№ 9 - тәжірибелік сабақ
Тақырып: МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ БИОТИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ (симбиоз, комменциализм, метабиоз,
сателлизм, антогинизм, паразитизм)
Сабақтың
мақсаты:
Микроорганизмдердің
биотикалық
қарым-
қатынастарының түрлерімен танысу.
Түйін сөздер:
Микроорганизмдер,
симбиоз,
комменциализм,
метабиоз, сателлизм, антогинизм, паразитизм,
аммонифакторлар, нитрифакторлар, бактериялар.
Сұрақтар:
1.
Микроорганизмдердің биотикалық қарым-
қатынастарының түрлеріне не жатады?
2.
Симбиоз, комменциализм дегеніміз не?
3.
Метабиоз, сателлизм дегеніміз не?
4.
Антогинизм, паразитизм дегеніміз не?
Реферат:
Микробтар физикалық, химиялық әсерге ұшырап қана қоймайды,
биологиялық әсерлерге де ұшырайды. Табиғатта бәрі байланысты және өзара
тәуелді. Табиғатта микроорганизмдер тек ортаға әсер етіп қоймайды, сонымен
қатар өзара белгілі бір қарым-қатынаста болады. Кейде бір микроб екінші бір
микробтың дамуына қолайлы жағдай жасайды. Мұндай құбылысты симбиоз деп
атайды. Табиғатта микроорганизмдердің бір тобы екінші тобына қорғаныс
болады және олар арқылы тіршілік етеді. Бұған көптеген сапрофит
микроорганизмдердің, жануарлар мен адамдардың ішектерінде (ішек таяқшасы)
және терісінің сыртында (коккобактериялар) кездесетіні мысал бола алады.
Осындай тіршілік түрін, коменциализм деп атайды.
Симбиоз – микробтардың екі не бірнеше түрлерінің бір-бірімен бірігіп
тіршілік етуі. Симбиозға нақтылы мысал. Аэробтардың анаэробтармен бір тұйық
ортада (топырақтағы және басқа жерлердегі тұйықтылған қуыстарда) болуы, бұл
жағдайда аэробтар оттегін пайдаланғаннан кейін тіршілігі атомдық оттегісіз
жүретін анаэробтарға қолайлы жағдай туады. Целлюлоза ыдырататын
микробтардың күйіс қайыратын жануарлардың үлкен қарнында болуы микробтар
мен жануарлар симбиозына мысал бола алады.
15
Комменциализм – микробтардың басқа организмдермен бірге тіршілік
етуінің көмескі түрі, бұл жағдайда бір организм екінші организмнің қорегін не
бөліп шығаратын өнімдерін оған зиян келтірмей пайдаланады. Комменсалдар-
жануарлардың ішек-қарын, жыныс жолдарында, теріде кәдімгі микрофлоралары,
сол сияқты, өсімдіктердің эпифитті микробтары.
Метабиоз – микробтардың бір түрлері екінші бір түрлер тіршілік өнімдерін
пайдаланады және соның арқасында екінші түрдің дамуына қолайлы жағдай
туғызуы
(аммонифакторлардың
және
нитрифакторлармен,
целлюлоза
ыдырататын және азот жинаушы бактериялардың бірігіп тұруы түріндегі қарым-
қатынас)
Нитрификаторлар
шіріткіш
бактериялардың
өнімін-аммиакты
тотықтырады, ал азотобактериялар клетчатка ыдырағанда жиналатын
органикалық қышқылдарды пайдаланады.
Сателлизм – бір микробтың өсуіне екінші бір микробтар тіршілік әрекеті
өнімдерінің әсер етуі, ол кейін бірінші микробтарға серік болады.
Азотобактерлер бөліп шығаратын витаминдер және басқа биологиялық белсенді
заттар фосфордың органикалық түрлерін анорганикалық түрге айналдырады,
бұның өзі жоғарғы сатыдағы өсімдіктер дамуына қолайлы жағдай туғызады.
Синергизм – микробтар ассоциациясының жеке особьтарының бірдей
физиологиялық процестері, бұның нәтижесінде соңғы өнім мөлшері артады
(гетероауксиннің – азотобактер және саңырауқұлақтар тәрізді бациллаларды
бірге өсіргенде өсімдіктің өсу стимуляторының көбеюі).
Антогонизм – бір микробтың тіршілік әрекеті өнімдерінің екінші бір
микробқа қауіпті әсер етуі. Шіріткіш микробтар сүт қышқыл микробтармен бір
ортада бірге тіршілік ете алмайды, өйткені бұнда түзілетін сүт қышқыл
микробтармен бір ортада тіршілік ете алмайды, өйткені бұнда түзілетін сүт
қышқылы рН-ты төмендетеді және алкалифильдік организмдердің өсуін
баяулатады. Бұл принцип ауыл шаруашылығында қолданылады, сүрлем салу,
ашыту және ашқылтым сүт тағамдарын дайындау мен сақтау осы принципке
негізделген.
Паразитизм – бұл микробтар арасындағы бірге өмір сүруден пайданы
паразит қана көретін, иесіне зақым келтіретін, аяғында иесін өлімге үшырататын
қарым-қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |