382
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Эрвинг Гоффман атақ-даңқы шарықтап келе жат қан
кезде 1982 жылы, дүниеден озды. Ол көптеген жылдар
бойы әлеуметтану теориясының басты тұлғаларының
бірі болды. Гоффман Калифорния штатындағы Беркли
университетінің беделді саналатын әлеуметтану бөлі-
мінің профессоры бола жүріп, зор атаққа ие болды,
кейіннен әйгілі Пенсильвания университетінде жоғары
қызметте істеді.
1980 жылы ол өзін озық ойлы теорияшыл ретінде
танытты. Қайтыс болар жылы Америка әлеуметтану
қауымдастығының президенті болып сайланып, алай-
да ауруы асқынып кетуі салдарынан бұл қызметті ат-
қара алмады. Рэндалл Коллинз Гоффманның жоғары
бе делін ескере отырып, оның жолдауы жайлы былай
дей ді: «Барлығымызды Гоффманның президенттік жол-
дауға қалай дайындалып келетіні қызықтырды, қарапа-
йым тұсаукесер рәсімі оның мәртебесіне сай емес еді...
Алайда біз одан мүлдем күтпеген өзгеше хабар алдық:
президенттік жолдау болмайды, Гоффман хал үстінде.
Бұл жағдайдан құтылып шығудың гоффмандық тәсілі
еді» (1986b:112).
Гоффман 1922 жылы 11 маусымда Альберт провинциясында (Канада) дүниеге келген
(S. Williams, 1986). Чикаго университетінде жоғары дәрежеге ие болғандықтан, оны жиі Чи-
каго мектебінің өкілі және символикалық интеракционист деп атайды. Алайда қайтыс болар
алдында одан: «Өзіңізді символикалық интеракциониспін деп санайсыз ба?» – деп сұрағанда,
өзін осы категорияға жатқызу үшін бұл ұғымның тым бұлыңғыр екенін айтып жауап берген еді
(Manning, 1992). Негізінен, оның шығармашылығын белгілі бір теориялар тобына жатқызу қиын.
Гоффман өзінің теориялық көзқарастарын қалыптастыру барысында көптеген мәліметтерге сү-
йеніп, өзіндік ерекше тәсіл қолданған еді.
Рэндалл Коллинз (Collins, 1986b; Williams, 1986) Гоффманды символикалық интеракционизмге
қарағанда көбіне әлеуметтік антропологиямен байланыстырады. Гоффман Торонто универси-
тетінің студенті болған кезінде антропологияны зерттеп, Чикагода символикалық интеракцио-
нистермен емес, антрополог У. Ллойд Уорнермен (Collins, 1986b:109) үнемі байланыста болды.
Коллинз ол туралы: «Гоффманның бұрынғы жұмыстарындағы дәйексөздерді зерттей отырып,
оның әлеуметтік антропологтердің әсерінде болғанына көз жеткіземіз және символикалық
интеракционистерге сирек сілтеме жасайтын, сілтеме жасаған күннің өзінде тек сынға алу мақ-
сатында ғана жасаған, – дейді. – Бірақ Чикагода жүргізілген сипаттама зерттеулер Гоффманға
ықпал етіп, оларды әлеуметтік-антропологиялық дүниетаныммен біріктіріп, өзгелерден ерек-
ше тәсілді ойластырды. Осылайша символикалық интеракционист адамдардың өз имиджін
қалыптастырып немесе талқылағанына тек сырттай ғана қарап тұрса, Гоффманды «қоғамның...
адамдарды белгілі бір бейнені қалыптастыруға мәжбүрлеуі... сондай-ақ ол бізді көптеген күр-
делі рөлден өзгесіне өтуге мәжбүрлеумен қатар, өтірікші, арсыз етіп шығаратыны» қызықтыр-
ды» (Collins, 1986a:107).
Гоффманның талдау тәсілінің ерекшелігі символикалық интеракционизмнің дамуына да, этно-
әдіснаманың қалыптасуына да айрықша әсер етті. Коллинз Гоффманды этноәдіснаманың ғана
емес, конверсациялық талдаудың қалыптасуына да зор үлес қосқан айтулы тұлғалардың бірі
деп бағалады: «Дәл осы Гоффман бірінші рет мұқият эмпирикалық зерттеулермен айналысты,
алайда бақылау арқылы ғана зерттеу жұмысын жүргізді, себебі әлі магнитофон мен видеомаг-
Достарыңызбен бөлісу: