565
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
қылы келеді (Reckwitz, 2002:253). Білімнің барлығы айтарлықтай айқын
емес. Теннис ойнай отырып, оның рудименттерін, кейбір соққыларды қалай
орындау керектігін және қарсыластың әртүрлі соққыларын қалай қайтару
керектігін білеміз, сондай-ақ біз басқа заттарды емес (қымсыну үшін), бел-
гілі бір заттарды қалайтынымызды (игеруді) білеміз. Ал эмоцияның белгілі
бір деңгейі мен типі (қырағы, бірақ қауырт/шиеленісті емес) табысқа жету
үшін қажет. Білімнің барлығы маңызды, бірақ көп жағдайда осы білім оған
байланысты барлық сұрақтарды толық ойластырмай, жүйесіз қолданылады.
Тәжірибелік теория үшін
дискурс/тіл – әртүрлі тәжірибелердің ішіндегі
тек біреуі ғана. Керісінше, басқа алуан түрлі осыған ұқсас, әлеуметтануда-
ғы «лингвистикалық бетбұрыстың» бір бөлігі болатын басқа да көзқарастар
(әсіресе структурализм мен семиотика, 17-тарауды қараңыз) – дискурс/
тілге ерекше мәртебе береді. Яғни дискурсивті тәжірибе дегеніміз – бел-
гілердің жай ғана реттілігі. Тәжірибелік теорияда осылай қаралады, бірақ
олар осындай «заттың сыртқы сипаты әдеттегі менталды әрекеттер – түй-
сіну формалары, «ноу-хау» (бұл жерде грамматикалық және прагматика-
лық пайдалану ережелері), мотивация және бірінші кезекте бір-бірімен
байланысқан объектілер (дыбыстан компьютерге дейін) болып саналады»
(Reckwitz, 2002:254–255). Теориялық тәжірибеде дискурс/тіл тең белгі-
лерді ғана емес, сондай-ақ теорияның барлық басқа негізгі мәселелерін де
қамтиды.
Құрылым/процесс көзқарасы бойынша, әлеуметтік құрылым күнделікті
тәжірибеде кездеседі. Корпорациялар секілді экономикалық құрылымдар-
дан интимді әлеуметтік қатынастарға дейінгі үлкен масштабты әлеуметтік
құбылыстар әлеуметтік тәжірибелердің негізінде жататын ішкі бағдарла-
малармен құрылымдалған. Құрылым (процесс секілді) үлкен масштабты
әлеуметтік құбылыстарда немесе адамдардың басында емес, әрекеттің ру-
тиналық мән-жайында болады. Ол – ұйымдастыру немесе ми құрылымында
бейнеленген ұйымның құрылымы емес, іс-әрекеттер тәртібі.
Бұл –
агентке/индивидке деген өте айқын көзқарас. Көптеген әлеумет-
тану теориялары, әсіресе микротеориялар негізгі назарды, мысалы, өз-
өзіне (рационалды таңдау теориясы) немесе нормалар, рөлдер басқара-
тын (құрылымдық функционализм) сияқты агентке/индивидуумға ауда-
рады. Басымдық агенттерге емес, тәжірибеге беріледі. Агенттер өмір сү-
реді, бірақ оны қоршаған ортаны және өзін толықтыратын ақыл-ой мен
дененің комбинациясы ретінде қарастыру керек. Агент – автономды (ра-
ционалды таңдау теориясындағыдай), субъективті допинг (құрылымдық
функциялықтағыдай) емес, одан гөрі «нақты тәжірибеге сәйкес ноу-хау
мен мотивациялық білімдерді қолданатын әлем мен өзін түсінетін адам»
(Reckwitz, 2002:256). Мұндағы негізгі мәселе – тәжірибелік теория агент-
тің маңызын жойып, тәжірибеге назар аударуға бағытталған. Тәжірибелер-
ді орындайтын агенттер емес, керісінше, дәл осы тәжірибелердің өзі басты
маңызға ие.
Достарыңызбен бөлісу: