Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет15/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162
Шырынбек:
тиетiн сiлтегенде сойыл құсап,
Кетейiн ой бiр сойқан ойынды сап.
өзiң ғой күрең қабақ танытасың,
Жайса да қанша жерден қайын құшақ.
Пiсiспей қойды-ау бiздiң бастарымыз,
Палестина мен израйл құсап.
Жабысып жеңешеме кеселдей боп,
төбесін мен отырмын тесердей боп.
Кешегi қол бастаған көсемдердей боп,
Көшелі сөз бастайын көсемдей боп.
Көпке ендi бiр пайдамды тигiзейiн,
Көктемгi шелектеткен нөсердей боп.
Шоқтығы биiк тараз шоң қаламыз,
Көмiлiп қалға екен шаңға нағыз.
тiлiн тапсаң сөйлейдi тарих болып,
секiлдi қалың ойға шомған абыз.
заманында мәйектi мәдениеттiң,
мекенi болғанын да аңғарамыз.
мәдени мәртебесiн биiк көріп,
мәскеуге, Петерборға сандаламыз.
Iлгерiде iргесiн түрiп қойып,
мәскеудi шауып қайтқан сан бабамыз.
Кезiнде кеме жасап қашанғы ендi,
Кебiс-мәсi тiккенге таң қаламыз.
таразым жанымызға жақын қандай, 
Қаланың қастерлейiк атын нандай.
тараз деп араққа айдар таққандарға, 
Ағайын айтасыздар ақыл қандай.


42
Қазақ өнерінің антологиясы
Атасының даңқымен қызы өткенмен,
Ар-намысың ақшаға сатылғандай.
тараз атын табанға таптамайық
Кәндендi «бөрiбасарлап» шақырғандай.
елжiрей қалса бүгiн емешегiң,
Жеңеше еңбегiңдi жемес едiм.
Айтпақшы айтыста ұтқан машинаның,
Шығара алмай жүр дейдi ел есебiн.
Көлiктi ап бiр жақынға берерiңде,
Белгiлi ағамменен кеңесерiң.
Қайныма бiрiн берсек дегендей ой,
Басыңа келмейдi екен неге сенiң.
сен берген машинаны мiнiп жүрсем,
мен жерден тауып алдым демес едiм.
Кәрима:
Көкпарда қалған бұрқырап
Жұрт қызығар шаң ба едiң.
Бiр бәйгенi бiз алсақ, 
үлесiм де бар менiң.
он көлiк алған қолқаңды, 
мұхамеджанға сал дедiм.
Жетеуін алған әйтпесе, 
Айнұрдан сұрап ал дедiм.
мақтанышы Айнұрдай, 
Ақыны бар таразым.
Көршi деп қолқа салатын
Жақыны бар таразым.
сондықтан исі қазаққа, 
дем берiп ұрған таразым.
Кем-кетігі түзеліп, 
Жөнделiп тұрған таразым.
Бiрлiгi мен тiрлiгi,
ел болып тұрған таразым.
Бiз үшiн қазiр Парижбен, 
тең болып тұрған таразым.
Шырынбек-ау, Шырынбек, 
Айтатын саған сырым көп.


43
Айтыс VI том
Айтыста тиiскенiңмен, 
Алабұртқан тiлiң тек.
Айтыстан шықсам ауыз су, 
Әперетiн бiрiң жоқ.
Жеңгенi көрсең шетiңнен, 
Қозады екен жының тек.
Әлпештейiн, жас бала, 
Айым деп сенi күнiм деп..
өзiм тұрып кетпесем, 
Қайтатұғын түрiң жоқ.
оқып жатқан жас бала,
Арманыңды аяла,
тiлеулес болмас балаға,
осы отырған қай ана.
Ал, халқым, жас баладан, 
Қолдарыңды аяма,
Қазылар да жас баладан,
«ондарыңды» аяма.
Шырынбек:
Бiлдiрдiң бүгiн жылы лебiз жеңгей,
тынбаймын түбi сенi негiзi жеңбей.
Қояндай қашқаныңды көрiп бiрақ,
Күдердi боп отырмын мен үзгендей.
Кекiлден сипап алдап кеткенiң бе,
Ботаға бармағыңды емiзгендей.
ернiмдi де жiбiтпей барасың-ау,
ешкiнiң қуырдағын жегiзгендей.
 2002 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет