Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет185/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   596
ЧАРЛЬЗ РАЙТ МИЛЛС
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Archive Photos / Archive Photos / Getty Images


234
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
консерватизмге ұрынды деп айыптады, әлеуметтік өзгеріс туындата алмайды 
деп те сынады.
Мұндай сындардың бір пайдасы – кейбір әлеуметтанушыларды құры лым-
дық функционализм мәселелерін құрылым мен конфликтіге қатысты қызы-
ғушылықты біріктіру арқылы шешуге құлшындырды. Бұл жұмыс конфликт 
теориясының құрылымдық-функционалдық теорияға балама ретінде дамуына 
жол ашты. Өкінішке орай, бұл теория болмашы ғана интеллектуалды ерекше-
ліктеріне қарамастан, көбіне құрылымдық теорияның айнадағы елесі сияқты 
әсер қалдыратын.
Бұл теорияның алғаш аталуын Льюис Козердің (1956) әлеуметтік конф-
ликт функциясына қатысты (Delaney, 2005 a; Jworski, 1991) кітабынан кездес-
тіруге болады. Ол еңбекте әлеуметтік конфликтіні құрылымдық-функционал-
ды көзқарас шеңберінде зерттеуге тырысқан. Дегенмен конфликт теориясы-
ның по зитивті функцияларын зерттегеннен гөрі, конфликтінің өзін қарастыру 
арқылы көбірек дерекке қол жеткізуге болады.
Конфликт теориясының ең басты мәселесі – оның Маркс теориясынан оқ-
шаулануы. Өйткені марксистік теория әлеуметтанудан тыс пайда болып да-
мығандықтан, күрделі әлеуметтік конфликт теориясының өрістеуіне қажетті 
шарттарды қамтамасыз ете алатын еді. Тек бұл тарапта Ральф Дарендорфтың 
(1929–2009) жұмысы ерекше жағдай ретінде қарастырылады.
Дарендорф – Маркс теориясымен жете таныс еуропалық ғалым. Ол өзінің 
конфликт теориясын марксистік дәстүрде ұсынуға тырысқанымен, нәтижесін-
де Дарендорфтың ең басты еңбегі «Class and Class conflict in Industrial Society» 
(«Индустриялы қоғамдағы топтар тартысы») (1959) конфликт теориясы жө-
ніндегі ең беделді шығарманың бірі болды, көбіне жетекші бағытты ұстанған 
әлеуметтанушылары оны құрылымдық функционализмнің бір көрінісіне көбі-
рек ұқсатты және өте құнды еңбек ре тінде бағаланды. Бұл Дарендорфтың құ-
рылымдық функционалистермен бір деңгейде талдау жасап (құрылымдар мен 
институттар), бірдей мәселелерді қарастырғанын білдіреді (басқаша айқанда, 
құрылымдық функционализм мен конфликт теориясы бір парадигманың әр-
түрлі бөлшектері). Дарендорф әлеуметтік жүйелердің аспектілері бір-біріне 
сәйкес келгенімен, олардың араларында елеулі конфликтілер мен шиеленіс-
тердің болуы ықтимал екенін мойындады.
Ақырында, конфликт теориясы әлеуметтану теориясының тарихындағы 
өтпелі оқиға ретінде қарастырылуы тиіс. Ол марксистік теорияға бағытталма-
ған дық тан құлдырады. 1950–1960 жылдары америкалық қоғамға толық марк-
систік бағытты қабылдау әлі ерте еді. Бірақ 1960 жылдардың аяғына қарай ол 
бағыттың мойындалуына конфликт теориясы айрықша ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет