32
Қазақ өнерінің антологиясы
Келеді поэзияда нарқы сынбай.
өз ұстазым Қонысбай әй-әй ақын,
Әрдайым ақиқаттың жаршысындай.
осындай асылдардың сынығы едім,
теңіздің тасқа тұнған тамшысындай.
торғайым киелі өлке Арқадағы,
мыңғырған қаптаған жер мал табаны.
сол тұяқтан бұл күнде тұлдыр да жоқ,
Болғандай қырғын майдан хан талауы.
өкімет талақ қылып тастаған соң,
тағдырдың азайғандай бар қарары.
Қостанайға қайтқан қыздай қадірі жоқ,
Азаптың ауыр жүгін арқалады.
торғай десем елжіреп ет жүрегім,
Көзімнен-жас, көңілден қан тамады.
назарын ауыл жаққа кім бұрады,
соны ойлап жүрегіміз қынжылады.
мәдени ошағы жоқ шалғай ауыл,
Жігерін жас ұрпақтың құм қылады.
Жастар жағы шұбырған қала жаққа,
Қарт біткеннің жағдайы құлдырады.
мың бұраулы өмірдің көмейінен,
Қыл бұраулы құлындай шыңғырады.
Қазақтың болашағы далада тұр,
Жұмыссыздың да көбі қалада тұр.
Жер ананың анары сыздап ағып,
мал тұяғын аңсаумен дала жатыр.
малың кетсе қазағым жаның кетер,
малың кетсе болмай ма заман ақыр.
Бүйте берсек мысыққа конкурент боп,
тышқан аулап кетерміз, қара да тұр.
Достарыңызбен бөлісу: