Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты
3.2.3.1
Мәтін мазмұны бойынша пікір
білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін
сұрақтар құрастырады
•
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны
бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды;
-
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
-
сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.
Үй шаруасы
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
-
Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
-
Қолым тимеді, ағай!
-
Не істедің?
-
Үй шаруасымен айналыстым.
-
Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
-
Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
-
Отыра ғой,шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды.
Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне
бардық.
Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік.
Аттарына, сиырларына шөп салыстық.
10