530
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
сынып оқушыларына кредит картасын ұсынатыны айыптауға тұрарлық әрекет.
Олар жастарды несие мен қарыздың «қармағына» іліп алуға тырысады. Әрине,
мұндай әрекеттердің соңы көптеген адамның жеке басында қиындық тудырып,
қоғамдық мәселеге айналады.
Миллиондаған адам кейде несие карталарын оңды-солды пайдаланып, қа-
рызға белшесінен батады. Адамдар кейде үлкен «пирамиданы» құрайды, басқа
карталар бойынша минимал төлемдер жасау үшін келесі картадағы ақшалай
алғытөлемдерді пайдаланады. Осылайша қарызын төлей алмаған адамдар заң
алдында жауап беріп жатса, кейде өзінің банкротқа ұшырағанын жариялауға
мәжбүр болады. Нәтижесінде ескі қарызын қайтарып, несие алу құқығын қал-
пына келтіру үшін ұзақ жылдар, кейде тіпті қалған өмірін арнайды. Жағдай сон-
шалықты ауыр болмаса да, кредиттік картадағы қарыз бойынша пайыздарды
ғана төлеу үшін үздіксіз жұмыс істеп, өзінің кредиттік теңгерімін аздап өзгер-
туге (егер бар болса) қабілетті болады. Олар несие карталар фирмасына тәуелді
болады деп айтуға болады.
Бұл жерде сипатталған жеке қиындықтардың түрлері жинақталған кезде қо-
ғамдық мәселеге айналады. Бізге мәлім, несие карталар фир маларының саясаты
мен процедуралары (мысалы, дайын карталарды ұсыну және студенттерге несие
карталарын ұсыну) секілді қоғамдық мәселелер – жеке қиындықтардың пайда
болуына себепкер. Жеке проблемалар мен қоғамдық мәселелер арасында диалек-
тикалық байланыс бар, олар бір-бірін өзара шиеленістіреді.
Жалпы тұрғыдан қарастырсақ, несие карталарына қатысты келтірілген мы-
сал біріктірілген микро-, макротәсілдің өзекті әлеуметтік мәселені зерттеуге жа-
райтынын көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: