Алық орталығы ерте жастағы балалардың психологиялық- Әлеуметтік дамуының МӘселелерін кешенді тҥрде бағалау жҥйесі әдістемелік ҧсынымдар Алматы, 2016 2



Pdf көрінісі
бет8/22
Дата07.04.2023
өлшемі0,8 Mb.
#80392
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
2.2. Баланың психологиялық-әлеуметтік дамуы мәселелерін бағалауды 
жүргізу технологиясы 
«Ерте жастан кірігу бағдарламаларын қҧру ҥшін балалар мен 
жасӛспірімдердің Жҧмыс істеу, тіршілік әрекеті мен денсаулық 
шектеулерінің халықаралық Жіктемесін қолдану тәжірибесі» бағдарламасы 
бойынша Санкт-Петербург қаласындағы Ерте жастан кірігу институтында 
ЖХЖ-ны қолданудың практикалық тәжірибесін зерттеу негізінде ерте 
жастағы балалардың психологиялық-әлеуметтік даму мәселелерін кешенді 
бағалауды жҥргізу технологиясы қҧрылды. 
Баланың психологиялық-әлеуметтік даму мәселелерін бағалауды 
жҥргізу технологиясы бірнеше кезеңнен тҧрады.
1) 
Бірінші кезең – ата-аналармен алғашқы кездесу. Бҧл кездесуге 
ата-аналар баласыз шақырылады. Оны бір маман ӛткізеді, әдетте дәрігер 
(педиатр немесе невропатолог), сонымен қатар психолог немесе педагог 
жҥргізе алады. 


29 
Осы кезеңнің міндеттері:
- бала мен отбасы туралы нақты деректерді жинау (аты-жӛні, жасы, 
мекен-жайы және т. б.);
- отбасының сҧранысын анықтау: ата-аналардан мамандар тарапынан 
қандай кӛмек алғысы келетінін, қандай сҧрақтарға жауап алғысы келетінін, 
мамандардан не нәтиже кҥтетінін сҧрайды; 
- ата-аналар тҧрғысынан баланың мәселелерін анықтау. Мҧнда ата- 
аналардан әртҥрлі ҧйымдарда балаға қойылған аңғарымдар туралы ақпаратты 
ғана емес, баланың қандай мәселелері оларды толғандыратыны: оларға және 
балаға кҥнделікті ӛмірде не істеу қиынға соғатындығын анықтау аса 
маңызды. Әңгіме барысында мамандар ата-ананың сҧранысының 
басымдықтарын анықтауға тырысады. Ата-аналар шағымдар мен 
мәселелердің кең ауқымын кӛрсете алады. Алайда, қазіргі кезде ата-аналар 
ҥшін ӛзекті мәселелерді анықтау ӛте маңызды; 
- медициналық анамнез деректерін жинау мыналарды қамтиды: 
туғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін аурулардың бар болуы, баланың 
соматикалық жағдайы, есту мен кӛру қабілеті. Бҧл мәліметтер әртҥрлі 
медициналық қҧжаттар мен медициналық зерттеулердің нәтижелерін зерттеу 
негізінде жинақталады; 
- баланың жасына және ӛмір сҥру жағдайларында сай әрекетке қатысуы 
мен 
белсенділігі 
аспектілерінде 
психологиялық-әлеуметтік 
даму 
ерекшеліктерін анықтау. Баланың тыныс-тіршілігінің ерекшеліктері ЖХЖ-
ның мынадай салаларында баланың белсенділігі және қатысуын белгілеуге 
бағытталған ата-аналармен әңгімелесу барысында анықталады: білім алу 
және оны қолдану; жалпы міндеттер мен нҧсқаулар; қарым-қатынас, 
мобильділік; ӛзінің денесі мен денсаулығына кҥтім жасау; тҧлғааралық 
қарым-қатынас; ӛмірдің негізгі салалары; қоғамдық ӛмір. Әңгімелесу 
барысынд ата-аналарға ҧсынылатын сҧрақтардың толық тізімі № 1 
қосымшада кӛрсетілген; 


30 
- ата-аналарға сауалнама жҥргізу арқылы баланың дамуын бағалау. 
Ата-аналарға ҥй жағдайында Каzakh KIDS тесті немесе Каzakh СDI-
шкаласының тіркеу парағын толтыру ҧсынылады. 
Каzakh KIDS шкаласы KIDS тестін американдық профессор Ж. Рейтер 
әзірлеген және KIDS (Кеnt Infant Development Scale) тестінің бейімделген 
қазақстандық нҧсқасы (Жалмухамедова А.К. ӘБЕО орталығы, 2006 ж.) 
болып табылады. Ол қимыл-қозғалыс, әлеуметтік, танымдық және сӛйлеу 
тілінің дамуы, қарым-қатынас пен ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету сияқты дағдылар 
мен танымдық ҥдерістерді 2 айдан 16 айға дейінгі балалардағы дамуын 
кешенді бағалауға арналған. Нәрестенің дамуын бағалау жинақталған 
баллдарды статистикалық ӛңделген және стандартты бағалармен салыстыру 
арқылы анықталады. KIDS шкаласын қолданудың нәтижесі әрбір даму 
аймағында нәрестенің даму жасын («даму бейіні») бағалау және 
дамудың/артта қалудың жалпы дәрежесі (егер ондайлар анықталса) болып 
табылады.
Каzakh СDI шкаласы доктор Г. Айртон (Миннеаполис, АҚШ) әзірлеген 
СDI (Сһіld Development Inventory; СDI) KIDS тестінің бір нҧсқасы болып 
табылады. Бҧл шкаланы А.К. Жалмухамедова ( ӘБЕО орталығы, 2006 ж.) 15 
айдан 36 айға дейінгі жастың жалғасы ретінде KID шкаласымен бейімдеген. 
Екі шкаланың негізгі принциптері ҧқсас; олардың арасындағы айырмашылық 
тек жас ерекшелік диапазонында ғана. Осы шкалалардың нәтижелерін талдау 
артта қалу фактісін белгілеуге ғана емес, сонымен қатар даму деңгейінің 
нақты бағасын анықтауға мҥмкіндік береді . 
Тест орындау барысында ата-аналар немесе басқа да жақын адамдары 
баланың әртҥрлі дағдыларына қатысты сҧрақтарға жауап береді. Ата-
аналарды сауалнаманы толтыру ҥшін пайдаланудың артықшылығы – олар 
баланы ҥнемі және әртҥрлі жағдайларда қадағалайды, ал маман болса
баланы қысқа уақытта және оған ҥйреншікті емес жағдайда бағалауы керек. 
Сонымен қатар сҧрақтарға жауап бере отырып, ата-аналар ӛзінің баласын 
жақсырақ тани тҥседі, оның дамуына кӛбірек қызығушылық таныта 


31 
бастайды, сондықтан сауалнаманы толтырудың ӛзі ерте жастан кірігу 
ҥдерістерінің бірі болып табылады. 
Бірінші кездесуде ата-аналардан алынған деректер негізінде баланың 
болжамды мәселелері, сондай-ақ оның мҥмкіндіктері, мҥдделері мен 
қалаулары туралы гипотеза қалыптасады. Бҧл онымен болашақ кездесуді 
неғҧрлым тиімді ҧйымдастыруға мҥмкіндік береді: зерттеу тактикасын 
ойластыру, мамандар командасын анықтау және жетекші маманды 
тағайындау, балаға сай және қызықты ойыншықтарды таңдау немесе сҥйікті 
ойыншықтарды әкелуді ҧсыну; қозғалыс белсенділігін зерттеу ҥшін қажетті 
жабдықтарды қарастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет