Аккузова айнур абдыжалиловна


Зерттеу жұмысының құрылымы



Pdf көрінісі
бет20/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспе, үш бөлім, қорытынды, 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


12 
1 МӘТІНДІ ЗЕРТТЕУДІҢ АНТРОПОӨЗЕКТІК ПАРАДИГМАСЫ 
 
1.1 
Тілді 
зерттеу 
үдерісінде 
антропоөзектік 
парадигма 
қалыптасуының тарихи-танымдық алғышарттары 
Бүгінгі  таңда  тіл  саласын  зерттеуде  адам  факторына  ерекше  назар  аудару 
үрдісі  қалыптасуда  екені  белгілі.  Дәстүрлі  қазақ  тіл  білімінде  де,  оның  ішінде 
құрылымдық  грамматикада  бұрын  аса  мән  берілмеген  адам  мен  тіл,  сөйлеуші 
мен тыңдаушы, тіл мен ойлау, тіл мен таным, тіл мен сана сынды ұғымдарға 
енді ғана ден қойылып келеді. Адам факторы арқылы зерттеу тілдің ашылмаған 
жаңа  қырларын  тануға  мүмкіндік  беретіндіктен,  адам  болмысын  сипаттайтын 
көптеген  ғылыми  салалардың  қалыптасуына  негіз  болатынын  түсінген 
ғалымдар антропоөзектік парадигманы  алға шығарды. Бұндағы антропоөзектік 
парадигма  тілді  құрылымдық,  жүйелік  парадигмамен  сабақтастықта  зерттей 
отырып,  тілді  тек  қарым-қатынас  пен  ойды  білдірудің  құралы  емес,  ұлттың 
рухани,  мәдени  коды  ретінде  қарастырады.  Демек,  антропоөзекті  парадигма 
тілді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра зерттейді. 
Жалпы  тіл  білімінің  даму  тарихында  зерттеу  парадигмасының 
салыстырмалы-тарихи,  жүйелік-құрылымдық  және  антропоөзектік  деген  үш 
түрі  бар.  Тілді  салыстырмалы-тарихи  парадигмада  зерттеу  ХІХ  ғасырда  үрдіс 
алса, ХХ ғасырда тілдің дыбыстық, семантикалық, стилдік сияқты құрылымдық 
қырларын арнайы қарастыратын дәстүрлі әдістері қалыптасты. Ал ХХІ ғасырда 
тілді  тұтынушыдан  тыс  зерттеуде  тілдің  шеңберінен  шықпай,  оның  таза  өзін 
ғана танумен шектелу жеткіліксіз болғандықтан, тіл саласын адам болмысы мен 
қызметімен  тығыз  байланысты  психологиямен,  философиямен,  дінмен, 
тарихпен,  мәдениетпен,  қоғаммен  және  т.б.  салалармен  байланыстырып, 
кешенді  зерттеу  қолға  алына  бастады.  Осыған  байланысты  тіл  біліміндегі 
зерттеулер  де  өзінің  бастау  нүктесін  (точка  отчета)  өзгертті.  Яғни  ондағы 
бірліктер жұмсалымдық қасиетіне қарай сипатталып, топтастырылатын болды. 
Сөйтіп,  бүгінгі  таңда  функционалды  тіл  білімі  тілді  зерттеудің  басты 
бағыттарының біріне айналды. Соның негізінде тіл білімінде тілді басқа ғылым 
салаларымен,  қоршаған  ортамен,  адамның  ішкі  жай-күйімен,  көзқарасымен 
байланыстыра  зерттейтін  антропоөзектік  бағыт  қалыптаса  бастады.  Соның 
нәтижесінде  оны  тудыратын,  қолданатын  және  болашаққа  алып  баратын  тіл 
иесіне,  оны  жетілдіріп  дамытатын  нақты  бір  жеке  тілдік  тұлғалардың 
коммуникативтік  қызметіне  де  назар  аударылып,  ұлттық  сананың  тілдегі 
көрінісі  бейнеленетін  жұмсалымдық  сипат  та  осындай  қажеттіліктерден 
туындайды.  
Тілді  зерттеудің  көрсетілген  үрдісіне  сәйкес,  «антропоцентристік 
парадигма», «антропоцентристік бағыт» деген ұғымдарды анықтау әрбір ұлтты, 
сол  ұлттың  тілдік  ерекшеліктерін  танудан  басталады.  «Антропоцентризм» 
ұғымына берілген ғылыми анықтамаға сәйкес, ол – гректің anthropos – «адам» 
және  латынның  сentrum  –  «орталық»  деген  мағыналы  сөздерінен  біріккен  сөз. 
Ол  «адам  құбылысын  (феноменін)  ғаламның  басқа  да  құбылыстарына 
(феномендеріне)  қарсы  қоя  отырып,  адамды  ғаламның  орталығы  ретінде 
танытатын,  дүниедегі  болып  жатқан  үдерістердің  мақсатын  адам  факторымен 


13 
байланыстыратын ғылыми бағыт» [1, 8 б.]. Сондықтан «anthropos 

 адам» деген 
сөзден  бастау  алатын  «антропоцентристік  көзқарас»,  «антропофилия», 
«антропология»,  «антропогенез»,  «антропометрия»,  «антропоморфизм»  және 
«антропологиялық парадигма»  сынды  ұғымдардың  қатар  қолданылуы 

  заңды 
құбылыс. Мәселен, «антропология» терминін ең алғаш рет адамның дене бітімі 
мен  жан  дүниесін  сипаттауда  ежелгі  грек  философы  Аристотель  қолданған. 
Содан  кейін  бірнеше  ғасыр  өткен  соң  ғана  бұл  термин  қайтадан  ғылыми 
айналымға енген. Осы арада бұл ұғымдардың қазақ тіл білімінде  антропоөзек, 
антропоөзектік  бағыт,  т.с.с  қолданылып  жүрген  балама  атауларының  уәжі 
антропоцентризмді 
философиялық 
қырынан 
таныған 
П.С. Гуревичтің 
мынандай  түсіндірмесімен  үндесетіні  байқалады:  «Антропоөзектілік  –  бұл 
әлемнің  өзегі  және  әлемде  орын  алатын  оқиғалардың  орталығы  адам  болып 
табылады  дегенді  білдіретін  көзқарас.  Көптеген  философтар  философияның 
басты  мәселесі  адам  деп  есептей  отырып,  осы  дүниетанымдық  ұстанымды 
негізге  алды.  Адамның  табиғатын,  болмысын,  мақсатын  түсіне  отырып,  сан 
ғасырлар бойы жиналған басқа да философиялық мәселелерді түсінуге болады» 
[2,  44  б.].  Ғалымның  тұжырымымен  таныса  келе,  антропоөзектіліктің  ғылым 
үшін аса өзекті екенін көруге болады. Тіршіліктің, өмірдің, ғылымның бастауы 
адам  екені  баршаға  мәлім.  Расымен,  табиғаттың  күшін,  адамның  танымын 
түсінгенде  ғана  жылдар  бойы  жинақталған  сұрақтарға  жауап  табуға  болады. 
Философ  П.С. Гуревич  өз  зерттеулерінде  барлық  мәселенің  шешімі  ретінде 
антропоөзектілікке баса назар аударған.  
Демек, жоғарыда айтылған екі анықтамадан тілді антропоөзектік тұрғыдан 
зерттеуде  адамның  тілге  қандай  ықпал  жасайтыны,  тілдің  адам  санасына, 
ойлауы  мен  мәдениетіне  тіл  тұтынушының  қолданыс  барысында  қалай  әсер 
ететіндігі  анықталып,  ерекше  маңызға  ие  тілдегі  адам  мәселесін  оның  әлемге 
қатынасы  арқылы  толық  сипаттауға  болады.  Тілді  таным  құралы,  қарым-
қатынас  құралы  ретіндегі  қызметі  негізінде  дамытатын  –  жеке  адам.  Соның 
ішінде  жеке  шығармашылық  тілдік  тұлға  тілдік  қолданысқа  жүйедегі 
құралдарды  икемдеп,  басқа  мағынада  жұмсап,  жаңа  өң  беріп,  құбылтуы  сөз 
әлеуетін  аша  түседі.  Күнделікті  тәжірибеде  оның  бағасы  айқындалып  жатады. 
Кемшілік  ретінде  кейбір  жеке  қолданыстардың  көпшіліктен  қолдау  таппай, 
тілдік  заңдылыққа  сәйкес  тіл  жүйесіне  ене  алмауы  түсінілсе,  артықшылығы 
ретінде  тілдің  жеке  адамдардың  шығармашылығы  арқылы  дамуы  атап 
көрсетіледі.  
Тілдің  төл  қызметін  дәл  анықтаған  А. Байтұрсынұлы:  «Тілдің  міндеті  – 
ақылдың  аңдауын  аңдағанша,  қиялдың меңзеуін меңзегенінше,  көңілдің  түюін 
түйгенінше  айтуға  жарау.  Мұның  бәрін  жұмсай  білетін  адамы  табылса,  тіл 
шама қадырынша жарайды» [3, 141 б.], – дейді. Олай болса, ғалымның «Тілдің 
міндеті  ...  жарау»  дегенін  –  тілдің  (жүйенің)  ішкі  мүмкіндігі  (әлеуеті)  шексіз 
деп түсінген жөн. Ал «жұмсай білетін адамы болса» дегені – тіл иесінің сөйлеу 
(речь)  арқылы  тілдің  комуникативтік  қызметін  дамытатын  күшіне  мән  беруі. 
Осы  бір  қысқа  ғана  тұжырымда  әлемге  танымал  тілші  ғалымдардың  ғасырлар 
бойы  зерттеп,  дәлелдеп, бірақ  әрқайсысы  әртүрлі  атап  келген  (Ф.  де  Соссюр  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет