Алаш көсемсөЗІ: тіл мәселесі көптомдық 2 том Қайрат сақ


жылы июль айының ішінде болып өткен



Pdf көрінісі
бет22/38
Дата30.01.2017
өлшемі1,66 Mb.
#3031
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38

1924 жылы июль айының ішінде болып өткен 
қазақ-қырғыз білімпаздар жиылысының жасаған қаулысы
 
Емле туралы
 
Қазақ тілінде 24 дыбыс барлығы тағайындалып, олар үшін мынадай 
таңбалар (қаріптер) алынды: 
I - дауыстылар: А, О, Ұ, Е, Ы; 
II - жарты дауыстылар: И, У, Р, Л; 
III - дауыссыздар: 
1) ұяң: М, Н, Ң: 
2) ымыралы: Ж,3; 
3) ымырасыз: Д, Г, F; 
4) қатаң: Б, П, Т, С, Ш, Қ, К. 
Ескерту:  сүйеу  таяқ  «А»  қазақ  әліппесінен  шығарылсын.  Сөз 
басындағы «А» мәнсіз «Е» жазылады. «Ч» орнына «Ш» алынды. Нүктелі 
«Ғ»  орнына  нүктесіз  «Ғ»  алынды.  X,  Ф,  һ  қаріптері  қазақ  әліппесінің 
аяғында арабтың басқа қаріптеріне қосылып, тек оқушыларға таныту 
ретінде  ғана  жазылсын.  Бірақ  ол  қаріптердің  ешбірімен  де  қазақша 
ешбір сөз жазылмасқа тиіс. 
Алынған қаріптердің әліппе реті: А, Б, П, Т, Ж, Д, Р, 3, С, Ш, F, Қ, К, Г, 
Ң, Л, М, Н, О, Ұ, У, Е, Ы, И. 
«Ы» - бітеу буында қалмай жазылсын.  
Түбір сөздерде де, жалғау-жұрнақ, жалғаулықтарда да «Б» мен «П»-
ның жазылуы тіл құралша болсын. 

218
Бұрын «Д» мен жазылып жүрген жалғау, жіктеу, жұрнақтар («дағы», 
«дікі») дыбыс жүйесінше жазылсын. 
Сөз артынан айтылатын демеулердің түбір мен жалғаудың арасында 
келетіндері сызықшамен жазылсын да, олай түбір мен жалғаудың арасына 
түспейтін демеулер («да») бөлек жазылсын. 
Үндестік заңына келмейтін жұрнақтармен жалғанған түбір сөздердің 
дәйекшелері қалмай жазылсын. 
Қазақ тіліндегі «сын» мен «сын,» деген жіктеулерден «сын» алынып, 
«сың» қалдырылсын. 
Бұрынғы  тіл  құралының  ережесі  бойынша  қатты  дауысты  дыбыс-
тардан  кейін  сын  есімдерде  «Т»  жазылып,  етістіктерде  «Д»  жазылып 
отыратын («атты кісі мылтық атты» деген сияқты) естілуінше һаман «Т» 
жазылсын. 
 
Қаріп туралы
 
Жазу ережелерінен кейін жиылыстың жете тексеріп, қараған мәселесі 
–  қаріп  туралы  болды.  Жиылысқа  екі  түрлі  жоба  түсті:  бірі  –  латын 
қаріптерін  алып,  бұрыннан  тұтынып  келе  жатқан  түркі  әліппені  жою; 
екіншісі  –  түркі  әліппенің  кемшілігін  түзетіп,  соның  өзін  қолдану.  Бұ 
туралы білімпаздар жиылысы мынадай қаулы шығарды: 
Қазақ-қырғыз  білімпаздарының  басын  қосқан  тобы  әліппе  түзеу 
туралы жасалған баяндаманы талқыға салып тексергеннен кейін һәм осы 
күнгі  тұтынып  жүрген  түрік  әліппесін  тастап,  латын  әліппесін  аламыз 
деген  пікірдің  дұрыс-терісін  тексеріп  қарағаннан  кейін  мынау  қарарды 
шығарды: 
1) Қазақ тұтынып отырған түркі әліппенің баспа ретінің дара болмауы 
баспа істеріне де, үйрену жағынан да қолайсыздық қылатын болғандық-
тан  һәм  оны  түзеу  өзге  әліппені  алудан  анағұрлым  оңай  болғандықтан 
жазба түрін осы күйінде қалдырып, баспасын дара түрінде алуға; 
2)  Латын  әліппесінің  түркі  әліппеден  артықтығы  жалғыз-ақ  дара-
лық  жағынан  болмаса,  басқа  жағынан  қолайсыз,  кемшіліктері  көп 
болғандықтан,  ол  артықтығы  да  түркі  әліппенің  баспа  түрін  дараласақ 
жоғалатын болғандықтан және де латын әліппесін жүргізу жұмысы өте 
көп іс, көп күш керек қылатын болғандықтан латын әліппесін алу деген 
сөзді орынсыз деп тануда. 
 
Пән сөздері туралы
 
Жат  сөз  қазақтың  өз  сөзіне  ұқсап,  қазақ  тіліне  сіңісіп  кететін  болу 
үшін оны қазақ тілінің мынадай заңдарына келтіріп алу керек: 

219
2)  Қазақ  тілінде  үндестік  заңы  бар.  Үндестік  заңынан  келмейтін 
сөздердің  бәрі  де  қазақтың  өз  сөзі  емес,  қазақ  тіліне  кіріп  кеткен  жат 
сөздер. Үндестік заңынан келмейтін қазақша сөз түрі жалғыз-ақ «нікі», 
«дікі»,  «тікімен»  жалғанып  айтылатын  тұр.  Сондықтан  қазақ  тіліне 
кіргізілген  жат  сөздердің  бәрін  де  сол  заңға  келтіріп  алу  керек.  Сөздің 
ішіндегі  дыбыстардың  бәрін  де  бірыңғай  жіңішкертіп,  я  бәрін  де 
жуандатып алу керек. 
3) Қазақ тілінде жұмсақ «Ә» сөздің бас буынынан басқа орындарда 
болмайды. Әсіресе, сөздің соңғы буынында жұмсақ «ә» болмайды. Бұл 
үндестік заңының салдарымен болған қазақ тілінің айрықша бір қасиеті. 
Сондықтан бас буыннан басқа буындарда жұмсақ «Ә» бар жат сөздерді 
қазақ тіліне кіргізгенде «Ә»-ні өзгертіп, я «О», я жуан «А» қылып алу 
керек («Адабият» – «Әдебиет»), 
4) Қазақша сөздерде «О» дыбысы бас буындарда тана болады. Басқа 
буындарда «О» дыбысы бар. «Бейнетқор», «Қамқор» секілді сөздер - оның 
аяғында  қор  деген  жат  жұрнақ  болғаннан  ғана  болып  отыр.  Тіліміздің 
ымырасынша,  «О»  дыбысы  бас  буыннан  басқа  жерде  тұра  алмайтын 
болған  соң,  бас  буыннан  басқа  орындарында  «о»-сы  бар  жат  сөздерді 
қазақ тіліне кіргізгенде «о»-ны басқа бір дауысты дыбысқа айналдырып 
алу керек (покров – «боқырау»), 
5)  Қазақша  сөздің  аяғы  «Ғ»,  «Г»,  «Д»  болып  тынбайды,  «Қ»,  «К», 
«Т»  болады.  Ондай  сөздерге  дауысты  дыбыспен  басталатын  жұрнақ, 
жалғаулар  (жіктеулер)  қосылып,  «Қ»,  «К»-лер  («Т»  емес)  екі  дауысты 
дыбыстың  арасына  түссе  (олардың  алдындағы  дыбыстары  да  дауысты 
болса)  «Ғ»,  «Г»  болып  өзгереді.  Бірақ  «Т»  –  «Д»  болып  өзгермейді. 
Аяғында ондай дыбыстары бар жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде сөз 
аяғындағы  «Ғ»,  «Г»,  «Д»-лауын  «Қ»,  «К»,  «Т»  қылып  алу  керек.  Бұл 
дыбыстардың  алдындағы  дыбыстары  дауысты  болғанда  артынан  және 
дауысты дыбыс жалғанса «Қ», «К»-лер «Ғ», «Г» болып өзгеретін болып 
«Т» өзгермей, сол күйінде қалатын болуы керек. Ондай сөздің аяғындағы 
«Қ»,  «К»-лердің  алдындағы  дыбыс  дауысты  болмаса,  ол  сөздерге 
дауысты дыбыспен басталатын жалғау, жұрнақтар жалғанғанда «Қ», «К»-
лер өзгермейтін болу керек. Я болмаса сөз аяғындағы «Ғ», «Г», «Д»-лары 
мүлде жоғалтып жіберу керек (Оренбург – Орынбор). 
6) Қазақ тілінің үздіксіздік заңы бар. Қазақша сөздің ішіндегі дауысты 
дыбыс  алдындағы  дауыссыздан  айрылып  (онан  кейінгі  буынға)  шыға 
алмайды  («қарағай»  –  «қар-ағ-ай»  болып  үзіліп  буындала  алмайды). 
«Мәсіле» секілді үзіліп қалатын сөздер де қазақ тілінде болмайды. Және 
бір  сөздің  ішінде  арасына  дауыссыз,  я  жарты  дауысты  дыбыс  салмай, 
екі  дауысты  дыбыс  қатарынан  келмейді.  Үздіксіздік  заңына  келмейтін 
жат сөздерді қазақ тіліне кіргізгенде өзгертіп, үздіксіз қылып алу керек 
(«мәсіле» – «мәселе»). 

220
7) Қазақша сөздің екпіні соңғы буында болады. Сондықтан екпіні соң-
ғы буыннан басқа буындарда болған жат сөздерді қазақшаландырғанда 
екпін  соңғы  буынға  келтіріп  алу  керек  (Самара  –  Самар,  пуховый  – 
бөкебай). 
8)  Қазақ  тілінде  өзінде  жоқ  дыбыстардан  тізілген  сөздер  болмасқа 
керек. Ішінде жат дыбыстары бар жат сөздерді пән сөзі қылып алғанда 
оның жат дыбыстарын шығарып тастап, орнына қазақша дыбыс кіргізіп 
алу керек. Жат дыбыстардың әрқайсысына алдын ала қазақ дыбыс арнап 
көрсетуге  болмайды.  Ретіне  қарай,  мәселен,  орысша  «В»  қазақша  «У», 
«П», «Б» болып өзгеруі мүмкін; «X» дыбысы қазақша кейде «К» кейде 
«Қ» болып өзгеріп, кейде мүлде жоғалып кетуі де мүмкін. 
9)  Қазақ  тіліне  кірген  жат  сөздер  түбір  сөз  есебінде  алынып,  қазақ 
тілінің заңдары бойынша өзгеретін болуға тиіс жат сөзді жат жұрнағы-
мен алуға болмайды. Жұрнағымен кірген сөз болса оның сол жұрнақты 
түрін түбірге балап алу керек. 
Пән сөздері тақырыпты қазақ тілінің Бұл тоғыз түрлі заңы негіз бо-
лып алынды. 
Жұрт-жұртқа  бірдей  пән  сөздеріне  дәлме-дәл  қазақша  мағына 
табылса,  сол  алынады.  Қазақтан  кейін  өзге  түрік  сөздері  аз  делінеді. 
Бұлардан  үйлесімді  мағына  табылмаса,  ортақ  сөздердің  өзі  алынады. 
Қазақ,  я  өзге  түрік  сөздерінің  мағынасы  дәлме-дәл  келгендігі  шүбәлі 
болған орындарда екі мағынасы қатар қойылады. Түбінде қолдана келе 
қайсысы  қолайлы  болса,  сол  алынып  кететін  болады.  Пән  сөздерін 
тексеріп  алушы,  жүзеге  асырушы  орын  бүкіл  қазақ-қырғыз  үшін  біреу 
ғана  болады.  Пән  сөзін  тексерушілер  әр  пәнге  арнаулы  сексиелерге 
бөлініп,  сол  пәндердің  мамандарынан  құралады.  Бұлар  қабылдаған 
сөздерін талқыға салып, мерзімді бір уақыттың ішінде жариялап, сын-
нан өткізіп барып қорытындысын білім кеңесіне салып отырады. Білім 
кеңесі керек деп тапса, пән сөзін тексергенде басқа ұлттардың адамдар-
ын мәжіліске шақырып отырады. 
Қазақ-қырғыздың өз тілі болсын, жаңадан алынған пән сөздері болсын 
реттеліп, тізіліп лұғат кітабы болып шықсын. 
Жаңадан жазылған кітаптардың аяғында сол кітапта ұшырасатын пән 
сөздері тіркеліп отырсын. 
Пәмилие туралы
 
Қазақша  жазғанда,  сөйлегенде  пәмилие  артынан  «ов»,  «ев»,  «ин»-
дер  келмесін.  Оның  орнына  жай  сөйлескенде,  жазысқанда  әркімнің  өз 
аты  аталсын.  Кітап  сыртына  немесе  ресми  қағаздарда,  документтерде 
әкесінің (ұлы, қызы болып) содан соң өзінің аты қойылсын. 

«ТАң» журнАЛЫ 
(1925)
«Таң»  журналы  1925  жылдың  наурыз  айынан  бастап  Семей 
қаласында  шықты.  Шығарушылары  –  Ш.Тоқжігітов,  А.Сайдалин, 
Ш.Жантілеуов,  сондай-ақ  «Таңның»  шығарушыларының  бірі  ретінде 
Мұхтар Әуезов те көрсетілген. 
«Таң»  журналында  авторлардың  материалдары  мазмұнына  қарай 
төмендегі бөлімдерде жарияланды:
«Жалпы  саяси  бөлім»,  «Ресми  бөлім»,  «Шаруа  бөлімі»,  «Білім-тәр-
бие бөлімі», «Әдебиет бөлімі», «Отантану бөлімі».
Журналдың  «Ресми  бөлімінде»  үкіметтің  қаулылары  мен  бұйрық-
жарлықтары, заңдар мен ережелер  басылды. Басқа бөлімдер аясында 
ел ішіндегі оқу-ағарту ісі, білім беру, тәлім-тәрбие, тіл мәселесі, саяси-
әлеуметтік мәселелер, шаруашылық жайы сөз болды, ғылыми мақала-
лар және әдеби-мәдени туындылар жарық көрді. 
Журналдың  негізгі  бөлімі  –  әдебиет  бөлімі  еді.  Бұл  бөлімде  әсіресе 
М.Әуезовтің  қолтаңбасы  айқын  байқалады.  Абайдың,  Сұлтанмахмұт 
Торайғыровтың  жарық  көрмеген  өлеңдері,  Абайдың  ұлы  Тұрағұлдың 
Горькийден аудармалары, Сәбит Дөнентаевтың өлеңдері жарияланды.  
Қазақтың халық ауыз әдебиеті де көрініс тапты.
1925 жылдың маусым айына дейін 4 саны ғана жарық көрген «Таң» 
журналы қаражат тапшылығына байланысты шығуын тоқтатады. 

222
жазу таныту һәм жаздыру әдісі
 
Сауатсыздықты  жою  жолында  осы  жазға  (июнь,  июль)  гүбірнедегі, 
қырдағы  қазақ  елінің  арасына  оқытушылар  жіберіліп  отыр.  Оқытушы-
ларымыздың бәрі дерлік Қарқаралыдағы һәм осы Семейдегі қазақ даріл 
мұғалімдерінің  (кірпедтехникум)  шәкірттері.  Бұл  шәкірттердің  осы 
жылы  техникумды  бітіріп  шығатындары  демалысқа  жіберілетіндіктен 
сауатсыздықты жою қызметіне жегілмейді. Олардан төменгі бөлімдердің 
шәкірттері оқыту жолындағы әдістерді әлі үйренген жоқ. Оларды қырға 
жіберу алдында екі жұмадай оқытып, дайындаған болсақ та, қолдарына 
ұстатып  жіберетін  нұсқаушы  кітаптары  болмаған  соң,  ауыздан  естіп 
ұғынғанның, қарындашпен асығып жазып алғанның ұмытылып, тұтығып 
қалуы  мүмкін.  Сондықтан  аз  болса  да  жолбасшы  көмек  ретінде  осы 
мақаланы жазып отырмын. 
Әр істің өзіне арнаулы әдісі болады. Әдіссіз істелетін ешнәрсе жоқ. 
Соның ішінде оқытудың әдісі өзге барлық әдістерден қиын болады. Басқа 
жұмыстардың көбінің әдісі сыртқы түріне қаралып, сыртқы сезімдермен 
сыналып  істелетін  жайда.  Ал  енді  оқыту  әдісі  ол  сыртқы  сезімдермен 
сынап қана жүргізумен толық болып шықпайды. 
Оқытатын  шәкірттердің  жан  сипаттарымен  танып  болып,  сол  жан 
сипаттарының тілегіне қарай әдіс қолдану керек. 
Мен әр істің өзіне арнаулы әдісі бар дедім. Сол сияқты әр ғылымның 
да өзіне арнаулы әдісі бар. Мен осы мақаламда жазу таныту һәм жаздыру 
әдісін ғана көрсетіп өтемін. 
Адам баласына жазу  үшін  ұғыныс  жасау  арзанға  түскен  жоқ.  Адам 
баласы жазу танығаннан кейін ғана мәдени жолға қарай адымды кең алды. 
Әуелгі  уақытта  жазу  дегеннің  өзі  де  әр  түрлі  сүгіреттермен  басталып, 
ақыл-ой артқан сайын түзеле келіп, қазірдегі түріне жеткен. Жазу таныту 
һәм жаздыру жөнінде бүл уақытқа шейін әр түрлі әдістер қолданылды. 
Ғылым-мәдениет артып, ақыл-ой кеңейген сайын жаңа әдістер шығып, 
жазу таныту һәм жаздыру жолы өте жеңілденіп отыр. Жазу таныту һәм 
жаздыру жолында өзімізге мәлім болып өткен соңғы уақыттағы әдістерді 
қарастырып өтсек те арасында тіпті үлкен айырма бар екені айқындалып 
тұрады.  1907  жылға  шейін  қазақ  арасында  жазу  таныту  һәм  жаздыру 
жолында ылғи ежіктеу әдісімен үйретіліп келді. Одан соң ноғай ағайыннан 
һәм қазақтың өзінен шыққан оқытушылар (мұғалімдер) арқылы Исмағұл 
бей  Гаспринский  бастап  шығарған,  басқа  жаңашылдар  қошеметтеген 
жаңа негіз (усул жәдид) мектебі қазақ арасында аздап көріне бастады. 
Бұл  мектептің  жазу  таныту  әдісі  дауысты  дыбыстармен  жүргізу 
болды. Бұл жол жүріп келе жатқанда «дыбыс әдіс» деген бұрынғылардың 
бәрінен үстем, тәуір әдіс келіп шықты. 

223
Бұл дыбыс – әдіс бойынша ең бірінші қазақ тілінде әліппе һәм нұсқау 
ретінде  баяншы  жазып  шығарған  Ахмет  ағай  Байтұрсынұлы  болды. 
Қазірде  де  қолданып  отырылған  осы  дыбыс  әдісімен  жазылған  Ахмет 
әліппесі. 
Бұл  әдістердің  арасындағы  қиындық,  оңайлық  түрлерін  көрсетіп, 
сындарын  жазып  отырудың  бұл  уақытта  қажеті  де  қалған  жоқ.  Жазу 
таныту  һәм  жаздыру  жолындағы  әдістің  ең  қолайлысы  –  соңғы  дыбыс 
әдісі екенін оқытушылар түсініп жеткен. Ол турасында қолданып жүрген 
құралдары да бар. 
Менің  осы  жолы  жазып  отырғаным  айтылып  өтілгендердің  бәрінен 
басқа  «бүгін  сөз  әдісі»  деген  тәртіп.  Бұл  бүтін  сөз  әдісі  біздің  қазақ 
оқытушыларына  жат  көрінсе  де  мәдениетті  орыс  жолдастардың  сауат-
сыздықты бітіру жолында қолдана бастағанына екі жылдан асып кетті. 
Бұл бүтін сөз әдісі өте-мөте үлкендерді оқытып, сауатсыздығын жоюға 
аса қолайлы, жақсы, жеңіл деп құрғақ мақтай берген сөзге көңіл тұрақ-
тай қоймауы да мүмкін. 
Сондықтан бүтін сөз әдісімен оқытудың пайдалы жайындағы ғылы-
ми дәлелдерді көрсетіп өтпекпін. 
Ғалымдар оқығанда кісі әр қаріпті көріп бара ма; бір қаріпке, бір сөзге 
бір сөйлемге оқығанда кететін уақыттар қанша; таныс сөзді оқу мен таныс 
емес сөзді оқудың арасында қаншалық айырма бар һәм бұлардан басқа да 
сұрауларға жауап іздеп, көп тәжірибелерді жасаған. Сол тәжірибелердің 
бірнешеуін алып қарағанда бүтін сөз әдісінің қажеттігі туады. Оқушы-
ның ауызының қозғалысымен бірге қозғаларлық ретте етіп, бір кішкене 
айнаны көздің сыртқы қабына орнатады, алдына бір үлкен айна қояды. 
Ғалым оқушы кісінің артында тұрып бақылау жасайды. Көздің қозғалыс 
ретін сызыққа түсіреді. Бүл тәжірибеден көздің бір орынға көп тоқталып 
тұрмай,  зулап  жүріп  тұрғаны,  оқыған  жазудың  жолымен  дәл  жүріп 
отырмай, ұстайтын орындарына аттап жүргені, бір жолға бірден бастап 
жетіге  шейін  ғана  тоқтап  өткені,  оқылған  сөз  қаншалық  қиын  болса, 
соншалық  көбірек  тоқтап  өткені,  оқыған  сөздің  жартысынан  бастап, 
бестен  біріне  шейін  ғана  бөгеліс  етіп  оқуы  (дәлдеп  көруі),  ашығырақ 
айтқанда, бір жолда 20 сөз болса да бір-ақ қарағанда, яки жіті қарағанда 
көріп бітіреміз. Барлық оқылған сөздің 1/5-ін ғана анықтап, дәлдеп көре-
міз. 1/5-ін дәлдеп көрмесең де дұрыс оқып шығамыз деген сөз болады. 
Мұны ұғымдырақ етіп айтқанда, бір жүз бетті бір кітапты оқығанда 
біз соның 20 бетін дәлдеп көреміз, 80 бетін көрмей-ақ тура оқимыз деген 
сөз болады. 
Бұл  сөз  кісіні  таңға  қалдырады.  Дәл  көрмегенімізді  қалай  дұрыс 
оқимыз  деген  ойға  түсіреді.  Сондықтан  мұның  анықтамасын  да  қарас-
тырып  өту  қажет.  Бізде  көздің  құйрығымен  қарау,  қырындап  көру, 
тұтасымен  көру  дегендер  бар.  Мұны  әр  кісі  біледі  десек  те  өтірікші 

224
болмаспыз. Көздің шілтерінің ортасына дәл келгені өте айқын көріледі, 
ұғымда көп уақыт ұсталады. Көздің қырымен көрілген көмескі болады, 
ұғымда аз уақыт сақталады. Көздің қырымен көру сипаты адамның көру 
ауданын  кеңейткен.  Соның  салдарынан  біз  дәлдеп  қарамай,  отырған 
орындағы  нәрсені  де  көре  аламыз.  Жазудың  қатесін  түзетушілер  (кор-
ректор)  өзінің  қарап  отырған  жолынан  төмен  6-жолдағы  қатені  көруі 
болған. Көрудің бұл сипатын бұдан көрі де анықтау үшін Мейман деген 
ғалымның  (профессордың)  жасаған  көзілдірігімен  істелген  тәжірибені 
көрсетіп  өтуге  болады.  Мейманның  көзілдірігін  киіп  оқыған  кісі  сөзді 
көзшілтерінің  ортасымен  ғана  көретін  болған,  қырынан  көру  деген 
біржола жоғалған. 
Сол  мейман  көзілдірігімен  оқыған  кісі  көп  уақытта  оқып  отырған 
жолынан  адасып  қалып,  жылдам  оқудан  бір  жола  айырылып  отырған. 
Бұдан басқа да бірсыпыра Конның 0.001 (мыңнан бірін) қатесіз өлшеп 
көрсететін құралмен кісінің бір қаріпті оқуға, бір буынды оқуға, бір жеңіл 
сөйлемді оқуға кететін уақыттарды өлшеп те тәжірибелер істелген. Сол 
уақытта жеке бір қаріпті оқуға кеткен уақыт пен бір сөздің ішіндегі көп 
қаріпке кеткен уақыт, жеке бір сөзді оқуға кеткен уақыт пен 3-4 сөзді бір 
сөйлемге кеткен уақыт бірдей болып шыққан. 
Бұл тәжірибе бірнеше рет істелгенде бір қаріпті оқуға кеткен уақыт 
пен үш-төрт сөзді бір сөйлемді оқуға кеткен уақыт бірдей болып шыққаны 
аңғарылған. Ақылға салып қарағанда бұлай болып шығуы тіпті ұғымсыз, 
ғылымнан жырақ сияқты болып көрінеді. Ал енді таныстық дағдылану 
шарттарымен кісіге пайда болатын тездік сипатын көз алдымызға алып 
келіп  қарасақ,  таңырқарлық  ешнәрсе  қалмайды.  Біз  таныс  болған  бір 
сөйлемді тұтасынан көргенде, тұтасынан бір-ақ оқимыз. Сондықтан бір 
қаріпті оқуға кеткен уақыт пен бір сөйлемді оқуға кеткен уақыт бірдей-ақ 
болып қалады. 
Сөздің  сыртқы  түріне  көздің  таныстығы  қаншалық  жеңілдік  бере-
тінін  осыдан  топшылауға  болады.  Сөздің  сыртқы  түріне  таныс  болып 
әдеттенген көздің тездікпен оқуға жеңілдік беретінін анық білу үшін де 
ғалымдар бір түрлі бір санды қаріппен жазылған бірі таныс, екіншісі та-
ныс емес сөзді оқытып, қайсысына қанша уақыт кеткенін, ол уақыттардың 
арасында қаншалық айырмалар болғанын, айырықша жасалған тәжірибе 
құралымен өлшеп байқаған. Сонда таныс сөз жылдам оқылып, жат сөз 
жай оқылғаны көрілген. 
Ондайлық  өлшеу  құралын  өзіміздің  қолымызда  болмаса  да  сөзден 
мысал түсіріп қарайық: «Қобыланды батыр» деп бір қағазға жазылған, осы 
сөзді теріс айландырып «ыдналыбоқ рытаб» деп екінші қағазға жазылған. 
Оқыған  кісі  бірінші  сөзді  тез  оқығанын,  екінші  сөзді  бөгеліңкіреп 
оқығанын  өзі  де  анық  сезеді.  Күнде  оқып  отырған  «Қазақстан»  деген 
сөзді бір қағазға жазып, оны теріс айландырып «натсқазақ» деген сөзді 

225
екінші қағазға жазып, екеуін екі қолға ұстап, оқушыға кезекпе-кезек жалт 
еткізіп көрсетіп тұрсақ, бірінші дұрыс жазылған сөзді оқиды, екінші теріс 
жазылған сөзді көзін тоқтатпаса, оқи алмай сандалады. Екеуінің сөз қарпі, 
қаріптерінің  саны  бірдей,  жалғыз-ақ  бірінші  сөздің  сыртқы  түрі  көзге 
әбден  таныс,  екінші  сөздің  сыртқы  түрі  көзге  жат.  Сондықтан  бірінші 
сөзді  жылдам  оқиды.  Таныс  сөйлемді  кісі  өте  жылдам  оқығандықтан 
ішіндегі  қате  жазылған  қаріптерін  де  байқамай  кетеді.  Бұған  әркім  өзі 
мысал келтіре алады. 
Жә, енді ғылымның осы дәлелдерінен біз не білеміз? Жазуды жыл-
дам оқу үшін көз жазулы сөздің сыртқы түріне таныс болуы керек екенін, 
оқығанда сөздің қаріптерінің әрбіреуіне жеке көзді тоқтатып отырмағы 
тұтасынан бір-ақ көріп, бір-ақ оқып жіберу қажет екенін білеміз. 
Біздің  бұл  уақытқа  шейін  қолданып  келе  жатқан  дыбыс  әдісі 
жоғарыда  көрсетілген  ғылым  дәлелдеріне  салғастырып  қарасақ,  өте 
қиындық  ішінде  жүргенімізді  көреміз.  Мысалы,  «А»,  «О»,  «П»,  «Б» 
қаріптерін  үйреткенде  «А»,  «Ыр»,  «Пы»,  «Бы»  деп  үйретеміз.  Осы 
үйреткен қаріптерімізден «Арба» деген сөзді қостырмақ болсақ, балалар 
ауыздарының  әдеттенуі  бойынша  «Аырбыа»  деп  оқып  азаптанады. 
Қалайша  түзу  оқытуды  білмей,  оқытушылар  азаптанады.  Дыбыс  әдісі-
мен әбден жаттықтырып, жазу танытып алған шәкірттеріміздің де жазуды 
оқығанда Мейман профессордың көзілдірігін киіп отырған кісіше әрбір 
жеке қаріпке көз тоқтатып, ежіктеп алып жинастырып қосып оқығанын 
көреміз. Бұл дыбыс әдісінің де осындай қиыншылық келтіріп жүргенін 
еске алып, байлау бергенде баяғы («әліпсүн әліп бигесекін әпжемұнжа 
әбжәдәлге секін әбхад» деп оқитын) ежіктеу әдісінің аз ғана алдында жүр 
деп айтуымызға ауызымыз барып қалады. 
Дыбыс  әдісімен  бір-бір  жеке  қаріптерге  көзді  тоқтатып  үйретіп, 
балалардың  көзін  әдеттендіру  Мейманның  көзілдірігін  зорлықпен  ки-
гізіп, көздің тұтас көру сипатын еріксіз жоғалтумен бірдей болып шығады. 
Бұған екінші түрлі етіп есептен мысал келтіріп қарайық: бір оқытушы 
шәкірттеріне  санды  ылғи  бір-бірден  санап,  қостырып  үйретті.  Екінші 
оқытушы шәкірттеріне санды бір-бірден... төрт-төрттен... жеті-жетіден... 
сегіз-сегізден... қостырып үйретті. Бірінші жолмен есеп үйренген шәкірт-
ке төртке бесті қосыңыз? (4+5) деп сұрау берсең: «төртке бірді қостым 
- бес, беске тағы бірді қостым - алты...» деп тоғызға шейін бармақтарын 
жұмып санап, шатылып отырады. Ал енді екінші жолмен есеп үйренген 
шәкіртке сол сұрауды берсең, бөгеліп тұрмастан «тоғыз» деген жауапты 
береді. 
Міне,  осы  сияқты  дыбыс  әдісімен  қазып  санап  оқуға  әдеттенген 
шәкірт бір сөздің ішіндегі барлық қаріптерге көз тоқтатып отырып, бір 
сөйлемді  көп  уақыт  оқиды.  Бүтін  сөз  әдісімен  оқуға  үйренген  шәкірт 
таныс бір сөйлемді бір-ақ оқып жібереді. 

226
Бүтін  сөз  әдісінің  ұнамды  екеніне  жоғарыдағы  жазылған  ғылыми 
дәлелдер  жеткілікті  деп  біліп,  енді  сол  бүтін  сөз  әдісінің  қалай  етіліп 
оқытылуы жайында нұсқалап өтемін. Бүтін сөз әдісін қолданған кісі ең 
әуелден-ақ шәкіртке тұтас бір сөйлемді жазып оқытады, яки баспасөзден 
қаратып оқытады. Сол сөйлеуді бірнеше рет қайтарып оқытады. 
Шәкірттердің көзі сөйлеудің сыртқы түрімен тұтас таныс болып үй-
ренген соң сөйлемнің ішіндегі сөздерді жеке-жеке айырып көрсетіп оқы-
тады. Әр сөздің жеке түрімен көз танысып үйренгеннен кейін сөйлемнің 
ішіндегі жеке сөздердің орындарын ауыстырып қойып, екінші түрге ай-
налдырып оқытады. Сөздердің жеке түрімен алдында танысқан шәкірт 
сөйлемді екінші түрге айналдырып қойып оқытқанда өздері танып оқи 
бастайды. 
Сонан  кейін  сөйлемнің  соңғы  түріндегі  сөздерді  тағы  жекелеп  көр-
сетіп  оқытып  өтеді.  Сөйлемдегі  әуелгі  дұрыс  қалпында  һәм  сөздерінің 
орнын  айырбас-тап  өзгертіп  қойған  қалыбында  бірнеше  рет  оқытып, 
әбден  танытқаннан  кейін  әр  сөзді  жеке  алып,  буындарға  бөліп,  буын-
дарды жеке-жеке оқытып таныстырады. Сол сөйлемнің ішіндегі барлық 
сөзді  буындарға  айырып  оқып  һәм  сол  буындарды  қайтадан  қосып 
оқып  дағдыланғаннан  кейін  барлық  буындарын  тізбектеп,  жекелеп 
жазып  қояды.  Сол  буындардың  әрқайсысын  жекелеп  оқытып  шығады. 
Көрсетілген  буындармен  әбден  танысып,  қатесіз  оқи  білгеннен  кейін 
сол буындардан жаңа, жат сөздер жасап шығарады. Жаңадан жасалған 
жат сөздерді жеке-жеке оқып, танысып болған соң сол жаңа сөздерден 
құрастырып жаңа, жат сөйлем жасап шығарады. Жасалған жаңа сөйлемді 
бірнеше рет оқытып, әбден таныстырып танытады. 
Міне,  осы  рет  сөйлемдерді  оқытып,  содан  толық  сөйлем  жасайды. 
Сонымен  басқыштап  бірнеше  сөйлемді  оқытып  үйреткеннен  кейін 
үйренген сөйлемдерін құрастырып, шәкірттерді қызықтырарлық әңгіме-
ге  жол  ашады.  Ашылған  жолдың  ретімен  әңгіме  сөйлеп,  шәкірттердің 
көңілін өсіріп, келесі сабаққа қызықтырып та қояды. 
Осы ретпен бірнеше күн оқытып, ілгері басқаннан кейін буындарды 
жеке қаріптерге айырып көрсете бастайды. Көрсетілген қаріптердің жеке 
аттарын айтып таныстырады. Сонымен барып өзіміздің тілдегі жиырма 
торт қаріпті тегіс тізіп шығарады. 
Қашан  қаріптерден  сөз  құрастыруға  кіріскенде  дыбыс  әдісіндегі 
жеке қаріптерден сөз құрастыру жолына түсіп кетпей, әуелі буындарын 
құрастырып  алып,  содан  сөз  жасап  шығарады.  Жеке  қаріптерді  айтқы-
зып, сөз жасап шығарудың қиын екенін жоғарыда көрсетіп өттім. 
Бүтін сөз әдісін қолданғанда алынған сөйлем шәкірттердің құлағына 
бұрын көп естіліп жүрген, баспасөзге көп жазылып жүрген болсын. Ондай 
сөзді  шәкірт  газеттен,  журналдан  көп  жолықтыратын  болсын.  Жаңа 
сөйлемдерді  оқытқанда  сол  сөйлемнің  ішінде  де  алдыңғы  сабақтарда 
таныс болған сөздер келіп кіріп отыратын болсын. 

227
Оқытылған сөйлемдердің ішінде бұрын таныс болып кеткен буындар 
көп жолығарлық һәм қазақ тіліндегі жиырма торт қаріп байқалмаған түр-
де тез уақыт тегіс оқылып өтерлік болу жағы көзде ұсталсын. Сөйлеуден 
сөйлем жасалып, онан әңгіме құралуға, алынған сөйлеулердің мәнілері 
жалғасып келерлік болу жағы ойдан шығарылмасын. 
Құрастырылмақ болған әңгіме шәкірттің тұрмыс өміріне, білім, тәрбие, 
шаруашылық,  саясат  жағынан  жанасып,  қызбалықты  болып  шығарлық 
мәні де болу жағы көз алдында ұсталсын. Шәкірттерге оқыту алғашқы 
уақытта қаріптердің дара (жеке) тұратын түрімен, яки баста жазылатын 
түрімен болсын. Келесіде бұл әдіске арналып жазылған әліппелер де осы 
көрсетілген тәртіпті көз алдына ұстап жазылуы оң. Дәйекшенің жайы-
мен әуел бастан-ақ таныстырылып өтілсін (алдына дәйекші белгісі тұрған 
сөз жіңішке оқылады деп үйретіп қою сияқты). 
Бүтін сөз әдісімен оқытқанда қаріптің бір ғана түрі болуы өте қажет. 
Сондықтан жоғарғы қаріп жайында айтылған сөзді тілек ретінде жазып 
отырмын. Бүтін сөз әдісімен оқытқанда дәйекшімен әуелден таныстырып 
қоюдың аса қажеті бар. Шәкірттердің көзі танысқан бір түрлі буындар-
мен әр түрлі сөздер жасап шығарған сияқты бір түрде болып жасалған 
сөзден  жіңішке,  жуан  айтылуына  қарай  екі  түрлі  мағына  шығаруға 
болады. Сол  арасындағы айырма жалғыз ғана дәйекшіде тұрады. Осы 
жазылып өткен әдіске арнап бір мысал көрсетіп өтейін: «Кеңес өкіметі 
қазаққа  теңдікті  берген»,  «басқа  өкімет  қазаққа  теңдікті  берген  жоқ». 
Бұл  сөйлемнің  сөздерін  жекелеп  алып  оқытады;  Кеңес  өкіметі  қазаққа 
теңдікті берген. Басқа – өкімет – қазаққа – теңдікті – берген – жоқ. Осылай 
ашалап таныстырғанда алдыңғы сөйлем мен соңғы айтылған сөйлемнің 
арасында қандай айырма бар екеніне шәкірттердің көңілін бөліп, басқа 
түрлі мағына шығарып тұрған сөзбен өте таныстырып өту керек. 
Көрсетілген сөздермен жеке-жеке танысып біткеннен кейін сөздердің 
орындарын  ауыстырып  қойып  оқытып,  екеуінен  басқа  тағы  үшінші 
сөйлем  жасап  оқыту  керек.  «Қазаққа  теңдікті  берген  кеңес  өкіметі», 
«қазаққа  теңдікті  берген  басқа  өкімет  жоқ».  Бұлардың  әр  сөзін  жеке 
буындарға айырып оқыту – ке - ңес, ө - кі - ме - ті, қа - зақ - қа, тең - дік - 
ті, бер - ген; бас - қа, ө - кі - мет, жоқ. Буындарды реттеп жазу: 
 
о
ө
ке
кі
ме
ты
қа
ңес
зақ
тең
дік
бер
ген
бас
мет
жоқ
 

228
Бұлайша  тақталап  бөліп  жазудың  арқасында  шәкірттердің  көзі  бір 
қаріпті,  екі  қаріпті,  үш  қаріпті  буындармен  жекелеп  таныса  барады. 
Аяғында  қаріптерді  жекелеп  көрсетуге  барып  жеткенде  өте  пайдалы 
болып шығады. 
Оқытушы  солайша  ашаланған  буындардан  құрастырып,  төмендегі 
түрде жаңа-жаңа сөздер жасайды: қазақ, қазақты, қатаң, теңдік, кеңеске, 
кеңесті, кекеме, кеме, теке, текемет, текеметі, оты, өті, хаты, оқа, меке, 
мекеме, өкіметті, өкіметке, жоқты, жоққа, басты... 
Осы  сияқты  жаңа  сөздерді  жасап,  әрқайсысын  жеке  оқытып,  дағ-
дыландырып,  көздерін  таныстырғаннан  кейін  сол  сөздерден  жаңа  сөй-
лемдер құрастыруға кіріседі. «Оқа жоқ, текеметке теке бер, оқа берме» 
сияқты.  Будан  кейін  оқытушы  осы  сөздерден  мәнісі  жалғас  сөйлемдер 
құрастырып, әңгіме боларлық сөзге жол аша бастайды. 
«Бас өкімет кеңес, қазаққа кеңес теңдік берген; қазақ кеңеске тасты 
бер, кеме бер; қазақ кеңесті кекеме, бас мекеме кеңес; кеңес басқа өкімет-
ке қатаң; қазақ басқа өкіметке, жоққа, текемет берме». Бұл құрастырыл-
ған сөйлемдердің қазақ еліне кеңес өкіметінің беpiп отырған саяси теңдігі 
жайынан әңгіме сөйлеуге, кеңестің құрылысы жайынан әңгіме сөйлеуге 
жол ашқаны айқын көрініп тұр. 
Оқытушы  сөйлемді  жеке  сөзге  айырғанда,  жеке  сөзді  буындарға 
айырғанда айырып көрсететін сөйлемін ұзыншақ қағазға ірі қаріптермен 
жазып  алып  келіп,  шәкірттердің  алдында  жеке  сөздерге  кесіп-кесіп 
тастауы керек. 
Жеке  сөздерді  де  сол  сияқты  етіп  жазып  алып  келіп,  шәкірттердің 
алдында буындарға кесіп-кесіп тастауы керек. Сол кесілген буындардан 
шәкірттердің өзіне сөз құрастыруы керек. Шәкірттердің үйренген сөздері-
нен көп буындар кестіріп, сол буындардан үйлерінде жаңа сөз құрастырып, 
тігіп-тігіп алып келуге міндет беріп жіберу керек. Буындарды қаріптерге 
айырып үйреткеннен кейін де осы тәртіпті қолданып отыру керек. 
Осы көрсетілген тәртіппен шәкірттерді жазуды оқуға үйретумен қатар 
жаза білуге де қатар үйрете бару керек. Жазуды үйрету оқыған сөздерін 
көшіртіп жаздырумен басталады. Әрбір оқып шыққан сөздерін бірнеше 
рет көшіртіп жаздырады. Алғашқы уақытта оқытушы шәкірттерді әдемі-
леп жазуға қыстап азаптамасын. Жалғыз-ақ қағаздың дұрыс қойылуын, 
қаламының  жақсы  ұсталуын,  жазудың  оң  жағынан  басталып,  түзу 
жазылуын қатты бақыласын. 
Осы кейінгі айтылғандар жақсы бақыланбаса, шәкірттің қолы жаман 
әдетке дағдыланып кетіп, артынан түзету жұмысы өте қиынға айланып 
кетеді.  Содан  барып  жеке  қаріптерді  жаздыруға  кіріскенде  оқытушы 
жазудың жақсы, әдемі болу жағын да бақылауға кірісуі керек. 
Жазу  таныту  һәм  жаздыру  жайында  менің  берген  нұсқауым  әзірге 

229
осы ғана. Әрбір жаңа жұмыс көп тәжірибенің, ысылудың арқасында ғана 
көркейіп ілгері баспақ. 
Бүтін  сөз  әдісі  жайында  қазақ  тілінде  бұл  уақытқа  шейін  баспасөз 
майданына  түскен  әдебиет  жоқ.  Бүтін  сөз  әдісіне  арналып  жазылған 
әліппе  де  жоқ.  Мен  бұл  мақаланы  сауатсыздықпен  күресетін  қаһарман 
әскерлерімізге  бір  құрал  болар  деген  үмітпен  жазып  отырмын.  Мақала 
пайдаланатын уақытынан соңға қалмай басылсын деген мақсұтпен асы-
ғыс түрде жазылды. Жұмыстың қазақ әдебиетінде жаңалығын, мақала-
ның асығыс жазылғанын ойымда ұстап мен мақаламды кемшіліктен таза 
емес деп есептеймін. 
Бұл  турада  менің  мақаламның  кемшіліктерін  көрсетіп,  баспасөз 
майданында кеңірек жол ашқан талапкерлердің сөзін қуанышпен қарсы 
алып,  өзімнің  қолымнан  келген  көмекті  көрсетуге  дайын  екенімді  біл-
діріп өтемін. 
Тілек  ретінде  қаламы  жүйрік,  қайраты  артық  тәрбиеші,  оқытушы-
ларға  осы  бүтін  сөз  әдіс  жолымен  әліппе  жазып  шығарса  екен  деген 
өтінішті ұсынамын. 
Бұл  орында  Қазақстанның  Қызылордадағы  ғылым  кіндігіне  қойып 
өтетін бір сұрауым бар: 
Шет  орында  отырған  оқытушылардың  бәрі  дерлік  оқу  құралдары, 
жолбасшы  кітаптарды  Қызылордадан  күтіп  отырады.  Әр  орында  ол 
сияқты кітап бастыруға бытыранды жол ашылып кетуінен қауіп етеді. 
Өз  беттерімен  кітап  жазып,  Қазақстан  ғылым  кіндігінің  сынына 
жіберейін деп ойласа да, жарамсыз болып қалады ғой деп қорқады. 
Міне, осы сияқты толқынған күмәнді ойға Қазақстан ғылым кіндігі 
ашық нұсқау берсе, жұмыстың беті ашылып қалар еді деп ойлаймын. 
М. Тұрғанбайұлы 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет