Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет51/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 43 
баяндауыш болып бар, жоқ сөздері қаты-
сады: алғым бар, айтатыным бар [4:193]. 
Жай сөйлемнің өзі – хабарлаудың дербес 
синтаксистік шақтар мен райларды білдіретін 
арнайы грамматикалық тәсілдердің ж‰йесін 
қамтып иеленген ең кіші құрылымдық ‰лгі 
[6:543] десек болады. Тіпті, құрмалас сөй-
лемдердің өзі бірнеше құрылымдық ‰лгісі бар 
предикативті единицалардан жасалуы м‰мкін. 
Қазіргі орыс әдеби тілінің граммматикасында 
бұл жөнінде «құрмалас сөйлем дегеніміз бел-
гілі бір құрылымдық ‰лгі бойынша құрасты-
рылған және хабарлардың біртұтас единицасы 
ретінде қызмет атқару ‰шін жасалған преди-
кативті единицалардың тіркесі» [3:653]. Осы-
ған орай ғылымда екі немесе бірнеше преди-
кативті единицалардың синтаксистік единица-
лардың синтаксистік тіркесіне негізделген 
құрмалас сөйлем полипредикативті (көп пре-
дикативті) құрылым ретінде қаралады да, ол 
(құрмалас сөйлем) осы тұрғыдан монопреди-
кативті (дара предикативті) құрылым ретінде
қаралатын жай сөйлемдерге қарама-қарсы 
қойылады. Құрмалас сөйлем жай сөйлемнен 
бір емес, бірнеше синтаксистік модальды-
шақтық мағынаға ие болуы жағынан ажыра-
тылады. Предикативтілік жай сөйлемнің грам-
матикалық мағынасы болып саналса, ол б‰-
тіндей құрмалас сөйлемнің емес, оны құрас-
тырушы компоненттердің сапасы болып сана-
лады [2:203]. Бұған қосарымыз қандай да бол-
масын б‰тін тілдік құрылымды құрастырушы 
компоненттер, бір жағынан б‰тіннің бір бөл-
шегі ретінде қандай да бір дербестігін сақтап 
тұрса, екінші жағынан, олар өзара қарым-қа-
тынасқа т‰су нәтижесінде өзі құрамына еніп 
тұрған тілдік құрылымның бірлікте, тұтас-
тықта болуын қамтамасыз етеді. Құрмалас 
сөйлемдердің өзі жөнінде тікелей айтсақ – 
синтез бен анализдің жемісі. Әсіресе, құрма-
лас сөйлемге қатысты оның компоненттері 
турасында ғалымдар әр т‰рлі талдау арқылы 
т‰сіндіреді. Ғалымдардың бір тобы оны құр-
малас сөйлем құрамындағы жай сөйлем 
(Н.Сауранбаев, Г.Абдрахманов, А.Нажимов 
т.б.) десе, екіншілері предикативтік бірлік-
терді біріктіретін құрылым (Г.Ф.Калашни-
кова, Г.Садырова т.б.), ‰шіншілері формант-
тық к‰рделі бөліктің құрылыс материалы 
(Г.П.Уханов, М.В.Симулик, О.Төлегенов) деп 
т‰сіндіреді. Біздің ойымызша да, талас ту-
дырмайтын айқын мәселе құрмаластағы ком-
поненттердің к‰рделі бөліктің құрылыс мате-
риалы екендігі, ал оның құрылыс материалы, 
сөз жоқ жай сөйлемдер. Жай сөйлемнен кіші 
тілдік құрылыстың ешқайсысы да құрмалас 
сөйлемге дербес компонент бола алмайды. 
Алайда, құрмалас сыңарларын жеке-жеке сөй-
лемдер ретінде емес, оны синтаксистік мағы-
насы, коммуникативтік мақсаты – бәрі-бәрі 
оны құрайтын элементтерге тікелей қатыс- 
ты. Коммуникативтік талаптардың синтаксис 
ж‰йесін билейтін басты фактор екендігін 
профессор Р.Әміров көрсеткен болатын [8:11].
Жалпы, «предикат» терминінің бастапқы 
негізгі мағынасы баяндауыш екендігімен қоса 
«сөйлемнің негізгі м‰шесі» деп, «баяндауыш-
сыз сөйлем болмайды» деп (атаулы сөйлем-
дерден басқа) қарасақ, баяндауыш предика-
тивтіліктің негізі екендігін кез келген ғалым 
мойындайды. Дегенмен, баяндауыш логика-
лық бастауыш болса да жақ, сан бойынша 
қиысатын, жіктік тұлғаларда тұлғаланып бас-
тауыштық болмыстың белгісіне ыңғайлана-
тын сөйлем м‰шесі екендігі даусыз, яғни 
бастауыш басқа сөйлем м‰шелеріне қарағанда 
ойдың иесі ретінде қолданылатындығы айқын. 
Бұл жағынан бастауыш басқа сөйлем м‰ше-
лерінен айқын ерекшелейді. Бірақ, сонымен 
қоса бастауыш жеке қолданылып өмір с‰ре 
алмаса керек, ол қалайда басқа сөйлем м‰-
шелерімен, оның ішінде баяндауышпен син-
таксистік байланыста айтылғанда ғана мағы-
налары айқындала т‰седі. Сонда бастауыш 
болатын сөздер қаншалықты ойдың иесі 
болуы негізгі шарт екендігі жеке тұрғанда іске 
аспаса керек. Олай болса бастауыш сөйлемде 
басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға 
келе бермесе керек.[3:66]. Сонымен бірге, 
предикативтік іс-әрекетті, сапаны білдіретін 
сөйлем м‰шесін баяндауыш дейміз. Сөйлем 
құрауға негіз болатын бас м‰шелер, әсіресе 
баяндауыш, ойды құрастыруға арқау болады. 
Бас м‰шелер болмаса басқа м‰шелердің 
болуы да м‰мкін емес. Өйткені анықтауыш, 
толықтауыш, пысықтауыштар, алдымен сол 
екі бас м‰шенің маңына топтанады, қала берді 
бірін-бірі анықтап, толықтырып, сөйлемнің 
құрамына ене алады. Осыларды ескере кел-
генде, предикативтілік – барлық сөйлем фор-
маларына тән, сөйлемді қарым-қатынас бір-
лігіне жатпайтын сөз, сөз тіркесінен ажырата-
тын бірден-бір қасиет, белгі. Предикативтілік 
туралы тұжырымның екі қағидасы бар: 
біріншісі – предикативтілік – сөйлемді сөйлем 
ететін ең басты синтаксистік категория. Пре-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет