«Туылған кезіндегі дауысын сұра?» – деп бұйырды. Оған қайта
келіп сұрадым. Ол: «Бір айлық сәбидің дауысымен шыңғырды», –
деді. Содан кейін Аллаһ елшісі (с.а.с.) оған: «Мен саған (ойымда)
бір жұмбақ жасырдым», – деді. Ибн Сайяд: «Шаң түсті
қойдың тұмсығын және дұхан», – деп айтайын десе, дұханға
тілі келмей, «дұх, дұх», – деп айтты», – деген
2
.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) «дұхан» (түтін) дегенде, Аллаһ
тағаланың: «Ендеше, аспанның бір ашық түтін келтіретін
күнін күт»
3
, – деген сөзін мақсат тұтқан еді.
Ибн Кәсир (Аллаһ оған рақым етсін): «Ибн Сайяд жын тілінде
сөйлейтін көріпкел еді. Жындар болса тілі келмей үзіп-үзіп
сөйлейді. Сол үшін де ол «дұхан» деп айта алмай, «дұх» деді.
Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сөздері шайтаннан екенін білген соң:
«Жоғал әрмен! Шамаң келмейді», – деп айтты», – деген.
г) Ибн Сайяд Дәжжал ма, әлде ол емес пе?
Ибн Сайядтың Дәжжал болуы мүмкін екендігі жайлы әңгіме
ел арасына кең таралып кетеді. Тіпті Омар ибн әл-Хаттаб (Аллаһ
оған разы болсын) адамдардың арасында, Пайғамбарымыздың
1
Әл-Бұхари.
2
Ахмад.
3
«Дұхан» сүресі, 10-аят.
132
(с.а.с.) алдында Ибн Сайядтың Дәжжал екендігіне қасам ішетін.
Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын.
Мұхаммед ибн әл-Мункадир: «Жабир ибн Абдуллаһты (Аллаһ
оған разы болсын) Ибн Сайядтың Дәжжал екендігіне қасам
ішкенін көрдім де: «Аллаһпен қасам ішесің бе?» – деп едім, ол:
«Омардың осы үшін Пайғамбар (с.а.с.) алдында қасам ішкенін
естігенмін. Пайғамбар (с.а.с.) оның сөзін жоққа шығармайтын
еді», – деп айтты», – дейді
1
.
Нафиғ: Абдуллаһ ибн Омардың (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын): «Аллаһпен ант етейін! Ибн Сайядтың Мәсих Дәжжал
екендігіне күмәнданбаймын», – дейтінін риуаят еткен
2
.
Зәйд ибн Уаһбтан риуаят етілген хадисте Әбу Зарр (Аллаһ
оған разы болсын): «Мен үшін Ибн Саидтың
3
Дәжжал екендігіне
он рет қасам ішу, ол ондай емес екендігіне бір рет қасам ішуден
жақсырақ», – деген
4
.
Нафиғтан риуаят етілген хадисте былай делінеді: Бірде
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) Ибн
Саидты Мәдина көшелерінің бірінде кездестіреді. Абдуллаһ
қараса, Ибн Саидтың бір көзі соқыр екен. Ибн Омар таңғалып,
Ибн Саидтан: «Көзің қашан мен көріп тұрғандай болып қалды?»
– деп сұрайды. Ибн Саид: «Білмеймін», – деп жауап береді. Ибн
Омар: «Басыңдағыны білмейсің бе?» – дейді. Ибн Саид: «Егер
Аллаһ қаласа, оны сенің таяғыңда қылар еді», – дейді. Ашуланған
Ибн Омар оны асатаяғымен салып қалғанда, таяғы сынып кетеді.
Қатты ашу қысқан Ибн Саидтың ісініп кеткені соншалық, жолды
жауып қояды. Ибн Омар: «Аллаһпен ант етейін! Оны ұрғанымды
сезбей қалдым. Сосын барып әпкем Хафсаға айттым», – дейді.
Сол кезде Хафса оған: «Ибн Саидтан саған не керек болды? Сен
1
Әл-Бұхари, Муслим.
2
Әбу Дауд.
3
Ибн Сайядты Ибн Саид деп те атайтын.
4
Ахмад.
133
Достарыңызбен бөлісу: |