Алеуметтану тероиясы indb


The «Globalization of Nothing». «Мәнсіздіктің жаһандануы»



Pdf көрінісі
бет455/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   596
The «Globalization of Nothing». «Мәнсіздіктің жаһандануы». Макдональд-
тандыру секілді, мәнсіздіктің жаһандануы (Ritzer, 2007) біртектіліктің ұлғаюын 
тұспалдайды, себебі көптеген елдерде мәнсіздіктің түрлі формалары көбейіп 
отыр. Ритцер жаһандану мәнсіз деп тұжырым жасамайды; расында, бұл процестің 
зор маңызы бар екені анық. Дұрысы, жаһандану мен мәнсіздік арасында элективті 
жақындық (elective affinity) (Веберден алынған термин) бар екені сөзсіз: бірі екін-
шісін тудырмайды, бірақ оларда бірге өзгеру үрдісі бар.
Бұл жерде гробализация (grobalization) (глокализация ұғымының серігі) не-
месе халықтар, корпорациялар, ұйымдардың империалистік амбициялары және 
олардың өздерін әртүрлі географиялық аймақтарға танытуға ұмтылысы басты 
идея болып табылады (see J.M. Ryan, 2007). Негізгі мақсаты – олардың күші мен 
ықпалын, ал кейбір жағдайларда бүкіл әлем бойынша табыстың өсуін (grow) 
(grobalization/гробализация термині осыдан шығады) көздейді. Гробализация 
түрлі субпроцестерді қамтиды. Олардың үшеуі – ка питализм, америкаландыру 
және макдональдтандыру – гробализациядағы басты қозғаушы күштер және 
олар бүкіл әлемде мәнсіздікті (nothingness) таратуда үлкен маңызға ие.
Мәнсіздік (nothing) деп Ритцер (көп жағдайда) бос формаларды, ерекше кон-
тенттен жұрдай формаларды түсінеді (керісінше, бір нәрсе (something) [көп жағ-
дайда] толық формалар, ерекше контентке бай формалар ретінде анық талатын 
болады). Бүкіл әлем бойынша контентпен жүктелген формалардан (бір нәрсе) 
гөрі бос формаларды (мәнсіз) экспорттау оңайырақ. Біріншілері, ең болмаған-


663
16-тарау

Жаһандану теориясы
Менің интеллектуалды өмірбаянымды «бір (қарғыс
атқыр) заттан соң келесісі» деген клише арқылы
жинақтауға болады. Бұл процесс теріс көрінсе де,
менің жағдайымда ол мені қозғалысқа, кейде бір
теориялық қызығушылықтан екіншісіне апаратын ба-
қытты процесті сипаттайды. Пікірталастың қорытын-
дысы – менің метатеорияға деген қызығу шылығым 
(13-тарауды қараңыз), себебі осындай биография-
лық шолу – метатеорияның формасы. Биогра фиялық 
және автобиографиялық жұмыс әлеуметтанушы-тео-
рияшылардың және жалпы әлеуметтану шылардың 
жұмысын түсінуге көмектеседі. Ғылым тарихшысы 
Томас Ханкин мұны былай түсіндіреді:
«
Ғалымның толық интеграцияланған өмірбаяны 
оның жеке басын ғана емес, ғылыми жұмысы мен 
оның уақытының интеллектуалды және әлеу мет-
тік контексін қамтиды, бұл... ғылым тарихын жазу-
ға байланысты көп мәселелерді шешудің ең жақсы жолы... Ғылым жеке тұлғалар арқылы 
жасалады және ол сыртқы күштермен қаншалықты байланысты болса да, бұл күштер 
ғалымның өзі арқылы жұмыс істейді. Өмірбаян – бұл процесті ең тиімді жолмен көруге 
мүмкіндік беретін линза».
(Hankin, 1979:14)
Ханкин ғалымдар туралы айтқанда, мені де қоса отырып, әлеуметтанушы-теорияшылардың 
өмірбаяндарына деген менің бағыт-бағдарым жайлы ақпарат береді.
Менің алғашқы теориялық қызығушылықтарымның бірі – Макс Вебердің еңбегі, әсіресе оның 
рационалдандыру теориясы болды. Бюрократия – осы процесте рационалдандыру парадигмасы 
бола алды ма деп ойлай бастадым. Менің экономикаға деген қызығушылығым, сол секілді менің 
айналамдағы әлеуметтік және экономикалық әлемдегі жағдайлар «рационалдандырудың қазіргі 
үздік үлгісі – жылдам тамақтану мейрамханасы, әсіресе индустрия көшбасшысы McDonald’s» де-
ген идеяға жетеледі. Бұл мені Вебердің теориясын жаңартуға және оны «қоғамның макдональд-
тануы» деп атауға мүмкіндік берді (Ritzer, 1993; 2015a).
Мен теориялық/метатеориялық тұрғыдан жылдам тамақтану мейрамханасы туралы ойланған 
кезімде, ол жұмыс орны (менің ұзақ уақыт бойғы қызығушылығым [Ritzer, 1969, 1972]) және 
тұтыну орны болғанын кейінірек түсіне бастадым. Мен жылдам тамақтану мейрамханасында 
жұмыс істей бастағанымда, Америкада тұтыну әлеуметтануы іс жүзінде белгісіз еді, бірақ оның 
әсіресе Еуропада кең ауқымды дамуы америкалық әлеуметтануға енуіне бастау болды. Тұтыну 
тез арада қызығушылыққа ие болды және ол мені жылдам тамақтану мейрамханасы туралы 
марксистік терминдерді – басқа негізгі «тұтыну құралдары» терминдерін қолдана отырып ойла-
нуға жетелейді.
Түңілген әлемді таңғалдыру: Тұтыну құралдарының революциясы еңбегі (Enchantinga 
Disenchanted World: Revolutionizing the Means of Consumption) (2010a; initially published in 1999) 
Вебердің жұмысына тағы қарыздар етті, алайда негізгі назар рационалдықтан гөрі, оның таңға-
жайыптық (enchantment) және түңілу (disenchantment) идеяларына аударылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   451   452   453   454   455   456   457   458   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет