Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет6/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255
 
 
жасалады. Бірер уақыттан кейін Нұхқа иман келтірмегендердің 
жазасы ретінде Аллаһ тағала жер бетіне топан су жібереді. Нұх 
топан судың алғашқы белгілерін көрген сәтте кемеге қауымынан 
иман келтірген санаулы адамдарды, өз отбасы мүшелерін (бір 
ұлынан басқа) және әрбір жануардан бір-бір жұптан мінгізеді. 
Бұл жағдай Құран Кәрімде: «Сонда аспан есіктерін құйылған 
жаңбырмен аштық. Жерді жарып, қайнарлар шығардық. 
Сонда су тағдыр етілген әмір бойынша қосылды. Оны 
шегелер мен тақтайлардан тұратын (кемеге) отырғыздық. 
Кәпірлерге жаза ретінде Нұхтың кемесі көз алдымызда жүріп 
бара жатты»
1

«Нұх Бізді үндеді, ал (Біз) қандай жақсы жауап берушіміз. 
Біз оны және үй-ішін үлкен қайғыдан құтқардық. (Жер 
бетінде) оның ұрпақтарын қалдырдық. Кейінгілердің ішінде 
ол (Нұх) жайлы (жақсы сөз) қалдырдық. Нұхқа әлемдерден 
сәлем болсын! Біз ізгі (амал) істеушілерді осылай 
марапаттаймыз. Ол біздің мүмін пенделерімізден. Сосын 
басқаларды суға батырдық»
2
, – деп баяндалған. 
Су көбейіп, қалалар мен ауылдарды алады. Судың беті жер 
бетіндегі ең биік таулардан он бес кезге дейін жоғары көтеріледі. 
Нұхпен бірге болғандардан басқаның бәрі суға батады... 
Нұхтың қауымынан кейін пұтқа табынуды қайта бастаған 
қауым ад тайпасы болды. Аллаһ тағала оларға Һудты пайғамбар 
етіп жіберді. Һуд (аләйһис-сәләм) да өз қауымына: «Ей, елім! 
Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа 
құдайларың жоқ. Сендер – өте жалақорсыңдар. Ей, елім! 
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Еңбегім мені Жаратқанға 
ғана тән. Сонда да түсінбейсіңдер ме?! Ей, халқым! 
Раббыларыңнан кешірім тілеңдер. Сосын Оған тәубе 
қылыңдар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет