Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет31/53
Дата02.02.2022
өлшемі14,92 Mb.
#24736
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
«Компьютерлік графика» П нін о ыту- дістемелік кешен

Түзу салу құралдары. Түзу салу құралдары - Қисық(свободная рука), Безье қисығы, Көркемдік түзу(живопись), Қылқалам(перо), Сынық (Ломаной), Үш нүктелі қисық, Өлшемдік және Интерактивті түзу қосқыш (инструмент интерактивного соеденения ) құралдары. Түзу салу құралдарының мақсаты бір болса да, қолданатын жері мен қолдану ережелері әртүрлі. Барлық түзу тышқанды шетіп жібермей сызылады. Бұл құралдардың кейбірі бірнеше құралдардан тұрады. Төменде кейбір бір-біріне ұқсастығы бар құралдарға сипаттама берілген.

Көркемдік түзу. Көркемдік түзу әртүрлі “көркемдік түзулер” түрін салуға өте ыңғайлы. Көркемдік түзу құралы режимінде 5 түрлі: Дайын штрихтар (загатовка), Бояғыш(кисть), Бүріккіш(пульверизатор), Каллиграфиялық қылқалам, Қысқышы бар қылқалам(перо с нажимом).

Дайын штрихтар қалыңдығы 0,03-тен 10 дюймге дейін жететін 23 түрлі штихтарды пайдаланып түзу сызуға болады. Бояғыш арқылы дайын штрихтар тізімінен әртүрлі штрихті пайдаланып түзулер сызуға болады.

Бүріккішпен жұмыс істеу қиындау. Ол сызылған түзу орнына дайын объектілер тобын салады. Мысалы, шарлар, шөп, гүлдер, адамдар, жапырақтар және адамның ізі –объект бола алады.

Каллиграфиялық қылқалам мен қысқышы бар қылқаламның қалыңдықтарын және бұрышын өзгертуге болады. Осы құралдарды пайдалана отырып алынған түзуді дайын штрих ретінде сақтауға болады. Оны көп пайдаланатын түзулерге қолданған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет