409
10-тарау
•
Этноәдіснама
Ұлы тоқырау мен Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарын-
да дүниеге келген көп зерттеушілер секілді, Гарольд
Гарфинкель әлеуметтануға күрделі жолмен келді. Гар-
финкель Ньюарк, Нью-Джерсиде 1917 жылдың 29
қазанында туып, 2011 жылдың 21 сәуірінде дүниеден
өтті (Maynard, 2011). Оның әкесі келімсек отбасыларға
шаруашылық тауарларын бөліп төлеуге сататын шағын
кәсіпкер болды. Әкесі сауданы игергенін қаласа да, Га-
рольд колледжде оқығысы келді. Ол әкесінің ісін бас-
қарумен қатар, сол кезде әлі тиісті түрде тіркелмеген
Ньюарк университетінің бизнес курстарына барады.
Оқу сапасы Колумбия университетінің түлектері сабақ
бергендіктен, айтарлықтай жоғары еді, әйтсе де жас
оқытушыларда тәжірибенің жоқтығынан, дәріс тым
теориялық сипатта болды. Оның кейінгі теориялық
бағдарлануы, әсіресе «түсіндірмелерге» деген бейімді-
гі жалпы осы курстармен, «есептілік теориясы» туралы
бухгалтерлік курспен ішінара байланысты. «Бағандар мен сандарды [басшылыққа] қалай түсінікті
жасауға болады деген сұрақ Гарфинкельді мазалады» (Rawls, 2011:104). Сонымен қатар Ньюарк-
те әлеуметтану курстарын бірге тыңдаған, кейіннен әлеуметтік ғылымдар саласында ғалым атан-
ған басқа еврей студенттерімен қарым-қатынас жасау ол үшін маңызды болды.
1939 жылы университетті бітіргеннен кейін Гарфинкель жаз айларын Джорджиядағы ква-
керлердің еңбек лагерінде өткізді. Онда ол Солтүстік Каролина университетінде қоғамдық
жұмыс жобаларын жылжытуға бағытталған әлеуметтану бағдарламасының бар екені тура-
лы естіп біледі. Университет бағдарламасына қабылданғаннан кейін Гарфинкель диссер-
тациясының ғылыми жетекшісі ретінде Гай Джонсонды таңдайды. Оның нәсілдік қарым-
қатынастарға деген қызығушылығы Гарфинкельдің «Нәсіларалық қанды қылмыс» тақыры-
бында магистрлік диссертация қорғауына түрткі болды. Сондай-ақ ол әртүрлі әлеуметтік
теориялармен, әсіресе феноменология өкілдерінің жұмыстарымен және таяу арада жа-
рияланған (1937) Толкотт Парсонстың
The Structure of Social Action («Әлеуметтік әрекеттің
құрылымы») еңбегімен танысады. Солтүстік Каролина түлектерінің басым көпшілігі сол уа-
қытта статистика және «ғылыми әлеуметтанумен» әуестенсе, Гарфинкель теорияға, әсіресе
Флориан Знанецкийдің ұмытылуға айналған әлеуметтік әрекет пен актор көзқарасының
маңыздылығы жөніндегі ойларына ынта қойды. Бұл қызығушылық Гарфинкельдің соғыс
кезіндегі қызметінен де көрініс тапты. 1942 жылы Гарфинкель әскери-әуе күштерінің қата-
рына шақырылады.
«
Гарфинкель әскерді танктер шайқасына, Майами Бичтегі гольф ойнауға арналған алаңда
танктерсіз дайындауға тапсырма алады. Гарфинкельдің қолында олардың
Life журналынан
алынған суреттері ғана болды. Ал нақты танктердің барлығы жауынгерлік іс-қимылдарға
жұмылдырылған болатын. Теориялық түсініктемелерден нақты эмпирикалық егжей-тег-
жейді артық көретін адам майданға жөнелгелі отырған сарбаздарға қиялдағы танктермен
шайқасуды үйретті. Оның үстіне, сарбаздардың қиялдағы танктерге жақындығы шынында
өмір мен өлім арасындағы жағдайға алып келуі әбден мүмкін еді. Бұл тәжірибенің Гар-
финкельдің түсініктерінің дамуына әсерін елестету қиын. Ол сарбаздарға қиялдағы
танктердің шынжыр табанына граната лақтыруды; көзіне көрінбеу үшін оқты қиялдағы
танктердің қорғанына атуды үйретті. Бұл тапсырма Гарфинкельге Солтүстік Каролинада
Достарыңызбен бөлісу: