558
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
на немқұрайлы қарайды); олар «ақылмен» әрекет етеді, практикалық мән-
ге ие. Адамдардың іс-әрекеттерінде логика бар – бұл «тәжірибе логикасы»
(Bourdieu, [1980] 1990).
Роббинс атап өткендей, практикалық логика – «саяси», яғни ол бір уақыт-
та көптеген бір мағыналы емес және логикалық тұрғыда (формалды логика
бойынша) қарама-қайшы мағыналарды немесе тезистерді біріктіре алады,
себебі іс-әрекетінің негізгі контексі – практикалық контекст» (1991:112).
Бұл пікір тәжірибелік логика мен рационалдықтың (формалды логика)
арасындағы айырмашылықты белгілейтіні үшін ғана маңызды емес, сондай-
ақ Бурдьенің «реляционизмі» туралы еске салады. Соңғысы бұл контексте
үлкен маңызға ие, өйткені габитустың өзгермес, бекітілген құрылым емес
екенін түсінуге көмектеседі: оны қарама-қарсы жағдайларға тап болып, жан
дүниесінде әрдайым өзгеріс болатын индивидтер бейімдеп тұрады.
Габитус «сана-сезім мен тіл деңгейінен төмен, интроспективті зерттеу мен
ерікті бақылауға қолжетімді аймақтан тыс» қызмет етеді (Bourdieu, 1984a:466).
Біз габитус пен оның әсерін ұғынбасақ та, ол біздің ең тәжірибелі қылықта-
рымызда, мысалы, біздің тамақ ішуімізде, жүруімізде, сөйлеуіміз бен тіпті
сіңбіруімізде көрінеді. Габитус құрылым секілді әрекет етеді, бірақ адамдар-
дан оған немесе оларға сыртқы құрылымдарға тек механикалық түрде жауап
береді деп айтуға болмайды. Осылайша, Бурдье тиімді тәсілінің арқасында
әдісінде болжауға келмейтін жаңалық пен жаппай детерминизмнің шыр-
мауынан құтылып шықты.
Достарыңызбен бөлісу: