Әуезелеуші – айтатын сөзіне өзін қатыстырмай, өзінен тысқары ғаламда
болған істі әңгіме қылатын адам.
Баяндаушы – жазушының сөзі, ал баяндаушының бейнесі (өзін автор
ретінде көрсететін) – жазушының әдеби артистизмінің формасы. Онда
автордың бейнесі өзі жасаған сахна бейнесіндегі актердің бейнесі сияқты
қарастырылады.
Білім – болмыстың объективті қасиеттері мен белгілерінің адам
санасында бейнеленуі, нәтижелерінің когнитивті ұйымдастырылуының базалық
формасы. Жадтың бір бөлігі, санада сақталатын мәліметтер.
Дискурс (фр.discours) – тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз – уақыттың мәдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра,
көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын
мағыналы, құнды іс-әрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады.
Кейіпкер – көркем шығармада суреттелетін оқиғаға қатысушы адам,
әдеби образ.
Коммуникация – латын тілінен аударғанда «ортақ атқару», «хабарлама»
деген мағына беретінін атап көрсетеді: «Кез келген коммуникацияның екі қыры
болады. Мәселен, хабар таратушы – хабар алушы, жазушы – оқушы, сөйлеуші – тыңдаушы, продуциент – реципиент, адресант – адресат.