санына жете алмайсыңдар»
6
, – деген.
Сұралатын бұл нығметтердің ең бастысы – денсаулық.
1
Әт-Тирмизи.
2
Яғни жыл.
3
Муслим.
4
Ахмад.
5
«Тәкәсур» сүресі, 8-аят.
6
«Ибраһим» сүресі, 34-аят.
214
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар
(с.а.с.):
«Қиямет
күні
адам
сұралатын
нығметтердің ең біріншісі – оған: «Сенің тәніңді сау
қылмадық па? Сені салқын сумен сусындатпадық па?» –
делінеді», – деген
1
.
Демек, адам баласы өзіне берілген нығметтерге қатысты тіпті
қолданған суына дейін сұралады. Солай екен деп, басы артық
мал-дүние жинау, қалтам көтереді екен деп қымбат бағалы киім
кию, бұлардың бәрі – сауабынан сарсаңы көп нәрселер. Оларға
қатысты абай болу керек. Ең дұрысы, ортанқол дәрежеде ішіп-
жеп, киім киіп, артығын садақа қылу абзал. Бұл жерде ең бастысы
– Аллаһ тағаланың пендесіне берген нығметтерін харамға
жаратпау, ысырап қылмау. Ал егер қайсыбір адам әдемі киініп,
қымбат көлік мініп, зәулім үйде тұрса, ол шариғатқа жат емес. Ең
бастысы – сол байлығынан зекетін, садақасын кембағалдарға
уақытында, сараңдық танытпай беріп отыру керек. Расында,
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Тозақтан жарты құрмамен болса да
сақтаныңдар!»
2
– деп ескертпеп пе еді?!
Нығметтен сұралу пенденің сол нығметтерге шүкір еткен-
етпегендігіне қатысты болмақ.
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Тамақ жесе, оған шүкір ететін
және (сусын) ішсе де, оған шүкір ететін пендеге Аллаһ разы
болады», – деген
3
.
1
Әт-Тирмизи.
2
Әл-Бұхари, Муслим.
3
Муслим.
215
Достарыңызбен бөлісу: |