73
Айтыс VI том
Пешенелі пендеге сүйікті Алла-ай,
Жақсылық ұсынушы жиып барлай.
Қазыналы айналдым қарттарымнан,
Шыңдары мәртебелі биік таудай.
Ақ жаулықты айналдым әжелерден,
Әлдилері әлемді ұйытқандай.
Қыздарымнан айналдым жүрегі пәк,
Қарамас қасы-көзі қиықтанбай.
Жігіттерден айналдым жүрегі ұшқын,
сүре алмайтын өмірді сүйіп қалмай.
Ал енді, мұхаметжан сенде бүгін,
тарта бер салмақтардан иық алмай.
Алматым алға бассын абыройың,
тағдырың тар кезеңге тұйықталмай.
төрт аяғын тең бассын Қазақстан,
ит басты, сиыр аяқ сияқтанбай.
Достарыңызбен бөлісу: