар амал-әрекет пен мінез-құлықтардын сындық атаулары болатын жаңа сөздер тудырады. Мы- салы: кәсіпқой, жәдігөй, әзілқой, сәнщой, жанжалқой т. б.

  2. -қор жұрнағы өзі жалғанатын зат есімдерден бел- гілі бір амал-әрекетке бүтіндей беріліп, оған машықтан- ғандықты білдіреді. Мысалы: жемқор, жалақор, айла- қор, бейнетқор, қамқор, мансапқор, ызақор, намысқор, шаруақор, парақор, есепқор т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет