65
Айтыс VI том
Жүргізіп «Жұма күнгі жүздесуді»,
Журналист боп жарылдың бір ағыңнан.
Президент оркестрі жұмысқа алды,
ұстаған соң көп өнердің құлағынан.
мен сізді Астаналық деп ойлаушы ем,
Көрген соң гвардия ұланынан.
сөйтсем Халифа Алтайдың қорын ашып,
Шариғаттың ұстапсыз шырағынан.
Бір Алла нәсіп етіп қажы барып,
исламның қуат апсыз құранынан.
Қазму-да да қызмет істейсіз бе?
Капитан боп табылдың құрамынан.
ерінбес еңбекқор жан сізді көріп,
Көңілдегі кірбіңнен шын арылам.
Қазақ жалқау дегенге келіспеймін,
Жалған сөйлеп несіне күнә қылам.
мысалға, мұхамеджан ағам отыр,
нәр алған туған жердің құнарынан.
Қай қиырға салса да қажымайды,
туғандай түз бүркіттің қыранынан.
Достарыңызбен бөлісу: