193
алмай келеді. Әрине қазіргі кезең бұдан жарты ғасыр бұрынғы әмір-
шіл кезең емес, бүгінгі күн – егемен заманның тұсы. Ендеше, әміршіл
заманға сілтеме жасай беру орынсыз болады. Егер оқулықтарымыз,
оқу-құралдарымыз, оқу бағдарламаларымыз жөнге түспей жатса, оған
кінәліні алыстан іздемеу керек. Бірінші жағынан, қазақ тілтанымын-
дағы ғылыми зерттелім нәтижелері пайдаға аспай, сол зерттелім қал-
пында қалып жатса, екінші жағынан, оқулық-әдістеме авторлары мен
ұйымдастырушылары тың ғылыми нәтижелерді игеруге ынта білдірмей
жатса, оған келмеске кеткен әміршіл (тоталитарлық) саясат кінәлі емес.
Мектептен (тіптен – балабақшадан) бастап «қазақ тілінде 42 ды-
быс (???) бар» деген тоқпақпен өскен ұрпақтан не сұрайсыз. Өзгені
былай қойғанда,
тіл мамандары (фонетистер)
мен қазақ тілінің
мұғалім-оқытушыларының
өзі осыған ұйып қалған. Сондықтан да
мен бүгінгі қазақ әліпбиін «қазақ-орыс», тіптен, керісінше, «орыс-қа-
зақ» әліпбиі деп атауға мәжбүрмін. Өйткені бүгінгі әліпби мен емле ере-
же – түгелімен жүйесі (туыстығы) бөлек орыс тілінен келген көшірінді.
Дәлел керек пе? Онда кез келген оқулықтың бетін ашыңыз немесе кез
келген қазақ тілі кабинетінің босағасын аттаңыз, «қазақ тілінің өзіне
тән дыбыстары» деп 7-8 таңбаны ең көрнекі тұсқа бадырайтып бөліп
қояды. Сонда осы бір санаулы дыбыстан басқа қазақ тілінің өзіне тән
дыбыстары болмағаны ғой... Басқаша қалай ұғуға болады?
Осыған орай еске түседі. Осыдан бірер жыл бұрын белгілі бір ақы-
нымыз (аты-жөнін атамай-ақ қояйын) орталық орыс гәзетінде бір бетті
толық алып,
ауыл
деген бір сөздің төңірегінде қазақ тілтанымы мен
оның мамандарын қазақ тілінің өзімен қоса, өзінің дағдылы әдетінше
сөйлеп, орыс аудиториясының алдына жығып сап беріпті. Сондағы
уәжі үш дауысты дыбысты қатар жазған деген «не сұмдыққа» сая-
ды. Ұмытпасам, қырғыздың
Достарыңызбен бөлісу: