«ахмет байтурсынов основатель казахского языкознания»


  8  ЕСЕТОВА Г.Н., ОМАРОВА Г.Т



Pdf көрінісі
бет8/117
Дата17.10.2022
өлшемі3,65 Mb.
#43576
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117
234 

ЕСЕТОВА Г.Н., ОМАРОВА Г.Т.
Трехъязычие как один из приоритетов образования XXI века 
236 

ИСМАГУЛОВА Г.К.
Үштілділік – XXI ғасырдың білім беру басымдықтарының бірі 
239 
10 
КАРАТАЕВА К.С.
Үштілділік – заман талабы 
242 
11 
МЕНДАУЛЕТОВА Н.Ш.
Жаңартылған білім мазмұны негіздерінің бірі ретінде көп тіл білетін тұлғаны 
қалыптастыру
244 
12 
ОМАРОВ Б.Ш., БЕКСУЛТАНОВА Р.К.
Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқып-білудің басымдықтары 
246 
13 
СТЕШЕНКО И.А.
Трехъязычие как один из приоритетов образования XXI века 
250 
14 
ТЕЛЬПЕКБАЕВА Е.А.
Үштілділік – заман сұранысы 
253 
15 
УСПАНОВА Ж.А., ӘЛІМ Р.Ә.  
Үштілділік – болашаққа жасалатын сенімді қадам 
255 
16 
ЧИРКОВА Р.А.
Полиязычие, как средство формирования поликультурной личности 
257 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ ТІЛТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АТАСЫ 
 
Аманжолов Ерболат Ермекович,
Қостанай облысы әкмідігі білім басқармасының
«Қарабалық ауданы білім бөлімінің
А. Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 
 
Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек,
қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің
де сақталу қамын қатар ойлау керек. 
Ахмет Байтұрсынұлы 
 
 
Кез келген халықтың тарихы оның жазуымен байланысты. Қазақ халқының тарихын 
петроглифтерден, руникалық жазудан қазіргі әліпбиге дейінгі жазу арқылы білуге болады. 
Қазақ халқының жазуы тарихында сан рет өзгерді. Көне заманнан бері қазақтар түрлі 
жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы болып қазақпен бірге басқа да түркі 
халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк 
ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталған. VIII-IX ғасырларда қазақ даласына 
мұсылман дінінің келуі – араб жазуын алып келді. Қазақ жазба мұраларының көпшілігі араб 
әліпбиі арқылы біздің заманымызға жетті. Мысалы, «Гулистан би-т-Турки», «Диуани лұғат-
ат-Түрк», «Құтадғу біліг», «Һибат-ул-хақаиқ» сияқты шығармалар. Тіпті, XIX ғасырдың 
екінші жартысында да Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев сияқты 
ұлы тұлғалар өз туындыларында араб жазуын қолданды.
Алайда, қазақ тілінің дыбыстық жүйесін беруде араб әліпбиінің өзіндік қиындықтары 
болды және оны қолдануда біріктірілген жүйе болған жоқ. Осы қолайсыздықтардан арылу 
үшін 1912 жылы қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы араб 
әліпбиіне негізделген қазақ жазуына алғаш рет өзгерістер енгізді. 
Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ жазуымен айналыса бастайды. Сол 
күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза 
сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне 
икемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық құрамын 
зерттеуге кіріседі.
1929 жылы 1 мамырда өзінің қолымен жазған өмірбаянында «1901 жылдардан бастап 
бала оқытқан кездерден, бос уақытымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен 
шұғылдандым. Ал Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі 
мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім. Одан кейін қазақ әліпбиін және емле 
мәселесін ретке келтіріп, жеңілдету жолында еңбек еттім. Үшіншіден, қазақ жазба жұмысын 
бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жағымсыз 
әсерінен тазартуға әрекеттендім. Төртіншіден, қазақ прозасын (бұл жерде іс қағаздар тілін, 
публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтың сөйлеу 
тәжірибесіне икемдеу үшін, ғылыми терминдерді жасауға кірістім және стильдік өңдеу 
үлгілерін көрсетумен шұғылдандым», - деп жазады [6,176].
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен оны таңбалайтын әріптер туралы пікірлерін ол
1912 жылдан бастап «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің беттерінде білдіре бастайды. 
«Айқап» журналының 1912 жылғы 9-10 нөмірлерінде «Шаһзаман мырзаға» атты көлемді 
мақала жазып, онда араб таңбаларын қазақ алфавитіне енгізбеу керектігін, сөздің тұтас 
жіңішкелігін білдіру үшін оның алдына дәйекші дейтін таңба қою қажеттігін дәлелдейді. 
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші нөмірінде және басқа да сандарында «Жазу мәселесі» 


10 
деген үлкен мақала жариялап, онда кейбір дауысты дыбыстарды таңбалау жайындағы өзінің 
пікірін айтады.
Одан кейінгі ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы үшін былайша лайықтап 
алуды ұсынады. Біріншіден, араб алфавитіндегі жуан дыбыстарының таңбаларын алмау. 
Екіншіден, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, ұ, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу. 
Үшіншіден, к,г дыбыстарынан басқа дауыссыз дыбыстармен келген сөздердің жіңішкелігін 
білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба қою. Бұлайша түзілген әліпбидің сауат ашудың 
дыбыс жүйелі әдісіне сай келетіндігі анық байқалады. 
Сонымен, 1910 жылдан бастап араб жазуын қазақ тіліне икемдеп өзгерту жолында 
еңбек еткен ағартушы ұстаз Ахмет Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің дыбыстық 
жүйесіне сай етіп өзгертіп, араб жазуында жоқ әріптердің таңбасын өзі ойлап тапты. Мұндағы 
Ахмет Байтұрсынұлының жетістігі қазақ тіліндегі дыбыстардың жуан, жіңішкелігіне қарай 
бөлінуін дәл белгілеп, әрбір дауысты дыбысқа арнап арнайы әріп белгілеуінде. Сонымен, 
ғалымның араб графикасы негізінде жасаған алфавитінде 24 әріп бар. Осы 24 әріптің ішінен 
16 әріп дайын күйінде алынса, 8 әріпті өзі қосқан болатын. Профессор Е.Д.Поливанов өзінің 
«Основные реформы графической революции в турецких письменностях СССР» атты 
мақаласында Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына енгізген реформасын «ғажап» деп 
бағалады [9,53]. Бұл жобада араб алфавитіндегі қазақ дыбыстарын білдірмейтін кейбір 
әріптерді алып тастау, қазақ тіліндегі ы, е, и, о, у дыбыстарының әрқайсысына жеке таңбалар 
алу ұсынылды. Жобадағы тағы бір ерекшелік – түрік тіліне тән сингармонизм заңдылығын 
мейлінше пайдалану.
Ахмет Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ 
жұртшылығы, әсіресе, зиялы қауым өкілдері мен ұстаздар ешбір талассыз қабылдады, себебі 
Байтұрсыновтың реформасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде жасалған 
болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан бастап ұсынған, осы әліпбиді негізге алған 
жаңа жазуы (төте жазу) іс жүзінде қолданыла бастады. 1915 жылдың бір өзінде осы емлемен 
15-тей қазақ кітабы басылып шығыпты және бұл жазуды 1912 жылдан бастап мұсылман 
медреселері мен қазақ-орыс мектептері де қолдана бастапты. 
Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықтап жасалған қазақ графикасы 1924 жылы 
Орынборда маусымның 12-сінде Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде 
талқыланды. Съездің 15-ші маусым айындағы мәжілісінде Ахмет Байтұрсынов «Әліпби 
тақырыптары» деген атпен баяндама жасайды. Осы съезде жасалған баяндамасында Ахмет 
Байтұрсынұлы жақсы әліпбидің негізгі төрт сипаты болуы керек деген еді:
1. Жақсы әліпби тілге шақ болуы керек.
2. Жазуға жеңіл болуға тиіс.
3. Баспа ісіне қолайлы болуы тиіс. 
4. Үйренуге жеңіл болуы тиіс.
Сонымен қатар ол түркі халықтарының қолданып келе жатқан жазуы бар екендігін, оны 
тастап, басқа графикаға көшу оңай емес деген пікірін осы съезде дәлелдейді.
Ахмет Байтұрсыновтың осы баяндамасын және латын таңбаларын алуды қостаған 
Нәзір Төреқұловтың баяндамасын талқылап, екі алфавиттің оң-теріс жақтарын сарапқа салып 
қарағаннан кейін съезд: «Қазақ тұтынып отырған түрік әліпбиінің баспа түрінің дара болмауы 
баспа ісіне де, үйрету жағына да қолайсыздықтан құтылу үшін түрік әліпбиінің өзін түзету 
өзге әліпби алудан анағұрлым оңай болғандықтан, түрік әліпбиінің жазба түрін осы күйінде 
қалдырып, баспасын дара түрінде алу керек» деп Ахмет Байтұрсынов реформалаған және 
баспа түрінің де нұсқасын ұсынған араб жазуы негізіндегі қазақ әліпбиін қабылдау керек» 
деген ұсыныс жасады [6, 178]. Демек, ғалымның араб жазуын жақтаудағы мақсаты –
1924 жылғы қазақ білімпаздарының тұңғыш съезіндегі сөздеріне қарағанда, 12-13 жыл бойы 
қолданылып қалған және қазақ тілінің дыбыстық табиғатына лайықталып өзгертілген, ресми 
түрде қабылданған әліпбидің қазақ жазуы мұқтаждығын толық өтеп отырғандығы, оның 
дыбыс әдісімен оқыту ісінде айтарлықтай қолайлы болып шыққандығы, полиграфиялық 


11 
мүмкіндіктер жағынан да, экономикалық мүмкіндіктер тұрғысынан да бұрынғы әліпбиді 
сақтау жаңаға көшуден гөрі пайдалырақ екендігі. Ахмет Байтұрсынов бұл съезде айтқан 
пікірін одан кейін де, 1927 жылы Қызылордада жазу мәселесіне арналған конференцияда 
қайталап, дәлелдей түседі.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезеңінде қазақ 
мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба 
дүниелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына иігілікті қызмет еткен прогрессивтік 
құбылыс болды. Кезінде тіл білімі саласындағы алғашқы қазақ профессоры Қ.Жұбанов та осы 
араб графикасына негізделген жазуға қарсы айтылып жүрген пікірлердің негізсіздігін айтып, 
төте жазудың авторы Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін жоғары бағалаған еді. Профессор
Е.Д. Поливанов бұл жазуды «Байтұрсыновский алфавит» дей отырып, «...енді түзетуді қажет 
етпейтін, тарихи тұрғыдан алғанда кемелденген, жетілген ұлттық графика» деп ғылыми 
тұрғыда жоғары бағалады [9, 283]. Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасы негізіндегі бұл 
әліпбиді заманында қазақ халқының мәдени дүниесінде зор серпілістер әкелгенін, қалың 
көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба туындылардың дамуына, баспа жұмысының 
жандануына өте зор ықпалы болғандығы туралы М. Дулатов, Е. Омаров, Т. Шонанұлы,
С. Сейфуллин және М. Әуезов т.б. сол кездің өзінде айрықша атап, жоғары баға берген еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет