606
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
мен шынайы өзіндік болмысқа қоғамдық өмірдің алдыңғы сапынан орын бере-
ді. Мұндай тұлғалыққа мән беру діни сенімдердің дәстүрлі түрлерімен қақты-
ғысқа алып келуі мүмкін. «Өзіндік мәннің» қажеттілігі діни қауым дас тықтың
қажеттілігімен сәйкес келмей жатады. Кейбіреулердің бойында бұл дінге және
уағыздарға күмән туғызады. Алайда бұл міндетті емес. Діни сенім шынайылық
дәуірінде жаңа формаларды қажет етеді. Басқаша айтқанда, адам дар мәнді –
трансценденттіктен, адамзат әлемінен тыс жерден, бірақ жаңаша түрде іздей
бастайды.
Мәселен, шынайылық дәуірінде дін адамның жеке өзінің таңдауы ретінде
қарастырылады және сенім шынайы болу үшін ол өзінің «менімен сөйлесуі»
керек. Тейлор былай деп жазады:
«Егер біз адамның дінге деген талпынысын қабылдамасақ, тәжірибеге
қолжетімдік және дінді терең түсіну қалай жүзеге асады? Жауап – адам-
ның рухани ішкі сеніміне байланысты сенімнің формалары да әртүрлі
болады» (2007:515).
Бұл сенімнің жаңа түрінің маңызды нәтижесі – Батыста институттанған
христиандық сияқты діндерден бас тарту. Бұл діннің жеке-дараланған іс-әре-
кетке айналғанын білдірмейді. Тейлор діннің ұжымдық өлшемі маңызды бо-
лып қала береді деп санайды. Шынында да, Дюркгейм ([1912] 1965)
Elementary
Forms of Religious Life («Діни өмірдің қарапайым формалары») атты еңбегінде
діннің шешуші компоненті ретінде ұжымдық толқу тәжірибесін көрсетсе, Тей-
лордың тілімен айтсақ, ол мерекелік (festive) болады. Осылайша, Тейлор діни
тәжірибенің жаңа құрылымы жеке-дара (айқын индивидуализмнің моральдық
талаптарынан шығатын) болуына қарамастан, ол бұлай болуы міндетті емес
деген қорытындыға келеді. Адамдар бұрынғысынша өзі таңдаған трансцен-
денттік сенімін бірге бөлісетін жандарды іздестіреді.
Достарыңызбен бөлісу: