574
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы:
негізгі мектептер
кеңірек түсін діріледі: ақыл-ойдың микроқұрылымдарынан қоғамның мак-
роқұрылымдарына дейін – осының барлығы аталған ұғымның ішіне кіреді.
Структуралистер құрылымдық функционалистерге қарағанда мәдениетке
әлдеқайда аз көңіл бөлді.
Қарастырылып жатқан әлеуметтануға қатысты әдебиеттің екі бағытының
арасындағы тағы да бір негізгі айырмашылық – микро-макроинтеграция мә-
се лесін талдау деңгейлерін аса ауқымды мәселеге жатқызуға болатынында
(Edel, 1959; Jaffee, 1998; Ritzer, 1981a, 1989b; Wiley, 1988), ал агенттік пен
құрылым мәселесі туралы бұлай айтуға болмайды. Әлбетте, микро-макро-
байланыстарды тігінен иерархия тұрғысынан қарастыруға болады. Бұл ие-
рархия бойынша төменде микродеңгейлі құбылыстар, жоғарыда – макро-
деңгейлі құбылыстар, ал ортасында – мезодеңгейлі болмыстар орналасады.
Сірә, агенттік-құрылымдық байланыстардың талдау деңгейлері мәселесімен
анық байланысы жоқ шығар, өйткені агенттікті де, сондай-ақ құрылымды да
әлеуметтік талдаудың кез келген деңгейінен байқауға болады.
Агенттік пен құрылым жайлы мәселе микро-, макродеңгейлер туралы мә-
се лемен салыстырғанда тарихи, динамикалық шеңберге әлдеқайда көбірек
кірікті рілген (Sztompka, 1991; again Elias is a clear exception, but of course
he is European). Бұл сипаттама Гидденс, Хабермас және Арчердің шы ғар ма-
шылықтарында ерекше байқалған, әйтсе де бұл агенттік пен құрылым мәсе-
лесіне арналған әдебиеттің барлығынан көрінеді. Микро-макроинтеграция
мәселелерін
қарастыратын теорияшылар, керісінше, оларды статикалық,
иерархиялық, тарихилықтан тыс негізде бейнелейді. Дегенмен микро-мак-
робайла нысты қарастыратын кейбір теорияшылар осындай өзара байла-
ныстың дина микалық сипатын статикалық түрде түсіндіреді: «Әлеуметтік
шындық деңгей лерін және олардың өзара байланысын зерттеу, шындығын-
да, әлеуметтік әлемге деген статикалық емес,
динамикалық әдіс... әлеуметтік
әлемнің деңгейлерін зерт теудегі динамикалық және тарихи әдістерді әлде-
қайда жалпы
диалектикалық бағдардың ажырамас бөлігі деп санауға бола-
ды» (Ritzer, 1981а:208; Wiley, 1988:260). Ақыры, біз агенттік пен құрылым
теорияшылары үшін негізгі сұрақ ретінде көбінесе микро-макроинтеграция
туралы еңбектерде аталмайтын нәрсе мораль болып саналатынын атап ай-
туымыз қажет. Осындай айырмашылықтарды
теориялық бастаулар мен ре-
ферентті топтардағы өзгешелікпен түсіндіруге болады. Агенттік-құрылым-
дық теориясы – философияда айтарлықтай мықты түп тамыры қалыптасқан
және философияға дендеп бойлаған моральға тікелей қатысты мәселе. Кері-
сінше, микро-макротеориясы негізінен әлеуметтану сипатындағы ғылымға
бағытталған, демек, мораль мәселесі мұнда философияға қарағанда онша
мәнді емес.
575
13-тарау
•
Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
Бұл тараудың бірінші бөлімі микро- және макроинтеграция тақырыбына арналады.
Мұндай дамудың астарында әлеуметтану теориясының ертедегі алыптарының ой-таным-
дарына қайтып оралу және ХХ ғасырдағы америкалық әлеуметтану теориясының басым
бөлігін сипаттаған теориялық экстремизм, микро- немесе макроэлементтен алыстау жатыр.
1980 жылдарға дейін микро-макромәселесіне аз көңіл бөлінген, бірақ осы онжылдық және
1990 жылдары бұл тақырыпқа қызығушылық арта түсті. Еңбектер микро- сияқты макродан
да, сондай-ақ олардың арасындағы әртүрлі нүктелерден туындап отырды. Бұл еңбектердің
біразы микро-, макротеориялардың интеграциясына арналды; басқалары болса әлеуметтік
талдаудың микро- және макродеңгейлерінің арасындағы өзара байланысқа қатысты болған
секілді. Теория мен деңгейлердің интеграциясымен жұмыс
жасайтындардың арасындағы
осы негізгі айырмашылыққа қоса, басқа да маңызды өзгешеліктер жетерлік.
Бұл тараудың бірінші бөлімінің негізгі нысанасы – әлеуметтік талдаудың микро, мак-
родеңгейлерін интеграциялау бойынша жазылған еңбектердің бірнеше басты үлгілерін тал-
қылау. Александер мен Ритцердің екі еңбегінде әлеуметтік әлемнің өте ұқсас микро-макро-
моделдері зерттеледі. Бұл еңбектердің арасындағы елеулі айырмашылықтарға қарамастан,
олардың әлеуметтік әлемінің ұқсас бейнелері әлеуметтік талдаудың микро, макродеңгей-
лерін байланыстыруға тырысатындардың арасындағы үлкен консенсусты қамтып көрсете-
ді. Коллинздің микро-макроинтеграциясы бойынша еңбегі талданып, редукционизмі үшін
(макроэкономикалық құбылыстарға, микроұяшықтарға деген бейімділігі үшін) сыналады.
Микро-макросекциясы микро-макроинтеграциялық жүйе бойынша америкалық жұмыс-
тың еуропалық прекурсорларының бірі – Норберт Элиастың толық зерттеулерімен жабыла-
ды. Оның үлгілі әлеуметтану туралы ойлары, сондай-ақ сот пен
мемлекеттегі микродеңгей-
лі әдеттер мен өзгерістердің арасындағы өзара байланысты тарихи-салыстырмалы зерттеуі
ерекше көңіл бөлуге лайықты.
Бұл тараудың екінші бөлімі, негізінен, агенттік-құрылымдық байланысты зерттеген еу-
ропалық әдебиет туралы. Оның макро-микроинтеграция бойынша америкалық еңбекпен
бірқатар ұқсастықтары бар, бірақ елеулі айырмашылықтар да жоқ емес.
Заманауи еуропалық теорияшылардың көбі агенттік-құрылымның өзара қатынаста-
рымен айналысса да, бұл тараудың екінші бөлімі теориялаудың осындай типінің негізгі үш
мысалына арналады. Біріншісі – Гидденстің құрылымдық теориясы. Гидденс ұсынған тео-
рияның өзегі – агенттер мен құрылымдарды бір-бірінен бөлек қарастырудан бас тартуы;
Олар өзара қиюласқан жүйеде қарастырылады. Кейін біз Бурдьенің теориясына көшеміз.
Оның теориясында басты назар габитус пен өріс арасындағы өзара байланысқа аударыла-
ды. Гидденс пен Бурдьенің агенттік-құрылымға қатысты жұмыстарымен байланысты соң-
ғы зерттеулері секілді, біз практикалық теорияны да қарастырамыз. Ақыры,
Хабермастың
өмір мен әлем туралы, сондай-ақ өмір-әлемінің отарлану жүйесі туралы соңғы идеяларын
талдап шығамыз. Құрылым-агенттіктің осындай нақты еңбектерін талқылап болып, бұл
әдебиеттің жалпы түсіндірмесіне ораламыз. Ондағы негізгі айырмашылықтарды, соның
ішінде агент пен құрылымның болмысына қатысты әртүрлі көзқарастарды қоса талқылау-
дан бастаймыз. Айырмашылықтардың басқа қайнар көзі – осы еңбектер негізделген әртүр-
лі теориялық дәстүрлер. Бұл еңбектердің кейбіреулері агенттік бағытта болса, басқалары
құрылымдық бағытта.
Тағы бір мәселе – агенттік-құрылым мен микро-макроәдебиет арасындағы ұқсастық.
Екі әдебиет те интеграцияға қызығушылық танытып, микроағзалар мен макроқұрылымдық
теорияның артықшылықтарына сақтықпен қарайды. Алайда бұл екі әдебиет арасында ұқ-
сас тықтарға қарағанда, айырмашылық әлдеқайда көп. Олардың акторлар бейнесінде, құры-
лымды ұғыну жолдарында, идеялар туындаған теорияларда, талдау
деңгейлерінің ұғымына
қосылу дәрежесінде, тарихи мен динамикалық құрылымға қаншалықты кіріктірілгенінде,
моральдық мәселелерді қозғау деңгейінде өзгешеліктер бар.
Достарыңызбен бөлісу: