Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет19/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   349
Расулаллаһтың 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)



 шеккен 

қиыншылықтарына Фатиманың (р.а.) 

қабырғасының қайысуы

Әбу  Сағлаба  әл-Хушәни  (р.а.)  былай  дейді: 

«Расулаллаһ 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 кезекті бір жорығынан 

оралған еді. Келген бетте мешітке кіріп, екі рәкат на-

маз  оқыды.  Ол  сапардан  оралғанда,  әдеті  бойынша 

ешқайда бұрылмастан, бірден мешітке соғып, екі рәкат 

намаз  оқыған  соң,  қызы  Фатимаға  барып,  жағдайын 

сұрайтын. Содан кейін барып әйелдеріне назар аудара-

тын. Бұл жолы да сол әдетінен жаңылған жоқ, мешіт-

ке кіріп, намазын оқып шыққан соң, қызы Фатиманың 

үйіне  тартты.  Қызы  оны  есіктің  аузында  күтіп  алды. 

Фатима әкесінің бетінен сүйгеннен кейін, еріксіз жы-

64

  Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 11/197 (11480)




37

Аллаһ пен расулына шақыру

лап жібереді. Аллаһтың расулы қызынан мұның мәнісін 

сұрағанда,  Фатима:  «Уа,  Расулаллаһ!  Реңің  солып, 

киімдерің ескіріп кетіпті», – дейді өксігін баса алмай.  

Ардақты  елші  (с.а.с.)  «Қызым,  жылама.  Аллаһ 

әкеңді ұлық міндетпен жіберді, бұл дін жер бетіне тұтас 

тарайды.  Ислам  арқылы  иман  келтіргендер  қадірлі 

адамдардың  қатарына  кіреді,  ал  қарсы  шыққандар 

масқара болады», – дейді

65



Сахабалардың бірі Тәмим әд-Дари: «Сенгендердің 

қадірлі,  ал  сенбегендердің  масқарасы  шығатынын 

мен өзімнің туыстарымнан байқадым. Олардың ішін-

де  Ислам  дінін  қабылдағандарының  мерейі  шалқып, 

жақсылыққа  кенелді,  зор  құрметке  қол  жеткізді.  Ал 

қасарысып  күпірліктен  қайтпағандардың  масқарасы 

шығып,  жизия  салығын  төлеуге  мәжбүр  болды»

66

,  – 



деген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет