Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет141/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162
Елмірбек Иманәлиев – қырғыздың белгілі айтыс ақыны. 1978 жылы Жалал-
Абад облысы, тоқтағұл ауданы, өзгеріс ауылында туған. 15 жасынан бастап манас 
жырын жатқа айтып, айтысқа қатысқан. 
Қырғыздан шыққан төкпе ақын, Қырғызстанның еңбек сіңірген әртісі туғанбай 
Әбдиевтің (1937-2008) шәкірті. 
Айнұр Тұрсынбаева – 1977 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында 
дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Құу-ін бітірген.
1991 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. Көптеген республикалық, 
халықаралық айтыстардың жеңімпазы. Франция, түркия, Қытай, моңғолия 
елдерінде өнер көрсеткен.
«дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Оразалы Досбосынов (1975-2005) – Алматы облысы, райымбек ауданы 
(бұрынғы нарынқол), тегістік ауылында дүниеге келген. Абай атындағы ҚұПу-нің 
филология факультетін тәмамдаған (1998). 
еңбек жолын тегістік ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған 
(1993-1994). ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында «Айтыс» үйірмесінің 
жетекшісі және көркемдік жетекші қызметтерін атқарған (2004-2005). 
республикалық және халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін 
жеңімпазы. Қазақ айтыс өнерінің дамуына үлес қосқан ерекше дарын иесі.
Мэлс Қосымбаев (1970 ж. т. оңтүстік Қазақстан облысы, Жетісай ауданы, 
Жылысу ауылы) – ақын. мектеп қабырғасынан аудандық, облыстық ақындар 
айтыстарға қатысқан. орал педагогика институтын бітірген (1992). 
Батыс Қазақстан университетінің оқытушысы, доценті (1992-2006). 2006 жыл-
дан маңғыстау облысының мәдениет басқармасында қызмет етеді. республикалық 
және халықаралық айтыстардың жүлдегері (1988-2007). Қазақстанда алғаш 
өткізілген «Айтыс – Қазақстан» чемпионатының (2007) бас жүлдегері.
м.Қосымбаев – Абыл, Ақтан, нұрым, Қашаған, тағы басқа ақын-жыраулардан 
жеткен маңғыстаулық сөз саптау, мақам үлгісін жалғастырушы, осы заманғы айту-
лы айтыс ақындарының бірі. Филология ғылымының кандидаты (1999). Қазақстан 
республиканың мәдениет қайраткері (2007). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет