Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет383/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

РЭНДАЛЛ КОЛЛИНЗ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Photo courtesy of Randall Collins


537
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Осылайша, Элиас «индивид» пен «қоғам» арасындағы байланысты қарас-
тырмай, «индивидтер және қоғам ретінде қабылданатын адамдар арасындағы 
қарым-қатынастарға» көңіл аударады (Elias, 1986:23). Басқаша айтқанда, ин ди-
вид те, қоғам сияқты (және бұлардың арасындағы кез келген әлеуметтік құбы-
лыс), адамдар арасындағы қарым-қатынаспен байланысты. Төзімді лігі жағынан 
жоғары саналатын «өзара тәуелділік тізбегі» ұғымы Элиас әлеуметта нуының 
ең маңызды өзегі: нақты, белсенді тұлғаны қалыптастыру үшін адамдар өзара 
қалай және неліктен байланысады деген негізгі сұрақтардың бірі, бәлкім, әлеу-
меттанудағы басты сұрақ шығар ([1969] 1983:208).
Элиастың ұсынған фигурация ұғымы индивидтер басқа индивидтерге 
ашық және бір-бірімен өзара байланыста болады деген идеямен байланыс-
ты. Оның тұжырымдауы бойынша, әлеуметтанушылардың көбісі адам жайлы 
homoclauses секілді түсінікке, яғни «ақырында әрбірі барлығынан абсолютті түр-
де тәуелсіз жеке адамдардың бейнесі – өзінің ішіндегі жеке тұлғаға» негізделеді
(Elias, [1969] 1983:143). Бұл фигурация теориясын қабылдамайды, фигурация-
лық әлеуметтануға ашық, сондай-ақ өзара тәуелді актор керек деп түсіндіріледі.
Әдеп тарихы. Егер Вебердің зерттеу пәні Батыс әлеміне тән рационалдан-
дыру болса, Элиастыкі Батыс елдерінің өркениеті болды (Bogner, Baker and 
Kilminster, 1992; for an application of his ideas to another part of the world – 
Singapore – see Stauth, 1997). Айт пақ шы, Элиас Батыстағы немесе әлемнің бас-
қа бөлігіндегі өркениеттен жақ сырағы бар деуден аулақ. Батыс өркениетінде 
әртүрлі қиыншылықтар бар екенін мойындаса да, ол өркениет туралы жаман 
пікір айтпайды. Жалпы алғанда, Элиастың ойынша (Elias, [1968] 1994:188), мә-
дениеттің жоғары не төмен болуы оның жақсы, жаман екенінің өлшемі емес. 
Адамдардың мәдениетті болуы олардың мінезі де жақсы (немесе нашар) деген-
ді білдірмейді; жай ғана әлеуметтану фактісінің бар екенін растаймыз. Сөйтіп, 
Элиас өзі Батыс тағы өркениеттің (жақында белгілі болатындай) «социогенези-
сі» деп атаған әлеуметтану зерттеуімен айналысады.
сіз өзіңіздің әлеуметтанушылық түйсігіңізді жоғалтпасаңыз, ол кез келген уақытта қайта жарық-
қа шығуы мүмкін. Мен Эрвинг Гоффманның, сондай-ақ Герберт Блумердің [ол уақытта екеуі де 
Беркли университетінде оқытушы болған] еңбектерін оқып, қоғамды сипаттайтын барлық аспек-
тілер: конфликт, стратификация және басқалары күнделікті өмірімізде өзара әрекеттесу салтынан 
шығатынын түсіне бастадым.
Ешқашан ұстаз болуға ұмтылған емеспін, алайда көптеген университетте сабақ беріп, педагоги-
калық тәжірибе жинақтадым. Оның бәрін бір кітапта Conflict sociology («Әлеуметтанудағы кон-
фликт», 1975) беруге тырысып көрдім. Бірақ барлығымыз жұмыс істеген, бүгін мәртебесі төмен-
деп бара жатқан жүйені түсіндіру үшін тағы бір кітап жазу керек болды: The Credential Society 
(«Құзыретті қоғам», 1979). Академиялық ортаны тастап, өз тұжырымдарымды бағдар етіп алып, 
біраз уақыт романдар мен оқулықтар жазып күн көрдім. Ақыр аяғында өзім құрметтейтін әріп-
тестерімнің шақыруын қабыл алып, сабақ беруге қайтып келдім. Біздің саламызда таңғаларлық 
жаңалықтар болып жатыр (әлем тарихының жаңа көрінісінен әлеуметтік эмоциялардың мик-
робөлшектеріне дейін). Менің шығармашылығыма екінші әйелім Джудит МакКоннелл ерекше 
әсер етті. Ол заңгерлер арасындағы кемсітушілікті жою үшін әйел-заңгерлердің басын біріктірді. 
Әйелімнен қазіргі жоғарғы сот ісін жүргізудегі жасырын саясат жайлы көп нәрсе біліп жатамын. 
Әлеуметтану мен қоғамда атқарылатын іс көп.
[See also Li, 2005.]


538
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Дәлірек айтсақ, Элиасты Батыс адамдарының мінез-құлқы мен психо-
ло гиялық бейнесінде бірте-бірте болатын өзгерістер қызықтырады (Elias, 
1997). Нақ осы өзгерістер The Civilizing process («Өркениет процесі») кіта-
бының ([1939] 1978) The History of Manners («Әдеп та рихы») атты бірін-
ші томында талданған. Ал Power and civility атты екінші томында ([1939] 
1982) Элиас адамдардың мінез-құлқы мен психологиясындағы бір-бірімен 
тығыз байланысты үлкен өзгерістерге назар аударады. Жалпы алғанда, 
Элиас «қоғамдық құрылым және мінез-құлық, психологиялық кейіп құ-
рылымындағы өзгерістер арасындағы өзара байланыстармен» айналысады
(Elias, 1939/1994:xv).
Әдеп тарихын зерттей келе, Элиас бірте-бірте қазіргі кезде мәдениетті 
деп атайтын мінез-құлықтың ең үлгілі түрлерінің тарихи трансформация-
сына көңіл бөледі (алайда өзгерістердің кері бағыты байқалған кезеңдерді 
де белгілейді; Elias, 1995; Mennell, 2005b). Тарихи бейнені орта ғасырлардан 
бастаса да, ол өркениет дамуының бастапқы (немесе соңғы) нүктесі жоқ және 
болуы мүмкін еместігін түсіндіреді: «Ұзақ әлеуметтік процестерді қарастыру 
барысында абсолютті бастауын нұсқау әрекетімен салыстырғанда, еш нәр-
се соншалықты жеміссіз бола алмас» (Elias, [1969] 1983:232). Сәйкесінше, 
өркениеттену үдерісін ежелгі кезеңнен байқауға болады, олар қазіргі кезде 
бар және болашақта да болады. Өркениетке қадам басу – үздіксіз эволюция-
лық процесс, Элиас оны тиімді ету үшін орта ғасырлар мұрасынан қарастыра 
бастады. Ол бізді ыңғайсыз жағдайға түсіретін дамып келе жатқан сезімтал-
дығымызды, бірте-бірте өзгелерді бақылауымызды, сондай-ақ басқа адам-
дарды терең түсінуімізге қатысты өзгерістерді бақылауға мүдделі. Алайда 
Элиастың не істеп жатқанын түсінудің ең жақсы тәсілі абстракция арқылы 
емес, керісінше, оның кейбір жеке нақты мысалдарын талқылау арқылы қол
жеткізіледі. 
Дастарқан басындағы әдеп – Элиастың уақыт өте келе ұялу сезімінің ар-
туымен байланысты болған ең негізгі ұстанымы. Адамдардың ХІІІ ғасырда 
қысылмай жасаған әрекеті ХІХ ғасырда дөрекі болып көрінді. Сонымен бірге 
жиіркеніш тудыратын нәрсе күн өткен сайын «қоғамдық өмірден мүлдем өшірі-
луі» де мүмкін (Elias, [1939] 1994:99).
Мысалы, ХІІІ ғасырдағы поэмада: «Кейбір адамдар сүйекті мүжіп, ке-
йін оны қайтадан табаққа қояды – бұл ауыр қылмыс», – деп ескертеді (Elias, 
[1939] 1994:68). Басқа бір кітапта: «Дастарқан басында көз уқалап, құлақ, мұр-
нын шұқу әдепсіздікке жатады» делінген (Elias, [1939] 1994:71). Аталған ты-
йымдар сол уақыттағы адамдар өздерін әдепсіз ұстап, бұл әрекеті қоршаған 
ортасы үшін қолайсыздық тудырмағанын көрсетеді. Мұндай ескертулер қажет 
еді, өйткені адамдар оның «мәдениетсіздік» екенін білмеді. Уақыт өте келе ол 
жазылмаған қағидаға айналды. ХVI ғасырдың соңындағы құжатта: «Тамақты 
қолмен алып жеп, саусақты жалап, тұздықты саусақпен араластыру немесе 
оған шанышқымен нан батырып, кейін оны сорудан асқан ұят нәрсе жоқ» де-
лінеді (Elias, [1939] 1994:79). Әлбетте, мұрын шұқу сынды саусақ жалаудан 
әлдеқайда әдепсіз нәрселер бар, дегенмен өркениеттің дамығаны соншалық – 
мәдениетсіз іс-әрекетке тыйым салған қағидалар жалпы жұртқа белгілі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет