Тақырып 11./ Тема 11. Академиялық сауаттылық
Академиялық сауаттылық терминінің мәнін ашу мақсатында тарихи даму кезеңдеріне шолу жасау қажеттілігі туындауда. Академиялық сауаттылық терминінің мәнін ашатын алғашқы еңбек 1985 жылы Б.С. Мучниктің «Адам және мәтін: Жазбаша сөз мәдениетінің негіздері» теориясымен тығыз байланысты. Бұл зерттеуде ғалым академиялық жазуды жетілдірудің міндетті қажеттілігін анықтаған мәселелерді алғаш рет құрастырады:
- сөздік қателердің елеулі санының әйгілі баспаларға енуі;
- ғылыми-негізделген, нақты критерийлерінің жоқтығынан қолжазбаларды редакциялау практикасындағы қиындықтар;
- педагогтардың ЖОО практикалық стилистиканы оқытудың мазмұндық аспектісіне қанағаттанбауы;
- жазу дағдыларын жоспарлы қалыптастыруға қажетті тапсырмалардың болмауы;
- мәтінді жетілдіру саласында нұсқау дайындайтын зерттеушілерде зерттеу әдіснамасы мен әдістемесінің жасалмағанына байланысты қиындықтар.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 12./ Тема12. Ғылыми реферат.
«Реферат» сөзі латын тілінен шыққан және оны сөзбе-сөз аударатын болсақ, ол "баяндау, хабарлау" деген мағына береді. Іс жүзінде барлық сөздіктер бұл сөдің мағынасын бірдей ашады. Реферат - жазбаша түрдегі кітаптың мазмұнының, ғылыми мәселелердің, жаттығулардың, ғылыми зерттеу нәтижелернің қысқаша мазмұндалуы, белгілі тақырыпқа баяндама, әдебиет тізімі мен басқа да көздерге шолу жасайтын белгілі бір тақырыптағы баяндама.
Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:
1. Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
2. Рефераттың құрылымы
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
4. Рефератты қорғау
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Тақырып 13./ Тема 13. Ғылыми баяндама. Баяндама тезистері.
Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін жазу және оны ресімдеу – зерттеу жұмысының негізгі элементі болып табылады.
Зертеу жұмысы нәтижелерін баяндау немесе жазба түрінде орындауда олардың мәтінінің дұрыстығы, оның стилистикасы мен тыныс белгілері ережелерінің дұрыс орындалуына байланысты екеніне шүбә келтіруге боламайды.
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама дерексіз, логикалық, дәлеледеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, ғылыми терминдер.
Баяндама – негізінен ғылыми конференцияларда, ғылыми зерттеу жұмысының бағыты, барысы, нәтижесі т.с.с. жөніндегі хабарлама. Оның баяндалу ұзақтығы 10-20 минут. Көбінесе, аралығы 2 интервалмен басылған бір беттегі материалды оқып шығуға 2 минут көлемінде уақыт кететіндіктен, оның көлемі 5-10 беттен аспағаны жөн.
Әдебиет: [негізгі әдебиет 1,2, 3,4,5.6., қосымша әдебиет 1,11, 17, 26.].
Достарыңызбен бөлісу: |