Алаштың АҚИЫҚтары мақалалар, деректі құжаттар, аудармалар жинағы


Бұл күнге шейінгі төңкеріс әм әдебиетіміз



бет5/69
Дата11.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#137644
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
Байланысты:
АЛКА

Бұл күнге шейінгі төңкеріс әм әдебиетіміз


Үстіміздегі зор төңкеріс — бізге өз тарихымыз тудырған, өз тарихымыздың қатынасы болған таныс төңкеріс емес, Еуропа тудырған жат төңкеріс еді. Осы себептен біздің әдебиетімізде бастапқы жылдарда төңкеріс туралы қолға аларлық ешнәрсе болмағаны даусыз. Әдебиет өзінің бұрын келе жатқан бетімен жүре берді. Бір жағынан, орыс отаршылдығының зардабынан елге кірген бүліншілік - бұзықтықты сүйретіп, екінші жағынан, елдігін ұмытып, жасып қалған, өткенде өзінше ел болғанын есіне салып, табиғи жолмен келе жатты. Марксшіл зор ғалым Плеханов: '"Шаруа — тұрмыс-салт төңкерісінін бейімделуі болмақ", - дейді (Бельров. '"К вопросу о развитии монистического взгляда на историю").


Төңкеріспен қазақ төңкерісінің сырты ғана соқтыққандай болғанымен, санасы - дағдылы жолымен келе жатты. Сондықтан әдебиетіміз төңкерістің бастапқы дәуірінде өзінің табиғи жолымен өсіп келе жатты. Осы жолда әдебиетіміз бірталай ілгері аттап та қалды. Қияға қарғып шығамын деп мертігіп қалмай, тұрмыстың, тарихтың заңы бойынша табиғи жолмен жүріп, күн санап өсіп, терењдеп келе жатқан кешегі, бүгінгі әдебиетімізді қарғауға емес, алқауға міндеттіміз. "Төңкеріс туралы тез үндей қоймадың"- деп, томпиып өкпелеуге емес, не себепті үндемегенін ұғуға міндеттіміз.
Әдебиетімізге төңкерістің тіпті түспеуініњ, бірен-саран “түсірем” деген топас тәжірибелердіњ теріс жағынан түсуінің тағы бір себебі: төңкерістің өзінің қазақ даласына күнгей бетінен емес, теріскей бетінен, оңынан емес, солынан кіруі — алақандағы нәрсе ғой. Мұны бүркеп қоюға болмас. Маркстіњ: "Санаға сипат беретін - салт" - деген асқар пікірін де аттап кетуге болмас. Төңкерісті оң жағынан түсірем деп ұмтылған әдебиетіміздің тәжірибесі соңғы бірер жылдың ішінде ғана басталды.
Бұл айтылғандардың бәрі - әдебиетіміздің бұл күнге шейін жүріп келген жолы. Тарихтың, тұрмыстың құрыш заңы бойынша өз бағытымен дұрыс жүріп келген жолы. Енді бұдан “былай” деген мәселе тумақ: ақќан судың өзінен айрылмайтын сипаты — ағу. Аққанда, жазық жерде - жайылып, жыбырқанып, тар жерде, тастыњ бауырында — көбіктеніп көпіріп, жарды соғып лепіріп ағу. Яғни, өзініњ ағу заңына да, жолдың, арнаның заңына да бағыну. Тұрмыс та ағып жатқан су сықылды. Қазақ тұрмысы да, салты да жаңа арнамен ағуға бет алды. Зор төңкеріс қазақ даласына енді күнгей бетінен кіргелі жаңа жол іздемек.
Сонау жаңа жолдың жөні қайда? Бұған жауабымыз — мынау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет