Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет10/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Семантикалық  өріс 

  тілдік  бірліктердің  қандай  да  бір  ортақ 
семантикалық белгісі бойынша біріктірілген жиынтығы.  
Семиотика  –  таңбалар  мен  таңбалар  жүйесін  коммуникацияны  жүзеге 
асыру құралы ретінде зерттейтін ғылым.  
Семиотикалық  кеңістік  –  тілдік  таңбаның  семантикалық  ауқымын, 
прагматикалық  әлеуетін  және  синтагматикалық  бағыттылығын  қамтитын 
ауқымды сала.  
Синтагматика  –  таңбаны  сөйленімдегі  басқа  таңбаларға  қосатын 
қатынастар. 
Таным – болмыстың ойлауда бейнеленуі мен қайта еске түсірілу процесі. 
Оның  нәтижесінде  білімдер  жинақталады.  Бұл  –  ақпаратты  қабылдау,  түсіну, 
елестету, репрезентациялау және туындату жүйелерінің өзара әрекеттестігі. 
Таңба  –  таңбаланушы  мен  таңбалаушы  арақатынасының  екі 
жақтылығымен сипатталатын ақпараттың жасалу, жеткізілу және сақталуының 
материалды, 
вербалды 
құралы; 
таңбалаушы 
(тұрпат 
межесі) 
мен 
таңбаланушыны  (мазмұн  межесі)  репрезенттейтін  екі  жақты  материалдық 
бірлік. 
Типтік  код  –  таңбаның  заттық-ұғымдық  мағынасы  мен  тілдің  ұлттық 
спецификасы  шеңберінде  түрленіп  отыратын  прагматикалық  мағынаның 
(коннотациялар, 
этномәдени 
компонент) 
және 
жүйеішілік 
тілдік 
(парадигматикалық және синтагматикалық) мағыналардың жиынтығы. 
Тілдік  жағдаят  –  әлеуметтік  лингвистиканың  маңызды  ұғымдарының 
бірі тілдің коммуникативтік қызметін сипаттайтын аясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет