де», – деп жауап береді. Періште оларға: «Сендер өздеріңе үкім
шығардыңдар!» – дейді. Яғни тән рухқа көлік сияқты», – деген
1
.
7) Сол кезде кәпірлер өздеріне ашуланады. Ол туралы Аллаһ
тағала: «Расында, сондай қарсы болғандарға: «Аллаһтың
ашуы сендердің өз ашуларыңнан зорырақ. Өйткені сендер
иманға шақырылған кезде қарсы болдыңдар», – деп
дыбысталады»
2
, – деп айтқан.
Сол сияқты өздеріне дүниеде дос болғандарға ашуланып,
оларға қарсы дұға қылып, Аллаһтан оларға азапты күшейтуін
сұрайды. Ол жайлы Аллаһ тағала: «Олардың беттері от ішінде
аударылатын күні: «Әттең! Бізге не болды? Аллаһқа
бойсұнып, Елшісіне көнген болсақ еді», – дейді. «Раббымыз!
Басшыларымызға, үлкендерімізге бойсұндық та бізді солар
адастырды. Раббымыз! Оларға азаптан екі есе бер. Және
оларды мейіріміңнен мүлде аулақ қыл!» – дейді»
3
, – деген.
Өздерін
адастырғандарға
ашуланатыны
соншалық,
аяқтарымен таптау үшін Аллаһтан оларды көрсетуді сұрайды. Ол
жайлы Аллаһ тағала:
«Қарсы болғандар: «Раббымыз! Жыннан да адамдардан да
бізді адастырғандарды көрсет! Оларды табандарымыздың
астына салайық. Ең төмендегілерден болсын!» – дейді»
4
, –
деген.
Сөйтіп, кәпірлердің барлығы тозаққа кірген кезде бірін-бірі
қарғап, азаптарының артуын тілеп, бақырып-шақырып жатады.
Бұл жайында Құран Кәрімде: «(Аллаһ): «Сендерден бұрынғы
өткен тозақтағы жын және адамдар тобының ішіне кіріңдер!»
– дейді. Әр топ тозаққа кірген сәтте өз туысын (алдындағы
жолдасын) қарғайды. Барлығы онда жиналғанда, артқылары
1
Ибн Кәсир.
2
«Ғафыр» сүресі, 10-аят.
3
«Ахзаб» сүресі, 66-68 аяттар.
4
«Фуссиләт» сүресі, 29-аят.
186
Достарыңызбен бөлісу: |