[u-wa-qɪt]; - сөз ортасында: туыс (тұ-уыс)
[tu-wus], суық (сұ-уық) [su-wuq], жуан (жұ-уан)
[ju-wan], шаруа (ша-рұ-уа) [şa-ru-wa], оқушы (о-құу-
шы)
[o-quw-şɪ]; - сөз соңында: ту (тұу)
[tuw], су (сұу) [suw], бу (бұу) [buw], алу
(а-лұу)
[a-luw], толу (то-лұу) [to-luw], оқу (о-құу) [o-quw], қару (қа-рұу)
[qa-ruw]; Жіңішке әуезді сөздер құрамында:
- жіңшке әуезді қысаң
Ү[ü] мен үнді (жуысыңқы) У[w] дауыс-
сызының тіркесі
ҮУ[üw] болып жазылады:
- сөз басында
[w] кездеспейді, сондықтан сөз ү[ü] дауыстысынан
басталады: уіл (ү-уіл)
[ü-wül], уәде (ү-уә-де) [ü-wә-de], ү-уәж (ү-уәж)
[ü-wәj], уәли (ү-уә-лій) [ü-wә-liy], уәзір (ү-уә-зір) [ü-wә-zir]; - сөз ортасында: сурет (сүу-рет)
[süw-ret], келуші (ке-ліу-ші)
[ke-lüw-şi], сенумен (се-нүу-мен) [se-nüw-men], секіруге (се-кі-рүу-ге)
[se-ki-rüw-ge], келуі (ке-лү-уі) [ke-lü-wi]; - сөз соңында: күлу (кү-лүу) [kü-lüw], тілу (ті-лүу) [ti-lüw], күту
(кү-түу) [kü-tüw]
Ендеше латын әліпбиіне қазіргі кирил орфографиямыздың
үлгісімен өтуге болмайды. Онда кирилдегі тілбұзар ережелерімізді
сол күйінде қайталаған болып шығамыз. Сондықтан алдымен қазақ
мәтініне «әліпби транскрипция» жасап алуымыз керек. Сонан соң
барып қазақ тілінің төл дыбыстарын латын әліпбиіне көшіреміз.
Осындай реформаның нәтижесінде қазақ тілінің:
- төл дыбыс құрамы кірме таңбаларсыз таза анықталады;
- төл дыбыс құрылымы (жүйесі) сақталады;
- морфем құрамы бұзылмайды;
- буын тұрқы жаңсақ жіктелмейді;
- тасымал реті сетінемейді;
- сөйлем ырғағы сақталады.
Латын әліпбиіне өту үстіндегі жазу реформасының басты нәтижесі
осы болмақ.