200
Қазақ өнерінің антологиясы
Абай айтқан орысша
«самородный»» сары алтын.
ол Абайдай ұлыға
Бүгін кінә тағарсың.
сенің сөзіңе қарасам,
«убью» деп айтасың.
тастамайтын жаман сөз,
өзің неткен адамсың?!
дей алмаймын өзіңнен асқан едім.
мінезінді Балғынбек, таста керім.
Қаласынан кетсем де отаныма,
ұмытпаймын ешқашанАстана елін.
сөйлегенді орысша,
дейсің жақсы білемін.
ол әзілдің айтысы,
Жетсін тағы тілегім,
Айтпақшы мен сол кезде,
Астанада жүр едім.
сен бүгінде ерекше толып жүрсің.
өлеңменен көп жерді шолып жүрсің.
Экс-астана тағы да, секс Астана,
деп Алматы бәлесін көріп жүрсің.
өзің ұшқан қала ғой, бұл Алматы,
сен де саңғып ұяңа не ғып жүрсің?
мақамына салып ап, бөріктінің
Аманжолдың шәкірті болып жүрсің.
мына қарыны қампайып,
екі аяғы талтайып,
отырысын жалпайып.
Басына бөрік кигізсе,
Айнымаған Әлтаев.
Достарыңызбен бөлісу: