Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет60/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
ҚОРЫТЫНДЫ
“Қазақ”  дейтін  ұлы  халықтың  біздің  жыл  санауымызға 
дейінгі  ғасырлардан  хатқа  түскен  тарихы  бар  (Геродот 
«Тарих»).  Жиырма  бес  əріптен  тұратын  жазуы  болған 
(Алтын  киімді  Сақ  Бекзадасының  жанынан  табылған 
тостағандағы жазу). Сол жазудың іздері күні бүгінге дейін 
қазақ руларының таңбасында сақталып келеді.
Қазақ халқының тарихы алыс-жақын елдермен арадағы 
мəдени-экономикалық  байланысында  да  жатыр.  Өз  тари-
хында Египет, Грекия, Византия (Үрүм), Иран, Ауған, Үнді, 
Қытай,  Монғолия,  т.б.  елдермен  əртүрлі  тарихи  жағдай-
ларға  байланысты  аралас-құраластықта  өмір  сүрді.  Сон-
дықтан  қазақ  əдебитінің  терең  бастаулары  бір  ғана  əде-
биеттің айналасында түсіндірілмейді.
Əсіресе, қисса-дастандардың мəтінінде (тексінде) Бабыл 
(Вавилион),  Кəбіл  (Кабул),  Мысыр  (Каир),  Шын-Машын 
(Қытай-Византия), т.б. толып жатқан елдердің аты аталып, 
оқиғаға  сол  жағрапиялық  орталардың  бəрі  де  араласып 
жатады. Сол реттен келгенде, қисса-дастан жанры – қазақ-
тың  айнала  шығыс  елдерінің  аясындағы  рухани  байла-
нысын,  бай  мифологиясын,  дін  тарихын,  халқының  тағ-
дырын,  адамдық  мұратын,  адамгершілік  көзқарасын  жан-
жақты көрсетіп беретін қызықты дүние.
«Патшаның  ұлы  Əбдімəлік», «Ғаяр  қатын», «Қырық  уəзір», 
«Рауа бану», «Əділ-Зайыт», т.б. дастандарға негіз болған.
«Шаһнама»  кейіпкерлері XI ғасырдан  бастап,  түрік  поэ-
зиясында  танымал  болған. «Шаһнама»  желілерінен  «Қисса 
Баһрам», «Еренғайып  шаһ  Ғаббас», «Мұңлық-Зарлық», 
«Шəкір-Шəкірат»  дастандары  бар. «Шаһнамадан»  тараған 
танымал  қалыпты  желілер: «əкесінен  бөлек  өскен  баланың 
табысуы», «өгей  шешенің  ғашықтығы  мен  қырсығы», 
«Самұрық құс асыраған бала», т.б.
Орта  Азиялық  сюжеттер  «Таһир-Зуһра», «Əбуғали  Сина-
Əбілхарыс», «Бозжігіт», «Мұңлық-Зарлық»  дастандарынан 
көрініс  тапқан. «Таһир – Зуһраның»  түрікмен,  өзбекше  нұс-
қаларын  салыстыру  арқылы,  əр  ақынның  оқиғаны  өз  орта-
сына қарай бейімдегені аңғарылады.
Əдебиетімізде  «Бақтиярдың  қырық  бұтағы»  атты  топта-
ма  қисса-дастандар  белгілі.  Бұл  тұста  «Шеризат»  дастан-
дарының төрт нұсқасы салыстырыла қарастырылады.
Қисса-дастандардың  өзіне  тəн  жүйесі,  стилі,  тұрақты 
желілері, қалыпты сюжет арналары бар. Жазылу өрнегі, бей-
нелеу  тəсілдері  жағынан  ежелгі  жазба  əдебиет  дəстүрімен 
сабақтас  екендігі  көрінеді.  Дастан  ерекшеліктері XX ғасыр 
басындағы поэзияда сақталған.
Қисса-дастанның  романтикалық  əсерлілігі,  баурағышты-
ғы  мен  қарапайымдылығы  оны  халықтық  жанрға  айнал-
дырған.


323
322
Қисса  оқиғаларының  негізгі  фабулалық  желілері  ең 
көне  шығыстық  мифтерде  жатыр.  Ежелгі  ғашықтық 
сюжеттердің  бірі  «Жүсіп-Зылиха»  желісін  алсақ,  оның 
түп-төркіні  заманы мыздан  да  бұрынғы  Египетте  ауызша-
жазбаша  тараған  Иосиф  аңызынан  бастау  алып,  Иосиф 
пен  Асенеф  махаббатын  суреттейтін  шы ғарма  етіп  жаз-
ған  грек  апокрифінде  (діни  тақырыптағы  көркем  шығар-
ма),  арғы  жағында,  Тауратқа  кірген  Иосиф  пен  Потифар -
дың  жұбайының  оқиғасында  жатыр.  Қазақ  қиссаларында-
ғы мифтік желілер «Гиьгамеш пен Авеста», одан бұрынғы 
көне  мифтермен,  ежелгі  Вавилон-Ассирия  мəдениетімен 
ұштасып жатады.
Қисса  сюжеттеріндегі  тұрақты  желілер: «Патшаның 
тастан ды  баласы», «Сарай  салдырған  қыз», «Сұлу  кейіп-
кер», «Ғашық жігіттің қыз əкесіне жеті жыл қызмет етуі», 
«Ирамбақ», «Жазира арал», «Шын-Машын», «Кейіпкер жа-
нының шөпке (гүлге) ауысуы», «Сүлейменнің жүзігі», «Жұ-
мақ-Тозақ», «Нұрдан  жа ралу», «Итбас  елі»,  тағы  басқа-
лардың  түп-төркінін  ежелгі  миф терден  табамыз.  Аждаһа, 
самұрық,  дию,  пері,  т.б.  мифтік  бейнелер  туралы  əңгіме-
леудің  өзі  үлкен  бір  сала  тудырады.  Мифтегі  кейіпкердің 
нышандық  (символдық)  сыртқы  бейнесі,  оның  нобайлап 
отырған ішкі мазмұнына толық сəйкес келеді.
Адам  санасының  дамуында  мифтік  ойлау  сатысы  өл-
шеусіз рөл атқарады. Мифтен тұтас пəлсапа жүйесі қалып-
тасып,  күні  бүгінге  дейінгі  ой-сананың  іргетасы  болып 
келеді.  Ежелгі  əдебиетімізде  кездесетін  ең  көне  мифтер 
«Гильгамеш»  пен  «Авестада»  жазылып  қалған.  Қысқасын 
айтқанда,  миф  адамзаттың  балалық  санасынан  емес,  жо-
ғарғы  ойлау  мəдениетінен  туған.  Осы  жоғарғы  ойлау  мə-
дениетінің жүйесін біз əлі түсініп болған жоқпыз.
Осы  тұста  М.Əуезовтің: «...Дін  өлеңдерін,  қиссаларды 
алсақ,  көбінің  сарыны  шеттікі  болудан  басқа,  мазмұнда-
ры  да  түгелімен  мұсылман  ғаламынан  келген  көшпелі, 
қыдырма  əңгімелер.  Сондықтан  оларды  тексеріп,  ұғынып 
түсіну  үшін,  жалғыз  ғана  қазақ  топырағындағы  көлеңке-
сіне  қарап  тон  пішу  керек  емес,  əрқайсысын  тудырған 
жағдай  мен  себепті  əуелі  шыққан  ұясынан  бастап  ұғыну 
керек», – деген сөзі ой салуға тиіс (Əуезов М., 1991-10).
Қисса жанрының түрік əдебиетінде дүниеге келуі оның 
араб  халифатының  қол  астында  өмір  сүріп,  Ислам  мəде-
ниеті  феноменін  жасасқан,  соның  аясында  тыныс-тірші-
лік  еткен  замандарына  тура  келеді.  Ислам  мəдениетінің 
көрнекті  тұлғаларының  бірі,  Отырар  көне  мəдениет  оша-
ғында  туып-өскен  əл-Фараби  баба  көне  антикалық  мəде-
ниет  дəстүрі  мен  шығыстың  рухани  дүиесін  біріктіру  ар-
қылы еуропалық Оянушылыққа жол салды.
X-XIV  ғасырларда  түрік  Оянушылығы  да  көріне  бас-
тайды.  Оның  тууына  Қазақстан  қалаларының  жанданып-
дамуы, Ұлы Жібек жолы арқылы болып жатқан байланыс-
тардың  əсері  зор  еді.  Араб,  Парсы,  Қытай,  Монғол,  Үнді, 
Бұлғар бойы, Кіші Азия, Орта Азия; Еуропа елдерінің бір-
бірімен  араласуында  кіндік  Азия – Қазақстанның  айрық-
ша  рөлі  болды.  Осы  кезде  Ақсақ  Темір  державасының  да 
мəдени  жағынан  жоғарғы  деңгейге  көтерілгенін  Ахмет 
Йассауи,  Арыстан  баба  кесенелері  көрсетеді.  Сондай-ақ, 
Алтын  Ордадағы  Сарай,  Сарайшық  қа лалары  да  өзіндік 
өркениеттің белгілеріне жатады.
Əдебиеттегі  түрік  Оянушылығының  белгілері,  біздің-
ше, ең үлкен жаугершіліктен кейін көрініп отырды. Əсіре-
се,  түрік  тілінің  мəртебесін  көтеріп,  сол  тілде  шығарма 
жазу  аса  қажет  болды.  Өзінің  төл  тарихына  үңілді. X-XII 


325
324
ғасыр  əдебиетінде  Баласағұни  «Құтты  білігінде»  түрік 
мемлекетінің  төрт  құбыласы  тең  үлгісін  жасағанда, «Өтү-
кен бектері» құрған ұлы Түрік қағанатын елестете отырып 
жазса,  Махмұт  Қашғари  түріктердің  бай  мəдениетін,  тілін 
жан-жақты сипаттап, түрік рухын ірілендіре түсті.
Түрік Оянушылығының XIII-XIV ғасырлар əдебиетінде 
жандануына  қисса-дастан  жанры  туды.  Түрік  ақындары 
Əли («Қисса  Жүсіп»),  Хұсам  Кəтиб («Жұмжұма»),  Құтб 
(«Хұсрау  уа  Шырын»),  Рабғузилер («Қисас-ул  əнбиа») 
ежелгі сюжеттерді қайталай жаңғырта отырып, онда адам-
гершілік, түрік тік мəселелерді көтерді. Нəзира дəстүрі араб 
тілінде  əдеби  үрдіс  ретінде  тарап,  араб  халифаты  қара-
мағынан  шығып,  Саманид  патшалығы  құрыла  бастаған 
тұста парсы əдебиетінде жалғасқан болатын. Ақындар пар-
сы  мəдениетінің  культтеріне  деген  қызығушылықты  кү-
шейте  түсіп,  оны  жаңғыртып,  иран  тілінің  мұраты  үшін 
күрескен. Фирдоусидің «Шаһнамасы» иран елінің осы ұлы 
мұраттарын  жеріне  жеткізіп  бере  алды.  Ал  түрік – қазақ 
əдебиетінде  Алтын  Орда  мемлекетінің  кезінде  негізгі 
əдеби  үрдіске  айналды. XIII-XIV ғасырлардағы  түрік  қис-
са-дастандары XIX ғасырдың  екінші  жартысы  мен XX 
ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетінде жалғасын тапты.
Нəзира дəстүрі шығыс əдебиетіне қайдан келді? – деген 
сұрақ  төңірегінде  ізденер  болсақ,  əдебиеттегі  қызықты 
байла ныстарға жолығамыз.
Бұрыннан бар сюжетті қайталай жазып, белгілі мифтер 
мен  культтерді  жаңғырту  дəстүрі  ежелгі  Ассирия-Вави-
лон əде биетінде б.д.д. 2 мыңыншы жылдарда болған екен. 
Ассирия-Вавилон  нəзирасы  сумерлердің  əдеби  сюжетте-
рін  қайталап  берді.  Сумердің  «Гильгамеш»  жыры  Вави-
лон  мəдениеті  дəуірінде  жаңғырту  дəстүрімен  қайталап 
жазылып қалған. Сол арқылы кейінгі ұрпаққа жеткен.
Ежелгі  мифологияны  жаңғырту  дəстүрі  грек  мəдение-
тінде  де  болды.  Грек  кикдиктерінің  негізгі  тақырыбы  да 
ежелгі  мифология  еді.  Бір  ғана  «Илиада»  мен  «Одиссея-
ның»  б.д.д. IX-VIII ғ.  айналасында  қаншама  шығарма  жа-
зылған. Тіпті, Геродоттың «Тарихының» өзі жаңғырту дəс-
түрінен  алыс  емес.  Осы ған  қарап,  шығыс  нəзирасы,  грек 
кикликтері бір-бірімен та мырлас үрдіс деген ойға келеміз.
XIX-XX  ғасырдың  бас  кезінде  қазақ  тарихындағы  бо-
дандық бұлты қоюланған тұста, рухани тəуелділікке қарай 
бірыңғай  бет  бұрған  кездегі  ұлттық  Оянушылықтың  бір 
көрінісі  ретінде  нəзира  дəстүрі  қайтадан  жедел  дами  бас-
тайды.  Ұлт  Оянушылығының  жан-жақты  көрінісінің  бір 
жағында  Абай  бастаған  ұлттық  сананы  жаңаша  қозғаудың 
бағыты  тұрса,  екінші  жағында  қазақи  салт  пен  иманды-
лықтан айырылмаудың жолын ескілікті дəстүрлерден ізде-
ген  ақындар  тобы  жинақталды.  Ж.Шайхұсламұлы,  А.Са-
баұлы,  Қ.Шаһмарданұлы,  Ш.Жəңгірұлы,  Ə.Тəңірберген-
ұлы,  Ə.Найманбайұлы,  М.Көпейұлы,  М.Жұмашұлы,  Ақыт 
қожа, Кете Жүсіп, Ораз молда, Молда Мұса, Мəделі Қожа, 
Тұрмағамбет,  т.б.  көптеген  нəзирашы-қиссашы  ақындар 
шығармалары XIX-XX ғасыр  басындағы  əдебиетте  елеулі 
рухани  қызмет  атқарды.  Бір  ғана  Ақылбек  Сабаұлының 
жүзге  жуық  қисса  жазуы  осының  айғағы.  Қазан,  Тəшкент 
баспаларын,  қолжазба  қорларын  құнттап  зерттейтін  бол-
сақ,  қисса-дастандардың  ұзын  саны  мыңға  таяу  баруы 
мүмкін.  Өкініштісі  сол,  осыншалық  мол  мұра  кеңес  дəуі-
ріндегі  əдеби  зерттеулерде  өте  аз  қарастырылған.  Тіпті 
оның  əдеби  маңызы  мен  рөлі  жоққа  шығарылған  кездері 
де болған еді.


327
326
Қазақ  қисса-дастандары  көбіне  «Мың  бір  түн», «Тоты-
нама», діни желілер, «Шаһнама» желісіне жəне Орта Азия-
лық  сюжеттерге  жазылады.  Оның  негізін  табу  үшін  атал-
ған кітап тармен біраз салыстыру-лар жасауға тырыстық.
«Мың  бір  түннің»  желісіне  жазылған  қисса-дастандар: 
«Сейфүлмəлік», «Зияда – Шаһмұрат», «Қамұрұззаман», 
«Атым тай  Жомарт», «Қасым – Жомарт», «Мың  бір  түн», 
«Кесік  бас», «Сұрмерген», «Қисса  Дандан», «Қожа  Ғафан 
уа Садуақас», т.б.
Діни  сюжеттер  желісіне  жазылған  қиссалардың  негізі 
Құран, «Қисас-ул əнбие», «Мың бір түннен» алынған: «Да-
риға қыз», «Зарқұм», «Сал-сал», «Наушаруан», «Əбу Шах-
ма», «Кербаланың  шөлінде», «Жүсіп – Зылиха», «Берен-
создың  қис сасы», «Бозторғай», «Мəлике  қыз», «Бəрсиса», 
«Жұмжұма сұл тан», «Сақыпжамал», «Шəрияр», «Құсайын», 
т.б.
«Шаһнама»  желілеріне  жақын  келетін  қисса-дастан-
дарға: «Қисса  Баһрам», «Еренғайып  шаһ  Ғаббас», «Мұң-
лық – Зарлық», «Шəкір-Шəкірат»  жəне  Тұрмағамбеттің 
нəзиралық  дəс түрге  жазған  дастандарын  жатқызуға  бола-
ды.
Орта Азиялық сюжеттер деп біз бөліп алған қисса-дас-
тан дардың  əрідегі  төркіні  «Мың  бір  түнге», «Шаһнама-
ға», «Тотынамаға»  ұласқанымен,  оқиғаның  болған  жері, 
кейіпкерлері  Орта  Азия,  қазақ  өміріне  жақындата  алын-
ған.  Олар: «Таһир – Зухра», «Əбуғали  Сина-Əбілхарыс», 
«Бозжігіт», «Мұңлық – Зарлық»,  т.б.  Бұлар  қисса-дастан 
жанрын  дамыта  келе,  таза  қазақ  өмірінен  алынған  дас-
тандарға ұласады.
«Таһир – Зухраның» өзбек, түрікмен, қазақ нұсқаларын 
салыстыру  арқылы  əр  ақын  негізгі  сюжетті  өзінің  əдеби 
ортасына қарай бейімдегенін көруге болады.
Сонымен  бірге,  Қытайда  да  қазақ  қиссаларының  мол 
қоры бар екен. Əл-Фараби университетінің «Қазақ əдебие-
тінің  тарихы  мен  сыны»  кафедрасының  меңгерушісі,  про-
фессор  Тұрсынбек  Кəкішев  алып  келген  кітап,  журнал-
дардағы  қиссаларды  қарағанда,  Қазақстандағы  əдеби  ең-
бектерде  көзге  түспе ген: «Самұрық», «Үш  бала», «Бақ-
тиярдың  қырық  бұтағынан» – «Ақбазархан», «Тəжік  қис-
сасы», «Ғалым  қыз  Буадат», «Мұрат  Салих  пен  Мағри-
па»,  сондай-ақ  «Қырық  уəзір», «Қамұрұз заманның»  жаңа 
бір  нұсқасы, «Əділ – Зайыт»,  т.б.  көптеген  қиссалардың 
бар екені анықталды.
Қазақ  қисса-дастандарының  бір  тобы – «Бақтиярдың 
қырық  бұтағы»  айналасына  топтастырылған  (Бақтиярдың 
ажал  тұзағынан  құтылу  үшін  қырық  күн  айтқан  əңгіме-
сі).  Нақты  қай-қай  қиссалар  екені  түбегейлі  анықталған 
жоқ.  Əзірге  шамалайтынымыз: «Бақтиярдың  зары», «Қы-
рық  уəзір», «Шəкір – Шəкірат», «Шеризат», «Дастарқан», 
«Жамсап», «Ағаш  ат», «Жаһанша», «Əмір  зада», «Алтын 
балық», «Хасен – Мəлике», «Атымтай  Жомарт», «Шаһ-
маран», «Шəмсия»,  т.б.  Əдебиет  тарихында  бұл  топтама 
жайлы алғаш сөз еткен Н.Мынжани болатын (1994).
Біз  білетін  «Шеризат»  желісінің  өзі  бірнешеу:  Əсет, 
М.Жүсіп,  Б.Бектұрғанов  жəне  Бейжин  нұсқалары.  Осы-
ларды  салыстыра  келе,  əр  ақынның  өзіндік  көзқарасын, 
қолтаңбасын аңғардық.
Жоғарыда  аталып  өткен: «Мың  бір  түн», «Тотынама», 
«Шаһнама»  Орта  Азиялық  желілер  бойынша  жəне  «Бақ-
тиярдың  қырық  бұтағына»  жататын  қисса-дастандардың 


329
328
біразы  жүйесі  мен  желісіне  қарай  талданып,  салыстыры-
лып берілді. 
Қисса-дастандар  суреттеу  тəсілдері,  көркемдік  құрал-
дары  жəне  құрылымы  жағынан  ерекшеленеді.  Тұрақты 
желілері мен қалыптары бар. 
Қазақ  қисса-дастандары XIX-XX ғасыр  басында  қа-
лыптаса  келіп,  поэма,  повесть,  роман  жанрының  тууына 
негіз болғанын көреміз. Абай поэмалары: «Ескендір», «Мас-
ғұт», «Əзім  əңгімесі»,  Мағауия  Абайұлының  «Медғат – 
Қасымында»  қиссаның  кейбір  ерекшеліктері  сақталған. 
Тіпті,  С.Торайғыровтың  «Қамар  сұлуы»  да  ежелгі  қисса-
лық  дəстүрден  əлі  ажырамаған  шығарма.  Олжабай  ақын-
ның  «Зəйнəгүл», «Ғабдолласы»,  М.Жүсіптің  «Алтынбас-
Күмісаяқ  ғашық  болғаны»,  біздің  ойымызша,  қисса-дас-
тан  дəстүрі  бойынша  жазылып,  бірақ  қиссалық  тұрақты 
ерекшеліктерден ажырай бастаған аралық дастандар. 
Қиссаны  «жазба  əдебиетке  жата  ма,  əлде  ауызша  əде-
биеттің дүниесі ме?» – деген сұрау төңірегіндегі мəселеде 
бір  ізділік  жоқ  (Ы.Дүйсенбаев  лиро-эпостың  бір  саласы 
ретінде,  яғни  фольклорлық  мұра  ретінде  қарастырады). 
Ауызша  əдебиетке  жатқызу  жағы  басымдау.  Бұл  жерде 
қисса-дастан ның түп-төркіні көп жағдайда жазба əдебиет-
тен  келгені  жəне  оның  қазақша  нұсқаларын  шығарушы-
лардың  жазба  ақындар  екенін,  олар  жинаушы  ғана  емес, 
сол  сюжетті  жазып  шығарушылар  екенін  ескермеуге  бол-
майды. Белгілі ғалым Х.Короглы: «Лəйлі – Мəжнүн», «Гүл 
–  Санаубар», «Баһрам – Гү лəндам»  тағы  басқалар  дені 
сауатсыз  ортаға  классикалық  өзге  əдебиеттен  бірден  ке-
ліп  сіңді  дегенді  елестету  қиын.  Оны  басқа  ортадан 
айтушылардың  біреуі  алып  келіп,  əрі  қарай  ауызша  əде-
биетке  айналу  үрдісі  басталған.  Қиссахандар  (қиссашы-
лар)  жазба  əдебиетті  пай даланды.  Оны  парсы,  кейді  араб, 
үнді тілдерінен аударды», – дейді (Короглы Х.Г. 1976-31).
Жалпы  алғанда,  жазба  əдебиеттен – фольклорға,  одан 
кері сінше ауысу жағдайлары, бір-біріне кірігіп кеткені сон-
дай,  дəл  қазіргі  таңда  ажыратып  ала  қоюы  қиын  шаруа. 
Онда екеуі де бар. Сондықтан ойымызда А. Квятковскийдің 
сөзімен  түйін дейміз: «Қисса – əңгімелеу,  аңыз  түрінде  ке-
летін  шым-шытырық  оқиғаға  құрылған  ғашықтық,  тарихи 
қаһармандық  сипаттағы  əдебиеттің  жəне  фольклордың 
жанры.  Бұл  жанр  Таяу  жəне  Орта  Шығыста,  Орта  Азияда 
кең жайылған» (Квятковский А., 1966).
Яғни,  қисса-дастандар  жазба  жəне  ауызша  əдебиетке 
ортақ жанр, біз оны жазба əдебиет үрдісінде қарастырдық. 
Қиссаның  жазба  əдебиет  стиліндегі  машығы  орта  ғасыр 
ескерт кіштерімен салыстыру арқылы жақсы аңғарылады.


331
330


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет