Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет77/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

мағыналық-стильдік  діңгегіне  теңеп,  оны  анықтау  сол  шығарманы 
стилистика  тұрғысынан  талдау»  деп  көрсетеді.  Ғалымның  өз  сөзімен  айтар 
болсақ,  «автор  образын»  шығарманың  баяндау  стилінен,  диалогтар  мен 
монологтерді  беру  үлгісінен,  экспрессивтік-стильдік  элементтерінен  тануға 
болады.  Қысқасы,  «автор  образы»  –  лингвостилистикалық  проблема.  Көркем 
шығарма  құрылымы  жағынан  баяндау  (автор  сөзі)  және  диалогтер 
(кейіпкерлер  сөзі)  болып  бөлінеді.  Сондықтан  көркем  шығармада  баяндаудың 
авторлық нормаларын айқындап алу қажеттілігі туады» [60].  
Көріп отырғанымыздай, көркем шығармадағы автор бейнесін ашу арқылы 
біз  туындының  шынайы,  ешқандай  қиял  мен  экспрессия  қосылмаған  шығарма 
авторының  бейнесін  ашуға  мүмкіндік  аламыз.  Яғни  мәтінде  автор  бейнесі 
туынды  авторының  рухани  әлемін,  аялық  білімі  мен  ой  өрісін  тануға  жол 
ашады. Осы автордың дүниетанымы жөнінде ғалым Ж. Манкеева былай дейді: 
«Көркем мәтінді танымдық тұрғыда зерттеу барысы жеке тілдік тұлғаның 
ойы,  қиялы,  болжамы,  ғалам  жөніндегі  өзінің  біртұтас  тұжырымы  мен 
білімін  дәйектеп,  автордың  жеке  тәжірибесі  мен  таным  үрдісі  негізінде 
қалыптасатын  өзіндік  тілі  мен  даралығын  идиостиль  (жеке  стиль)  ұғымы 
ретінде анықтайды. Соған сәйкес жеке тілдік тұлғаның көркем мәтіндік тілі 
ұлттық болмыс пен автордың тарихи-мәдени тәжірибесімен толықтырылған 
шығармашылық  нәтижесі»  [135,  104  б.].  Осы  мәселеге  қатысты  көкейдегінің 
барлығын  қамтыған  ғалымның  тілдік  тұлғаға  қатысты  ой-тұжырымдарынан 
автордың  тарихи-мәдени  тәжірибесі,  қоршаған  ортаға  қатысты  көзқарасы 
нәтижесінде  мазмұнды  көркем  туынды  болатынын  түсінуге  болады.  Осы 
пікірдегі  «тарихи-мәдени  тәжірибесі»  ұғымының  астарында  не  тұр?  Қазіргі 
таңда,  атап  көрсетілгеніндей,  адамның  қоршаған  ортасына,  тарихы  мен 
мәдениетіне қатысты білімін бір сөзбен «аялық білім» деп атап жүр. Осы аялық 
білімнің кең немесе тар болуына байланысты көркем шығарма мазмұны ұлттық 
сипатқа  ие  болады.  Ғалым  Н.  Уәли  диалогтің  сәтті  немесе  сәтсіз  шығуына 
коммуниканттардың 
әлеуметтік-стереотиптік 
ерекшеліктері, 
коммуниканттардың 
аялық 
білімі, 
коммуниканттардың 
құзыретіндегі 
жақындық,  я  болмаса  алшақтық,  коммуниканттардың  жыныс,  жас,  тұлғалық 
ерекшеліктеріне  байланысты  жайттарды  ескеру-ескермеуі  әсер  етеді  деп 
есептейді [33, 46 б.].  
Тіл  білімінде  О.С.Ахманова  мен  И.В.  Гюббенет  «аялық  білім»  жүйесінің 
әлеуметтік-мәдени  ақпарат  және  тарихи-филологиялық  ақпарат  деген  екі 
ұғымын  ажыратып  көрсетеді  [5].  Ал  В.Г.  Костомаров  пен  Е.М.  Верешагин 
сынды  тіл  мен  мәдениет  байланысын  зерттеушілер  тілдік  жүйе  және  аялық 
білім  жүйесін  тұтас  қарастыратын  «рационалистік  тіл»  теориясын  ғылымға 
ұсынады. Әрбір адамның санасында айналасындағы болып жатқан құбылыстар 
мен  жайттарға  байланысты  білім  қоры  болады,  тілімізде  жылдар  бойы 
жинақталған  білімді  тұспалдап  жеткізу  үдерістері  де  бар.  Оны  жеткізу 
автордың аялық біліміне байланысты. Сол білімді қабылдаушы тыңдарманның 
да  аялық  білімі  соған  сай  болмаса  да,  жуық  болғаны  дұрыс.  Тілдік 
коммуникациядағы  аялық  білімнің  жүйесін  зерттеген  Х.  Ордабекова 
көрсеткендей,  тілдік  қарым-қатынас  барысындағы  «аялық  білім  жүйесі  – 


106 
индивидтің  материалдық  және  рухани  құндылықтарды  меңгеру  нәтижесі» 
[127,  74  б.].  Ал  автордың  рухани  әлемін,  оның  ішінде  өзіндік  танымын,  ішкі 
болмысын,  дүниеге  деген  көзқарасын,  бір  сөзбен  айтқанда  аялық  білімін  тану 
үшін ең алдымен көркем мәтіндегі автор бейнесін тану қажет.  
Лингвистикада «аялық білім» туралы алғашқы ойлар Е.М. Верещагин мен 
В.Г. Костомаровтың  «Тіл  және  мәдениет»  атты  кітабында  «лексикалық  фон» 
термині  арқылы  түсіндірілген  болатын.  Ғалымдар  бұл  ұғымды  өзге  тілдегі 
мәтінді  түсіну  барысында  қолданды.  Авторлар  болмыстағы  заттар  мен 
құбылыстардың,  яғни  денотаттың  мәнді  белгілері  мен  қасиеттерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет