13
Айтыс VI том
дiнiңе әжептәуiр қысым болған.
Қарасудың мешiтi жабылғанда,
Қол ұшын қай мұсылман ұсынды алдан.
Алматының мешiтiн әзер бiттiк,
Әйтеуiр қыз болғандай қысылғаннан.
дискобармен көршiлес мешiттер көп,
секiлдi Iбiлiспен бiтiм болған.
дiн бұзар дүмшелерге сан жетпейдi,
Құдай атын жамылып күпiр болған.
сәндiкке сәлде тағып сайқалсыған,
серiлерге толып жүр бүкiл жалған.
иншалла, қажының да саны өстi,
меккеге күнде ұшақ ұшырғаннан.
Бiлмеймiн бағымыз ба, сорымыз ба,
Қазақтың қажысы көп мұсылманнан.
дiнiмнiң бәйге алмай жүр тайы қотыр,
Құранды молда бар ма лайық оқыр?
мешiт салсақ бiтпейдi дау-дамайсыз,
оған да мынау жұртым қанық отыр.
өзге дiн өкiлдерi шiркеулерін,
ешқандай айкай-шусыз салып отыр.
Iнжiлiн жұртшылыққа тегiн берiп,
Халықтың осал жерiн танып отыр.
Қасиетті Құранды саудаға сап,
Бiздiң дiн қай жыртығын жауып отыр,
дүмшелер молдалығын желеу етiп,
Пiтiр мен садақадан байып отыр.
Құйылған қаржы қайда кеттi десең,
Қу шөппен сүртiп аузын шайып отыр.
Құдайға ғана есеп беремiз деп,
тура жауап беруден тайып отыр.
осылайша бiздiң дiн Аллаға емес,
өкiметке алақан жайып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: