398
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
қажетті деңгейде аса қатты уайымдамайды, сондықтан ол өзінің өткен өмірінде-
гі осындай жағдайды есіне түсіріп, сол эмоцияларды өз досын қолдап тұру үшін
пайдаланады. Жас әйел еркекке деген махаббатын сезіну үшін ба рынша әрекет
жасайды. Бұл әрекет барасында тәннің сол сәтке сәйкес келуі үшін жады мен
қиял пайдаланылады.
Эмоциялы еңбек тек адамдар мен олардың эмоциялары жадысының ара-
сындағы қатынасты ғана қамтымайды. Хохшильд дұрыс эмоцияларды сезіну
терминіне сәйкес, дос адамдардың терең сезімдерін туындататын көптеген әдіс-
терді анықтап көрсетіп береді. Мысалы, адамдар эмоциялардың жадысын құру
үшін «сахна тірегіне» сүйеніп тұруы мүмкін немесе олар достар мен отбасыға,
яғни олардың өнер көрсетуінің қатысушыларына Гоффман терминін қолдан-
сақ, жағымды эмоцияларды сезінуге көмектесу үшін үміт арта алады. Сонымен
қатар адамдар ұнамсыз эмоцияларды басу үшін естен кетпес жағ дай лардан қа-
шады. Бұл жерде біз эмоциялар жұмысы тек эмоцияларды
ояту үшін ғана емес,
оларды
басу үшін де қолданылатынын байқаймыз. Егер адамдар өздерінің досы
мен сыныптасы сәтсіз жағдайға душар болуына қатысты орынсыз қуанса, олар
өз өткен күндерінен осындай сәтсіздікті көз алдына елестетуі мүм кін. Егер эмо-
циялардың осы жұмысы сәтті болса, олар бұл қуаныш эмоциясын басып, жаны
ашу эмоциясын білдіреді.
Осы тұста екі қорытынды жасауға болады. Біріншісі, Хохшильд үстіртін
әрекетті күнделікті өмірдегі эмоцияларды басынан өткізуді түсіну үшін жеткі-
ліксіз деп қабылдаса да, ол әлі де эмоцияларды актордың өз-өзімен және бас-
қалармен қарым-қатынас барысында жасалатын нәрсе деп қарастырады. Екін-
шісі, біз қатысатын терең іскерліктің басым бөлігі дағдылы, жылдам әрі жеке.
Осылайша, ол бірден эмоциялық жұмыс арқылы пайда болған әрекет ретінде
танылмайды. Демек, Хохшильдтің эмоциялармен жұмысты сипаттауы күрделі
болып көрінсе де, біздер көбінесе осы эмоцияларды күнделікті әрекетіміздің
үйреншікті бөлігі ретінде қолданамыз. Біз эмоциялар белгілі бір жағдайда күті-
летін сезім қағидаларына қарама-қайшы келгенде қажетті эмоцияларды қалып-
тастырудың қаншалықты қиын екенін түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: