Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет287/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   446
228 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
(құтына) інім К‰лтегін ер атанды» (КТ‰, 31) 
[6, 177 б.] 
Қазақ тіліндегі Құтты қонақ келсе қой егіз 
табады тәрізді мақалдардан, құтты жеріне 
қондырды, құт қонды, құт дарыды, құты 
кетті, құты қашты, құтты мекен, құтты 
болды, құты шайқалды т.б. тұрақты тіркестер-
ден қазақтар д‰ниетанымында Құт киесінің 
терең орныққанын көреміз. «Құтты болсын 
айту» салты да қазақ д‰ниетанымы көнет‰р-
кілердің мифологиялық д‰ниетанымының 
белгілерін молынан сақтап, оны әрі қарай 
жетілдіріп рухани-мәдени құндылыққа айнал-
дырғанының көрнісі. 
Көне т‰ркілердің Тәңірлік д‰ниетанымы 
аясына кіретін Ұмай, Құт ұғымдары халық-
тың сан ғасырлық тәжірибесі мен таным-т‰-
сінігі арқылы қалыптасып, қазіргі т‰ркілерге 
дейін жеткен лингвомифологиялық бірліктер. 
Т‰ркі халықтары д‰ниетанымының архисана-
лық кезеңінен бастау алатын Ұмай, Құт 
киелері жалпыт‰ркілік сана арқылы ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан, белгілі бір 
дәрежеде халықты адамгершілікке, тазалыққа, 
әдептілікке тәрбиелеу құралына айналған 
архаикалық құндылықтар ж‰йесіне жатады. 
Тілдік деректер көне т‰ркілердің Ұмай мен 
Құтты ешқашан да Тәңірмен теңестірмегенін 
көрсетеді. 
‡ІІ-ІХ ғасырларда жазылған ескерткіштер 
тілі көне т‰ркілердің діни-мифологиялық д‰-
ниетанымын көрсететін Тәңірлік идеясы негізгі 
төрт бағытты қамтығанын аңғартады. Бірінші 
– Жалғыз жаратқан Ие – Тәңірге тағзым ету; 
екінші - мәңгі өзгермейтін әлем, Тәңір мекені 
– Көкті киелі санау; ‰шінші – тіршіліктің өсіп-
өркендеуін қамтамасыз етіп отырған, адам 
мекені – Жер-суды киелі санау; төртінші ата-
баба рухын қаділеу, аруаққа сыйыну. 
_______________ 
1. Орынбеков М. Ежелгі қазақтардың д‰ниетанымы.-
Алматы: Ғылым, 1996. -168 б.
2. Кондыбай С. Казахская мифология. –Алматы: 
Нұрлы әлем, 2005.-272 с. 
3. Длужневская Г.В. Еще раз о «Кудыргинском валуне» 
(к вопросу об иконографии Умай у древних тюрков) // 
Тюркологический сборник, 1974. –Москва, 1978. –С. 231. 
4. Потапов Л. П. Умай – божество древних тюрков // 
Тюркологический сборник, 1972. –Москва: Наука, 1973. –
С. 285.
5. Кляшторный С.Г. Мифологические сюжеты в древ-
нетюркских памятниках // Тюркологический сборник. –
Москва: Наука, 1981. С. 131-132. 
6. Айдаров Ғ. К‰лтегін ескерткіші. –Алматы: Ана тілі, 
1995. -232 б. 
7. Айдаров Ғ. Тоникуқ ескерткішінің (‡ІІІ ғасыр) тілі.-
Алматы: Қазақстан, 2000. -120 б. 
8. Ескеева М.Қ. Көне т‰ркі және қазіргі қыпшақ тілде-
рінің моносиллабтық негізі. -Алматы: Арыс, 2007. -360 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет