Академиялық саясат


«F»  бағасы  автоматты  түрде  қойылады



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата10.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#25130
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
«F»  бағасы  автоматты  түрде  қойылады  және  шағымдануға  жатпайтын 

негізде тәртіп бұзушылық актісі толтырылады. Бұл жағдайда білім алушы бұл пәнді ақылы 

негізде қайта оқиды. 

1.15.36. 

Қорытынды  бақылауды  жүргізу  Ережелерінің  бұзылуы  туралы  ақпарат 

студенттің транскриптіне енгізіледі. 

1.15.37. 

Ережені бірнеше рет бұзғаны үшін білім алушы факультеттің  этика кеңесінің 

ұсынысы негізінде Университеттен шығарылады. 

1.15.38. «F» (Retake) 

бағасын алған жағдайда білім алушы пәнді қайта өтуге құқылы 

(үш реттен артық емес). Пәндерді қайта оқу ақылы негізде жүзеге асырылады. 

1.15.39. 

Сабақ  басталғаннан  бастап  төрт  аптадан  кейін,  «Retake»  бойынша  білім 

алушы  пәннен  бас  тартуға  құқығы  жоқ,  ондай  жағдайда  білім  алушыға  «F»  бағасы 

қойылады. Пән үшін төленген төлем қайтарылмайды. 

1.15.40. 

Таңдау  пәндері  бойынша  қанағаттанарлықсыз  баға  алған  білім  алушы 

белгіленген  тәртіппен  сол  пәнді  қайта  оқуға  немесе  пәнді    сол  блоктан  басқа  баламалы 

пәнмен алмастыруға құқылы. Пәнді ауыстыру үшін эдвайзермен  және Тіркеу кеңесімен 

келісуі керек. 

1.15.41. 

Қорытынды бақылау (емтихан) бойынша бағаны аралық аттестацияның осы 

кезеңінде жоғарылату үшін  рұқсат етілмейді. 

1.15.42. 

Оқу  ақысы  бойынша  мерзімі  өткен  берешекке  байланысты  қорытынды 

емтиханға  жіберілмеген  білім  алушылар  қаржылық  қарызын  төлеп,  емтихан  сессиясы 



28 

 

аяқталғаннан  кейін  45  күнтізбелік  күн  ішінде  емтихан  тапсыруы  керек.  Олай  болмаған 



жағдайда,  білім  алушы  академиялық  саясат  ережелерін  бұзғаны  үшін  университеттен 

шығарылады. 

1.15.43. 

Курстың толық бағдарламасын аяқтаған, бірақ ең төменгі өту балын алмаған 

білім алушыға орташа GPA жоғарылату мақсатында, жазғы семестрде ақылы негізде жеке 

пәндерді  қайта  оқып,  олар  бойынша  қорытынды  емтихандарды  тапсыруға  мүмкіндік 

беріледі. 

1.15.44. 

Белгіленген  GPA  баллына  жеткен  білім  алушылар  университет  Басқарма 

төрағасы – ректорының бұйрығымен келесі курсқа жіберіледі. Курстан курсқа ауысу үшін 

талап  етілетін  GPA  деңгейі  оқу  жылының  басында  университеттің  Ғылыми  кеңесімен 

белгіленеді.  Белгіленген  GPA  балын  алмаған  білім  алушы  ақылы  негізде  қайта  оқу 

курсында қалады. 

1.15.45. 

Мемлекеттік  білім  грантының  иегерлері  екінші  оқу  жылына  қалдырылған 

жағдайда, білім грантынан айырылып, ақылы негізде әрі қарай оқуын жалғастырады.  

1.15.46. 

Аралық  аттестаттаудың  (емтихан  сессиясының)  нәтижелері  бойынша  білім 

алушыларға барлық емтихандарды «А», «А-», «В +», «В», «В-», С + «жақсы» бағаларымен 

тапсырған  жағдайда  стипендия  беріледі.  «FX»-ті  дұрыс  бағаға  («өте  жақсы»  немесе 

«жақсы») қайта тапсыру стипендияның тағайындалуына әсер етпейді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет